Жаңалықтар

Қызылтоған ауылында су жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды

Жуырда Алғабас ауылдық округінің Қызылтоған ауылында 25 орындық шағын орталығымен 120 орындық орта мектеп құрылысы басталды. Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 717 000 млн. 654 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстарын «СП NEFT» ЖШС-гі жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына бірінші кезекте ауылдағы жұмыссыз азаматтар жұмысқа тартылуда. Жалпы, Алғабас ауылдық округінде елді қуанышқа кенелткен істер мұнымен біткен жоқ. Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты да айшықты шаралар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, аудандық бюджеттен 20 млн. 347 мың теңге бөлініп Алғабас ауылының 390 м болатын Көмекбай көшесіне, Қызылтоған ауылының 760 м болатын Нұрахмет көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасылып, асфальт төселді. Сондай-ақ, Алғабас ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында ауылдың кәсіпкер азаматтарының қаржысынан жастар саябағы салынуда. Ауыл әкімі Дәурен МОЛДАҒАЛИДІҢ айтуынша: «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында таяу уақытта құны 18 млн б...
Толығырақ... Оқылды: 725 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.05.2019

Қалжа туралы не білеміз?

Қалжа – келінге арнап байланған қой. Баланы дүниеге әкелген ана өмірінде оның мәні зор. Қазақта босанған әйелге арнайы сойылған қойдың еті біткенше келінді жеке қалжалаған. «Жас босанған әйелдің тісі әлсіз болады, түсіп қалуы мүмкін» деп суық ас жегізбеген екен. Шаңыраққа шырылдап нәресте келген кезде сол үйдің тума-туыстары, таныстары жиналып, кішігірім той өткізген. Жас босанған ана мен бала үшін қой сойылады. Босанған анаға осы жас еттің сорпасын ішкізіп, етін жегізіп, жоғалтқан күш қуатын қайта жинайды. Енелер келініне қойдың етін ұсақтап турап, жас сорпамен терлеткен. Жақсы қалжалаған келіннің сүйектері қақсамай, тістері түспей, буындары жақсы, алты күннің ішінде үй тіршілігіне араласып кеткен. Қалжаға сойылғанқойдың алты буыннан тұратын мойын омыртқасын бірінші күні келіннің өзіне тісін тигізбей, қолымен мүжіткен. Еттен тазарған жұлынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мойны қатқанша керегенің басына ілген. Бұл баланың мойны тез қатайсын деген ырым. Қазір...
Толығырақ... Оқылды: 449 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 13.05.2019

"Бас тарту" дәстүріміз жайлы

Басты қасқалау.Яғни, жолын ашу. Жоғарыдан төмен түзу бір сызық түсіре, тиісінше, көлденең тағы бір тіледі. Онысы тігінен түскен біздің жол, көлденең түскен сіздің жол дегенді ырымдағаны. Бас салынған табақты әкелгенде қазақ оның тұмсық тұсын төрге, шүйдесін есікке қаратып әкелген. Оның бірнеше түрлі дәстүрлік мәні бар. Біріншіден, ол несібенің адамға оң келуі, адал асы дегенді білдірсе, екіншіден, мұнда діни наным-сенім де жоқ емес. Айталық, дана қазақ мал басын құбылаға қаратып союға ниет ететіндіктен, оның тұмсық тұсы Меккенің топырағын иіскеген деп қастерленеді. Бұл туралы атақты Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» атты этнографиялық кітабында мынадай үзінді келтіреді: "Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастарқан басына отырдық. Байқаймын, атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде: — Дастарқаның толымды, астарың дәмді болды. Әсіресе "ұмытылған тамақ қой мыналар" деп әсіп пен сүт құйған...
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 13.05.2019

Баланы дұрыс мақтай білу

Бала өзінің әрбір жақсы әрекетіне мақтау күтеді. Бұл – заңды. Біз реті келсе мақтаймыз, реті келмесе мән бермей жатамыз. Мақтаған дұрыс. Бірақ оның да өз реті мен тәртібі бар екен. Психологтар баланы мақтаудың өз ережесін анықтады. Олар: • нақты бір істі ғана мақтау керек, сонымен қатар жетістіктерін назарсыз қалдыруға болмайды; • мақтау шартсыз болуы тиіс, яғни мақтап келе жатып «бірақ» деп өзіңіздің шартыңызды айтушы болмаңыз; • мақтаған кезде (ұрысқан кезде) баланың жеке іс-әрекетіне қатысты ғана сөз қозғау керек. ​Ересек болсын, бала болсын, кез келген адам өзінің жақсы іс-әрекетінің мойындалғанын қалайды. Мақтау сөздер адамға күш-қуат беріп, жаңа істерге жетелеуге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балаға баға қоймайды, жалақы төлемейді. Сондықтан ол үшін ата-анасының мақтауы – оның жақсы әрекетінің негізгі «бағасы». Баласына жақсылық тілейтін әрбір ата-ана баласын қолдап-қолпаштап отыруы керек. Баласының өзіне се...
Толығырақ... Оқылды: 428 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.05.2019

Ақшаны қалай жұмсау керек?

Қаржы − қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі һәм бірегейі. Мына заманда ақшасыз, бір қадам аттап та баса алмайсың. Ақшаны табу көп адамның қолынан келеді. Дегенмен, орныменжұмсап, тиыннан тау соғатын жандар некен-саяқ. Олай болса, бүгінгі жазбамыз "ақшаны қалай, қайда жұмсау керек?" деген сұрақтарға жауап береді. 1. Жұмсағаныңыз тапқаныңыздан аз болсын. Қаржының қорын жинағыңыз келсе, тапқан табысыңыздан жұмсаған шығыныңыз аз болсын. Бұл қағиданы ұстансаңыз, алдағы уақытта кедергілерге тап болмайсыз. 2. Қаржы мәселесін күрделендірмеңіз! Несиеңіз артқан сайын, шығыныңыздың да көп болатынын естен шығармаңыз. Жиналған қорыңызды сақтау да қиын. Ол үшін қаржы саласында ешқандай қателікке ұрынбаңыз. 3. «Болашақменіңізге» бүгінгі күніңізді басқартпаңыз. Бүгін сатып алуға шамаңыз келмеген затты «болашақта алармын» деп, болашақтың еншісіне қалдырмаңыз. Оған себеп мынау: болашақтағы табысыңыз бүгінгі күніңізге жауап бере алмайды. Кім...
Толығырақ... Оқылды: 484 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.05.2019

Күйіп қалғанда не істеу керек?

Қатер айтып келмейді, ал абайсызда болған жағдайға қалай төтеп береміз? Әсіресе, оттан, судан келген қауіп-қатер ең қорқыныштысы болса керек.Сақтансаң — сақтайды, алайда, осы сынды оқиғаларға кез болғанда не істеу қажеттігін білген артық етпейді. Алдымен қаншалықты ашыса да күйген жерді суық суда ұстап, тазалап алу қажет. Кейін жара орнына тұз немесе бал мен шикіжұмыртқаныңағын жағуға болады. Егер жара қабынып, ауырғаны сезілсе, алмұртты танып қойыңыз.Тіс пастасының да осы тұрғыда пайдасы бар.Ол терінің қабынуының алдын алады, ісуден де сақтайды. Күйіп қалған орын зақымданғаннан бөлек, ісіну белгілері біліне бастаса, пайдаланыңыз. Оны күйген теріге жағып, шамалы уақыттан соң жуып тастасыңыз болғаны, бірден шипасын береді. Сондай-ақ, тері қатты күйіп, зақымданатын болса, сол сәтте спиртке салғаныңыз дұрыс болмақ. Яғни, мақтаны спиртке малып, күйген орында сүртіп отыру амалдары жиі жасалуы тиіс. Егер, майға немесе суға күйіп қалсаңыз, сұйық майдың өзі ем болмақ. Ал ауру ас...
Толығырақ... Оқылды: 483 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.05.2019

ҚОЛДАНЫСТА БОЛҒАН КӨЛІКТІ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ

Ең алдымен айдалған көлікті сатып алмас бұрын,көлік йесіне бірнеше сұраққа қойып көріңіз. Бұл сұрақтарды сатушыға ұялы телефон арқылы немесе жеке кездесіп қойыуыңызға болады. «Бұл көлік неге сатылуға шығарылып отыр?» Ең алдымен осы сұрақты қойғаныңыз дұрыс. Себебі бұл сізге көліктің негізгі жағдайы жайлы хабардар болуыңызға көмегін тигізеді. Егер ол сізге «жаңа көлік алғандығын» немесе «оған ақша керектігін» айтатын болса, онда сіз бұл көлік үшін саудаласуыңызға болады. «Бұл көлік қанша шақырым жүргенін сұраңыз» Көліктің шыққан жылына және жүріп өткен шақырымына байланысты ол жайлы жалпы көрініс құруыңызға болады «Көлік йесінен бұл көлікті жаңадан немесе басқа адамнан алғандығын сұраңыз» Егер бұл көліктің бұған дейін бірнеше қожайыны болып, алайда көліктің жағдайы жақсы болса онда бұны сатып алу жайлы ойлануыңызға болады. Ал көлік қожайыны бұны жаңадан алғанын айтып одан тез құтылғысы келетіндігін білдірсе, о...
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 13.05.2019

Күн сайын өмірдің көптеген жағдайлары мен тосын сыйларына жолығып жатамыз. Бір үйдің әкесі не анасы, басқа үйдің перзенті ретінде, жұмыста қызметкер ретінде көңіл-күйімізді сан құбылтатын эмоцияларға жолығамыз. Өміріміз түрлі ақпараттарға толы болғандықтан, эмоциялар әлемінде өмір сүрудеміз деуге де болады. Мұң, ашу мен ыза, қорқыныш секілді эмоцияларды шығару үшін бір ауыз сөздің өзі жеткілікті болмақ. Бізді эмоцияларымыз бен сезімдеріміз басқарады, кей кездері тіпті олардың тұтқыны болып та қаламыз. Рух пен нәпсі арасындағы арпалыс, яғни эмоцияға берілмеу мұсылман баласына берілген бір сынақ деп қарау жөн болмақ. Эмоцияңды қатаң бақылауда ұстамай-ақ жан дүниенің тыныштығын қорғап, айналадағы адамдармен жылы қарым-қатынасты сақтап, орынсыз уайымнан қалай арылуға болады? Эмоцияның билеп бара жатқанын ұғыну Кез келген мәселені шешу оны ұғып, қабылдаудан басталады. Ішіміздегі астаң-кестең болып жатқан эмоциялар үшін өзегелерді кінәлауға болмайды. Айналадағының бәрі &n...
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019

Көңіл-күйіміз күніне неше мың мәрте құбылады. Оған тіпті таңқалмайтын болдық. Зерттеулер көңіл-күйді түсіретін факторлардың бар екенін анықтаған. Ал, ендеше, бұл мәселе жайлы шариғатымызда не айтылған екен? Жаратушы Хақ Тағала мына бір аятта: «Міне, бұл Құран адамдардың көбірек көзін ақиқатқа ашатын нұр және өзіне қалтқысыз сенетін қауым үшін тура жолға бастайтын жолбасшы һәм рақым болып табылады». («Жәсия» сүресі, 20- аят) Олай болса, біздің көңіл- күйімізге әсер ететін амалдарды қарастырамыз әрі шариғатымыздан қажетті кеңестермен бөлісеміз. Өзіңді өзгелермен салыстыру Қай жерде болсын айналамызда адамдардың суреттері қоршап алған (БАҚ, әлеуметтік желілер). Қанша мән бермеуге тырыссақ та, өзгелердің суреттері біздің көңіл-күйімізге әсер етеді. Бұл суреттердің барлығының жасанды екенін біле тұра, өзімізге ұнамайтын жерлеріміз бен қолымыздағы жоқ дүниелерді ойлай бастаймыз. Кеңес: Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі бол...
Толығырақ... Оқылды: 377 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019

РАҚЫМҒА ТОЛЫ 10 КҮН

Алланың рақымы шексіз! Күні кеше ғана күллі әлем мұсылмандары Рамазан айымен қимай қош айтысып еді, Раббымыздың рақымы толған тағы бір қасиетті аймен қауышуда. Зул-хиджа айының алғашқы он күнінде Алланың рақымы мен кешіріміне қол жеткізуге үлкен мүмкіншілік туады. Алла Тағала осы он күннің қадір-қасиетін арттырып Құранда былай дейді: «Таң шапағына серт! Және (мүбәрак) он түнге серт!»(«Фәжр» сүресі, 1-2-аяттар) Ибн Аббас, ибн әз-Зубәйр секілді өзге де сахабалар бұл аятта Зул-хиджа айының алғашқы он күні айтылып тұр деседі. (Бұхари) Мұсылман күнтізбесінде бүкіл әлемінің мұсылмандары жиналып құлшылық жасайтын айырықша уақыт бар. Ал, Зул-хиджа айы мұсылмандар күнтізбесінің соңғы айы болып табылады. Бұл айда қажылық құлшылығын жасауға ниет еткен барша мұсылмандар Мекке қаласына қажылық сапарға аттанады. Қажылық парызы өз алдына атқарылуы тиіс рәсімдерден тұрады. Парыз болған бұл құлшылық қажылыққа аттана алмаған жандардың да құрбан шалып, мұқтаждарға б...
Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.