Жаңалықтар
БҮГІН ҚАНДАЙ КҮН? |
Бүгін көптеген елде Қара шашты қыздардың күні аталып өтеді. Бұл арулар үріп ауызға салғандай сұлу, мінсіз мүсінді, ерік-жігері мықты әрі көркіне ақылы сай келеді. Мерекенің қалай шыққаны да өте қызық – 2006 жылдан бері Дүниежүзілік сары шашты қыздар күні тойланатындықтан, қара шашты арулар да көштен қалмай, бәскелестерінен басып озу үшін өз мерекелерін атап өтуді шешті. Қара шашты қыздар күні – бейресми мереке, алайда көп ұзамай ресми мәртебеге ие болуы ықтимал. 28 мамырда қара шашты аруларға жылы лебіз білдіріп, жүрекжарды тілектер айтып, гүл сыйлау керек. Мейрам жыл өткен сайын кең тарап барады – дүкендерде әртүрлі науқандар жүргізіліп, клубтарда марапаттау және басқа да рәсімдер өтеді, ал журналдар ең әдемі қара шашты сұлуды таңдайды. 28 мамырда майонездің туған күні аталып өтеді. Аңыздардың біріне сүйенсек, ол Жеті жылдық соғыс кезінде пайда болған. 1756 жылы Францияның Маон қаласын ағылшын әскерлері басып алды. Көп ұзамай қала ішіндегі маршал Луи дю Плесси бас... |
Толығырақ... Оқылды: 495 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.05.2019 |
Жетісулық шаруалар 4 мың тонна ет экспорттауды көздейді |
Алматы облысының шаруалары биыл 4 мың тонна ет экспорттамақ. Яғни бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге көп. Отандық өнім Өзбекстан, Қырғызстан және Иран Ислам Республикасына жөнелтіледі. Өңірде жыл сайын 350-360 мың тонна ет өндіріледі. Аймақта кейінгі кездері ірі қара еті 82 теңгеге қымбаттаған. Қазір сауда орындарында орташа есеппен 1591 теңгеден сатылып жатыр. Сала мамандары бағаның өсуіне бірнеше себеп бар екенін алға тартады. Айгүл Идрисова, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы: - Өндірушілер өз бағаларының көтерілгенін шөп көтерілгенімен, жол шығыны артқанымен және халықтың сұранысымен түсіндіреді. |
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.05.2019 |
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННАН КӨРІ, ҰЯДАН ҰШАТЫН ҚЫЗҒА КӨҢІЛ БӨЛУ КЕРЕК! |
Халқымызда «Ауруын жасырған өледі» дейді. Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен, біз қаламасақ та, қазіргі қазақ қоғамындағы қыз тәрбиесіне бей-жай қарау осылай жалғаса беретін болса, бір ұлттың жер бетінен жойылып кету қасіретіне әкеліп соқпасына кім кепіл? Кешегі қазақ қызының сыр сипатына, бүгінгі қазақ қызының болмысы неге сәйкес келмейді? Салыстырып, олқы тұстарын көрсетіп бердік. Ары қарай тәрбие тізгіні өзіңізде. КЕШЕ МЕН БҮГІН КЕШЕ: Атадан қалған ұлағатты тәлімді сақтай отырып, ұлттың ұятына көлденең келер іс жасамаған. БҮГІН: (Бәрі емес әрине) Ұятын ойлайтын қыздар саны сиреген. Тыңдалмай жатқан жетім сөз көп. «Заман осындай» деген желеумен Батыстық менталитетке ден қойған. КЕШЕ: Жасы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ата-анасының ақылын аяқасты етпеген. БҮГІН: (Бәрі емес әрине) Алдына келіп ақыл айтпақ түгілі, үлкені мен кішісі, тіпті үйіндегі ата-анасы істің дұрысын айта бастаса «Өзім білемін, өзімнің де басым бар», -... |
Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019 |
«ФАТИХА» СҮРЕСІ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? |
Бүкіл әлемнің Жаратушысы Алланың сөзі, жүрегіміздің көктемі, ұлы қорғанымыз қасиетті Құранда адам баласы үшін шипа бар. Бұл туралы Алла Тағала «Исра» сүресінің 82-аятында: «Құраннан мүміндерге шипа және мейірім түсіреміз», - десе, «Йунус» сүресінің 57-аятында: «Ей, адамдар! Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан насихат, көкіректегі нәрселерге шипа және имандылар үшін жолбасшы әрі мейірім Құран келді», - дейді. Қасиетті Құранның барлық аяттарында шипа бар. Дегенмен, хадистерде белгілі бір сүрелердің ерекше қасиеттері туралы баяндалады. Соның бірі – «Кітаптың анасы» болған «Фатиха» сүресі. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, ол – барлық дертке дауа», - деген. (Байһақи) Сонымен, үнемі қайталап оқып жүрген ең қайырлы сүре туралы не білеміз? «Фатиха» – бес уақыт намазда үнемі оқылатын, әрі ең жиі қайтала... |
Толығырақ... Оқылды: 2175 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019 |
АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТОҒЫЗ ӘДЕП |
Барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті, ең қуанышты мерекелердің бірі Құрбан айт та келіп жетті. "Айттау", "айтшылау" ұғымы қазаққа бұрыннан таныс. Алайда, жылына бір-ақ рет келетін мерейлі мерекені лайықты деңгейде атап өту үшін не істеуіміз керек? Төменде ертеңгі айт күніне орай бірнеше кеңестерді ұсынып отырмыз: 1. Қуаныш пен шаттық таныту Айт мерекесінің алғы шарттарының бірі – қуаныш пен шаттық таныту. «Ақиқатында, айт (мереке) күндерінде қуаныш пен шаттық таныту – діннің рәсімдерінен!» (“Фатх әл-Бәри” 2/514.). 2. Ғұсыл алу Айт мерекесінің тағы бір шарттарының бірі – толықтай тазаланып, ғұсыл алу. Бұл туралы Зазан былай деп баяндайтын: «Бірде (бір кісі) Әли ибн Әбу Талибтен (оған Алла разы болсын) ғұсыл туралы сұрады, әрі ‘Әли: «Қаласаң, күнде шомыл», – деп жауап берді. Әлгі кісі: «Жоқ, мен шынайы ғұсыл туралы сұрап тұрмын!», – деді. Сонда Әли: &laqu... |
Толығырақ... Оқылды: 447 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 28.05.2019 |
ЕНЖАРЛЫҚТЫҢ ЕМІ |
Ертеде бір ханның жар дегенде жалғыз баласы болыпты. Хан баласы туғаннан не ішем, не кием демегенмен сондай бір еңсесін басқан көңілсіздік пен өмірге деген енжарлықтан арыла алмаса керек. Баласының қашан болсын салғырттығы мен бойкүйездігін байқаған әкесі елдегі ең данышпан деген кісіні шақыртып, оған баласын бұндай босаңдықтан арылтуды қатаң тапсырыпты. Баланы қайтсем жөнге келтірем деп шақшадай басы шарадай болып шарасыз күйге түскен данышпан қанша шарласа да бұған ешқандай дауа таба алмаса керек. Ең соңында тым болмаса, өз басын аман алып қалу үшін алыс елге қашып кетуді ұйғарыпты. Дорбасын арқалап ел сыртындағы бір қырға жеткенде, қой жайып жүрген бір балаға кездесіпті. Бала әлгі данышпанға: – Бүгін өзіммен бірге тамақ алуды ұмытып кетіппін. Мен ауылға түсіп қайтқанша сіз малдарыма қарап беріңізші? – деп жатып кеп өтініпті. Бала өтінішін жерге тастай алмаған данышпан келісіп, өрістегі малдарға қарап қалыпты. Бала кете сала-ақ мал ішінде ойнақтап жүрген бір лақ байқау... |
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 27.05.2019 |
Шаншу қадалғанда не істеу керек? |
Шаншу — сіз елемейтіндей, мән бермейтіндей ауру емес.Шаншуды уақытында жазбасаңыз, асқынып кетуі мүмкін. Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ. Бала кезімізде әжелеріміз пештің жанындағы көсеуді темірге ұрғылап алып, қадалған шаншуды түйрейтін. Сенім бе әлде ем бе, әп-сәтте жазылып шыға келетінбіз. Шаншу қадалған тұсты көтере алмай, тіпті дем жетпей қиналатынымыз жасырын емес. Мұндай жағдайда дәрігерлер қыздыратын жақпамай беріп, 5-7 күнге ем жазып береді. Негізінде жатып алып жағдайын жасайтын ауру емес. Әрине қалжыңдауға да болмайды. Бірақ өз бетіңізше ем-дом жасап, 1-2 сағат шамасында айығып кете аласыз. Сонымен салқындап қалған адамның арқасына шаншу қадалып, мазасын алып жатса, сіз де қарап тұрмай алдымен ырымын жасаңыз. Оны жоғарыда айтып өттік. Ендігі кезекте үй жағдайында жасалатын ем жолдарын ұсынамыз. 1. Сұйық демделген 1 шыны шайға 1 шай қасық бал араластырып, ішкізіңіз. Жылы орап жатқызып қойсаңыз, бір терлегеннен-ақ аттай болады. 2. Бұл кезде аяғына, табанына аздағ... |
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 27.05.2019 |
БАЛАҢЫЗҒА ҚАНДАЙ АТА-АНА БОЛЫП ЖҮРСІЗ? |
«Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе,… «Мен қандай әкемін (анамын)?» Бұл сұрақ сізді толғандыра ма? Жауабын білгіңіз келсе, алдымен өз әрекеттеріңізді, балаңызбен арада қалыптасқан қарым-қатынасты саралап көріңіз. Қосымша астрологтардың сипаттамасын да ескеруге болады. Тоқты Тоқты әке балаларын шексіз жақсы көреді әрі оларды мақтан тұтады. Кез келген баланың тілін оңай табады, жақсы түсініседі, досы әрі кеңесшісі бола алады. Ал, Тоқты аналар көбінде қатаң принциптерді ұстанады. Ұл-қыздарының айтқанын екі етпеуін қалайды. Оларға өзгелерді емес, өзін бақылауға алып, аздап сабырлылықты үйренген дұрыс болар еді. Оған қоса, барлық жағынан бірінші болуды қалайтын Тоқты әйелдер өзгемен сайысса да, өз баласымен бәсекелес болмағаны жөн. Көбірек еркіндік беріп, өз жолын өзіне таңдату да олардың ақсап жатқан осал тұсы. Торпақ Торпақ-әкелер балаларға көп көңіл бөледі, сөйте тұра, көп нәрсе талап етеді. Өздері... |
Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 27.05.2019 |
ЖАСТЫҚ ШАҚТА ЖАЛЫНДА |
Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін Алланың нығметі болса, ең қымбаты – жастық шақ. Әр адам жалындап, тынымсыз еңбек етіп, өмірінің негізін қалайтын уақыт бұл. «Не ексең – соны орасың». Қазіргі жастар жалындаған жастық шақтың өтпелі екенін санасына мықтап түйіп, оның әр минутын орынды пайдаланса құба-құп. Осы мәселені қаузап көрелік… Жастық шақ – адам өмірінде күннің көтеріліп келе жатқан шуағы тәрізді. Ол таң сәресіндегі күннің сәулесі сияқты, келешекке мақсат қойған, сол арманына жету үшін бойы шабытқа толы, адам ойлау сезімінің толықсыған кезеңі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол туралы: «Қиямет күні әрбір құлдан төрт нәрсе сұралмайынша ол тұрған орнынан қозғалмайды. Бірінші, ол өмірін қалай өткізді? Екінші, жас күнгі күш-қайратын қайда жұмсады? Үшінші, ол білген білімінің қайсысына амал қылды? Төртінші, ол несібесін қалай тапты және қайда жұмсады?» – деген хадисі бар. Бұл хадис те жастық шақтың қымбаттыған аңғартып тұр... |
Толығырақ... Оқылды: 672 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 27.05.2019 |
МӨҢКЕ БИДІҢ КӨРГЕН ТҮСІ КЕЛДІ |
Баяғыда Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ болады. -Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. 30 ат қостым біреуі де келмеді. 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана қарақшыға аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда,қоян шықты. Осыны жорып берші, – дейді Мөңке би. Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады. Бірақ, ол би үш рет шақыру жібергеннен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға: – Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жорытпа деген сөз бар еді… Сонда да айтайын, – дейді. – Түс адал түс, қияли түс, шайтан түс деп үшке бөлінеді. Мұны қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мынадай: “40 ат дегеніміз – мұсылманның 40 парызы орындалмай қалатын заман болады екен; 30 аттың бәйгеден келмей қалатыны &nd... |
Толығырақ... Оқылды: 638 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 27.05.2019 |