Жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында отбасы слеті өтеді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақыт жанында» жобасының бастау алатындығын жариялап, Алматы облысы Мемлекеттік қызметкерлерінің отбасы слетін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Елбасы «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәселенің біздің қоғам үшін маңызын көрсетіп берді. 1993 жылдың 20 қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні мерекесін бекітті. Осылайша, Отбасы күні Қазақстанда атаулы күн ретінде тойланып келеді. «О...
Толығырақ... Оқылды: 340 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.05.2019

Шынайы тәубеге келудің 6 амалы

«Үнемі күнә жасап жүретін пендесін Алла Тағала кешіре ме?» Сіздер қалай ойлайсыздар? Бұл дүниедегі ешбір жан күнә жасамадым не болмаса күнә жасамаймын деп сенімді түрде айта алмайды. Тіпті тақуа жандардың өздері де өмірінде бір рет болсын шалыс басып қателесуі, күнә жасап қоюы, біреуді ренжітуі немесе әділетіздік жасауы әбден мүмкін. Ешкім де күнә жасаудан сақтандырылмаған. Біреу жасаған ісіне өкінер болса, енді біреу рұқсат етілген шектен шығып кеткені жөнінде тіпті де ойланбайтын болады. Біреу Алладан кешірім сұрап, тәубесіне келер болса, енді біреу бұл күнәдан енді арыла алмаспын деп Алланың мейірімінен үмітін үзіп алады. Тәубеге келу, Жаратушының мейірімінен үміт күту – адам баласын Алла Тағалаға бір қадам болсын жақындатады әрі хақ жолға түсіп, күнәдан арылуға мүмкіндік береді. Төменде сіздермен шынайы тәубеге келудің 6 амалын қарастырып өтеміз, өйткені тек шынайы тәубеге келу мен өз қателіктерін түсіну ғана толықтай рухани тазалануға септігін тигізеді:...
Толығырақ... Оқылды: 420 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.05.2019

Амал дәптерін жазатын періштелер үнемі адамның қасында бола ма?

Алла Тағала адам баласына төрт періште бекітіп қойған. Олардың екеуі адамның оң және сол жақтарында отырса, қалған екеуі оның алдында және артында қорып жүреді. Амал дәптерін жазатын періштелер Алланың әміріне сәйкес үнемі адаммен бірге жүріп, оның істеген әрбір амалын, айтқан сөздерін жазып отырады. Алла Тағала былай деген: «Негізінен сендерді әлбетте бақылаушылар бар. Ардақты жазушылар.Олар не істегендеріңді біледі»(Инфитар: 10-12). Оң иықтағы періште адамның барлық жақсы амалдарын жазуға, ал сол иықтағы періште жаман амалдарды жазып отыруға міндеттелген. Алла Тағала – Білуші, сондықтан да бұл періштелер біздің амалдарымызды Аллаға көрсету үшін емес, ақыретте өзімізге айғақ ретінде көрсету үшін жазады. Ал енді жазушы періштелердің үнемі адамның қасында болып, болмауы мәселесіне келсек, ғалымдар екі түрлі пікірді ұстанады. Біріншісі, періштелер адамның жанынан бір елі де ажырамайды деп санайды. Екіншісі, адам бой дәрет алған уақытта, жыныстық қатынасқа түске...
Толығырақ... Оқылды: 557 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.05.2019

СТРЕСШІЛ БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Стресс туралы ілімнің негізін салушы канадалық физиолог Ганс Сельенің айтуынша, ол барлық адам бойынан көрініс табатын табиғи ахуал. Стресс - депрессияның алдында болатын қиындықтың алғашқы соққысына дененің реакция танытуы. Ол белең алған кезде адам әлсіреп, жүйкесі жұқарады және ол өрши келе депрессия деп аталатын қатерлі деңгейге көтеріледі. Ондай сәтте өмірден түңілген пенде өзіне қол жұмсауға дейін баруы ықтимал. Бұған еш себепсіз жас өмірін қыршыннан қиып жатқан бүгінгі жасөспірімдердің өлімі дәлел. Тіпті үлкен кісілерді сеңдей соқтыратын бұл стресстен бүгінде сәбилеріміз де жапа шегеді. Өз мінезі мен сезімін басқара алмайтын 1 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіннің тез ашулануы, өз дегенін орындату үшін орынсыз жылауы, қалағанын тез бермесең шыдамсыздық танытуы, кейде тілі келмесе де өзіңе сөз қайтаруға тырысуы соның кіші белгілерінен. Оған әсер етуші факторлармен дер кезінде жұмыс жасамаса бала мінезіне кері әсер етіп, шыдамсыздық, күйгелектік, қорқақтық, тілазарлық сынды т.б тері...
Толығырақ... Оқылды: 459 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.05.2019

Жыл соңына дейін Қазақстанның үш қаласында 5G пайда болады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанда "бесінші буын" байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді. Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды ҚР Үкіметінің басшысы берілетін деректердің ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компонентерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру т.б. тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады. ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді. Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық...
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.05.2019

САҒЫЗДЫҢ АДАМДЫ СЕМІРТЕТІНІН БІЛДІҢІЗ БЕ?

Сағызды шектен тыс көп шайнау денсаулыққа зиян екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Шайнауға арналған резеңкені әлемде ұзақ уақыт бойы дәрі-дәрмек санатына жатқызып келді. Сағыздың тек тіске ғана емес, ас қорыту жүйесіне де пайдалы екенін дәрігерлер да растады. Сағызды шайнаған сайын асқазаннан сөл бөлініп, тамақ тез қорытылады. Бірақ, шайнауға арналған резеңке құрамына қатысты ғалымдар арасында дау туындады. Біреуі сағызды, бұрынғысынша, пайдалы десе, басқа біреуі сағыз адамның семіруіне себепкер болады деп есептейді. Эдинбургтегі Нейпира университетінің ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижесінде сағыз адамды семіртетіні расталды. Адам организміндегі артық салмақтың жиналуына сағыз құрамындағы қант алмастырушы (заменитель сахара) – аспартам себепкер екен. Бір жылда аспартамнан 215 әйел, 56 еркек зардап шеккен. Олар сағызды күніне бірнеше рет шайнағанда, айына 200 данадан аса сағызды «аттандырып» отырған. Жарты жыл өтпей-ақ адамдар тола бастаған. Ал 48 адам асқаза...
Толығырақ... Оқылды: 464 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019

БЕЛІҢІЗ НЕГЕ АУЫРАДЫ?

Беліңіз ауырып, мазаңызды ала берсе, қорықпаңыз, бес адамның төртеуі белінің ауырғанына шағымданады. Демек, сіздегі жағдай аса қауіпті емес. Бел ауруы туындайтын себептерді іздеп көрелік. Монитор алдында көп уақытыңыз өтеді Адам тәуліктегі уақытың, орта есеппен, 9 сағатын компьютер алдында бүкірейіп, еңкейіп өткізеді екен. Заманауи гаджеттар көбейіп, адамдармен хабар алмасу тым жеңілдеген сайын арқадағы, иық пен мойындағы аурулар да қаптап барады. Жұмыс арасында үзіліс жасап, мойын бұлшықеттеріне жаттығу жасап тұру өте маңызды. Ең қарапайым жаттығу – басты күніне 5 реттен артқа-алға, екі жанға бұрып отыру. Сонымен қатар, ұзақ уақыт отыру адамның омыртқасына тұрғандағыдан да, жүргендегіден де көп зиян келтіреді. Жұмыс орныңызда монитор көздің деңгейінде орналасуын, шынтақ пен тізе 90 градуста бүгіліп тұрғанын, табанның еденде нық жатуын қадағалаңыз. Етбетіңізбен ұйықтайсыз Етбетінен ұйықтау буын мен бұлшықетке күш түсірсе, шалқайып не бір жанымен жатып ұйықтау омыртқағ...
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019

ЖІГІТТІҢ ҮЙЛЕНГЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?

Сымбатты жігітпен танысып, ол сізге ұнап қалды ма? Қолында неке жүзігі жоқ екен деп, оны бойдақтар қатарына қосуға асықпаңыз. Көп еркектер неке сақинасын таққанды ұнатпайды. Бірден үйленген-үйленбегенін сұрай кету де ыңғайсыз. Алданғыңыз келмейді. Сондықтан мына белгілерге назар аудара жүріңіз. Жігіттің бойдақ екеніне күмән келтіріп жатсаңыз, оның қылықтарына, өзін ұстауына назар аударыңыз. Бет-әлпетінің, қолының қимылдары да өтірік айтып жатқанынан белгі беруі мүмкін. Төмендегі белгілер жігіттің бойынан табылып жатса, үйленгенін сізден жасырып тұр: Жасырын белгілер Бір орында отыра алмай, үстінің шаңын қақыштап, беті мен шашын түрткілеп, қолындағысымен ойнап, қолын ысқылай беріп, ернін тістеп не қайта-қайта темекі шеге берсе, ішінде жасырғаны бар. Телефонына келген қоңырауларға жауап бермей, ұялы телефонын сөндіріп тастап, сіздің сұрақтарыңызға жалтақтап жауап берсе, әйелі қоңырау шалып қалмасын деп сақтануда. Егер ол абдыраған түрмен әр бес минут сайын «жұмыс...
Толығырақ... Оқылды: 540 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.05.2019

Білім министрлігі диплом беруді электронды форматқа көшірмекші

Білім және ғылым министрлігі білім жүйесін толығымен электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр. "Диплом беру, диплом алу – барлығы электронды форматқа көшіріледі. Сонда ғана жемқорлыққа жол берілмейді. Егер электронды форматта болса, бақылау болады", - деді министр журналистерге. Сондай-ақ, ол жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа курс енгізіліп жатқанын атап өтті. "Біз бұл жұмысты бастап кеттік. Биыл сауалнама жүргізген кезде, балалардың 70%-тен астамы жемқорлықпен бетпе-бет келмегенін айтты. Бірақ қалған процент бізді әлі де алаңдатады, сондықтан бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз", - деп сендірді Шәмшидинова. Бұған қоса, министр емтихан жұмыстарын анонимді тексеру жүйесін енгізу, барлық жұмысты антиплагиатқа тексеру жемқорлыққа тосқауыл болатынын айтты.
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2019

"Бәсіре атау" бүгінде қалай аталады?

Қазақта сәби дүниеге келген күннен бастап оның әрбір қадамы назардан тыс қалмай, түрлі салт-дәстүрмен және ырымдармен аталып отыратын.Сондай салттың бірі - бәсіре атау. Тарихқа үңілсек, қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атап бергенбәсіремен байланысты болады деп саналған. "Ұл бала дүниеге келгенде дәл сол мезетте төлдеген құлынды бәсіре деп атайды. Бәсіре ат 4-5 жастағы балаға беріледі. Ол барынша жүйрік, мықты болуы қажет. Көбіне бәсірені баланың өз ата-анасы, нағашылары сыйлайды. Ал бала өз кезегінде оны күтіп, бағып, үй шаруасына бейімделеді. Осыдан бала еңбекқор және ер мінезді болып өседі деген түсінік болған Тарихи мәліметтерге қарағанда, бәсіре атаудың мақсаты - баланы жастайынан еңбекке баулу. Еншісіне тиген тайды баптап-өсіру бала үшін де қызықты болған. Сыйға тартқан бәсіресі өсіп келе жатқанбаланы болашаққа, жақсы күндерге апаратын көлігі, қанаты болсын деп ырымдаған. Алайда бүгінде көбіне төркіндеп барған қыздың сәбиіне нағашы жұрт...
Толығырақ... Оқылды: 474 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 21.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.