Жаңалықтар

Алматы облысының «Үздік мемлекеттік қызметші 2019» атағына кім лайық?

Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметші» республикалық байқауы өткізіледі. Биылғы жылы аталған байқау 2019 жылдың 5 сәуірінен басталды. Конкурсқа мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы өңірлік комуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз–мәслихаты барысында баяндады. Байқау екі негізгі кезеңнен тұрады: І кезең – облыстық деңгейдегі конкурс, ІІ кезең – республикалық конкурстық комиссия өткізетін респ...
Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 10.04.2019

Лучших фотографов наградили в Жетысу

В Доме журналистов города Талдыкорган подвели итоги фото-конкурса «Мой Жетысу», где наградили самых талантливых и креативных фотографов в области. На прием заявок от участников, организаторы выделили месяц времени, в период которого комиссией было утверждено 58 работ от 18 желающих. Претендентов было больше, однако некоторые были отсеяны. По словам организаторов и членов комиссии, эти работы не соответствовали требованиям конкурса. «Фото- конкурс «Мой Жетысу» проходил с 10 февраля по 10 марта текущего года. Организатором выступил «Союз фотографов и видеографов» региона, а огромную поддержку оказало управление внутренней политики Алматинской области. Пользуясь, случаем, хочется поблагодарить руководство управления внутренней политики и его команду, которые всегда оказывают помощь в проведении подобных мероприятий. По трем номинациям к нам поступило большое количество работ, поэтому по ним у нас 3 призовых места. Несмотря на то, что приняли уч...
Толығырақ... Оқылды: 346 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.04.2019

Талдықорғанда тағлымды кездесу өтті

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Егемен Қазақстан» газетінің Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқалимен кездесті. Қарымды қаламгермен жүздесуге «Журналистика» және «Екі шет тілі» мамандығының студенттері көптеп жиналды. Аталған шараны Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мен Жетісу мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған. Мұндай тағлымды кездесу дәстүрлi түрде өткiзiлетіндігін атап өту керек. Түрлі басылымдарда жұмыс істеп, талай байқауларда топ жарып жүрген Қалмаханбет Мұқаметқали кездесу барысында студент қауымына «Тақырыптық журналистика және жаңа трендтер» тақырыбында әңгіме өрбітті. Оның айтуынша әр тілші азаматтық ұстанымын айқындап алуы керек. Әрі жазатын тақырыбына жаны қалап тұрса ғана қалам тербеуі қажет. Сонда ғана оқырман қызығып оқитын, көрермен сү...
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 10.04.2019

Алматы облысында жыл басынан бері 14 адамның құқығы қорғалған

Бүгінгі таңда азаматтар мен қоғамның қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік аппарат құру – ел дамуындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтарын төмендету, кәсіби деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметке халықтың сенімін арттыру мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне келіп түскен арыздарға тұрақты түрде мониторинг жасалынады. 2018 жылы жеке және заңды тұлғалардан 1001 өтініш келіп түскен, барлық өтініштер тіркеуден өтіп және заңға сәйкес бірде-бір өтініштердің қарау мерзімдері бұзылмай, жауаптары қайтарылған. Сондай-ақ, «Бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау» атты жобасына сәйкес, Департаментпен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Кеңсеге кәсіпкерлерден келіп түскен 42 өтінімнің, 40 кәсіпкерлеріне құқықтық-кеңес берілді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қабылданған өтініштер саны 219, өтініштерді қарау нәтижесі бойынша келесі шаралар қабыл...
Толығырақ... Оқылды: 347 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

Жемқорлықпен күресуді өзіңнен баста

«Жетісу – адалдық алаңы» жобасының мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың билік органдарына деген сенімін арттыру. Бүгінде бұл кеңседе 5 қызметкер жұмыс істеуде. Жетекшісі – «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының бірінші орынбасары Аманжол ЖАЗЫҚБАЕВ. Ашылғанына бірнеше ай болса да, орталықтың жеткен жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Бұл жөнінде А.Тоқтарұлы сұхбат барысында өзі баяндап берді. - «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын бастағалы 3 айдан астам уақыт өтіпті. Бүгінге дейін жеткен жетістіктеріңіз қандай? - Жобалық кеңсе 2018 жылдың 26 желтоқсанында ресми түрде ашылды. Сол уақыттан бері жоба аясында 48 кездесу ұйымдастырылды. Нақтыласақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне Whitebook-қа енгізуге бағытталған жобалар ұсынылды. Аталған жобалардың өңірімізде бесеуі жүзеге асса, төртеуінің қ...
Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

Алматы облысында су тасқынының алдын алу шаралары өтуде

Алматы облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қатаң бақылауда. Осы бағытта, төтенше жағдай қызметі, азаматтық қорғаныс және жергілік әкімдік бірлесіп, біршама жұмыс атқарған. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаменті мамандары баспасөз -мәслихаты барысында мәлімдеді. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары аясында 2285 шақырым арық, 2156 шақырым канал, 100 мың текше метр қар елді мекендер аумағынан шығарылып, 5 мың шақырым арық іші қоқыс, топырақтан аршылған. Сонымен қатар, су өткізу құрылғылары да тазаланды. Күннің күрт жылынуымен өңірде өрт қауіптілігі де арта түскен. Көктем маусымы басталысымен облыс көлемінде құрғақ шөптің өртенуіне қатысты 300- ден аса жағдай тіркелген. Қызыл жалын 500 гектар аумақты шарпыған. ТЖД қызметкерлері су тасқының алдын алумен қоса, жазғы шомылу маусымына да қызу дайындық жүргізіп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы 60 адам суға батып кеткен. Оның 15-і кәмәлет жасына толмаған жасөспірімдер. Қайғылы жағдай шомылуға рұқсат етілмеген жерлер...
Толығырақ... Оқылды: 444 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

Жол полицейлері дабыл қағуда: Алматы облысында жол көлік оқиғасының саны артты

Алматы облысында жыл басынан үлкенді-кішілі жолдарда тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 512-ге жетіп, өлім жағдайы көбейген. Жол үстінде 100 адам қайғылы қазаға ұшыраса, 700-ден астам жолаушы түрлі жарақаттар алған, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбековтың айтуынша, тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің жауапсыздығынан болып отыр. «Алматы облысына қарасты Алматы-Талдықорған, Алматы-Тараз, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралдарында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол үстінде көз жұмған жандар саны өкінішке орай, 53 пайызға артты. Қайғылы жағдайдың басты себебтерінің бірі жылдамтықты асыру және мас күйінде көлік айдау. Осы жағдайға байланысты барлық көлік жүргізушілеріне және жолаушыларға дабыл қағамыз. Жол үстінде барынша мұқият және жауапкершілікті болыңыздар, - дейді ол. Жол-көлік оқиғаларының 73...
Толығырақ... Оқылды: 384 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

Текелі қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй салынады

Алматы облысының Текелі қаласында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнайы 40 пәтерлі тұрғын үй салынбақ. Аталмыш тұрғын үй құрылысы осы жылдың маусым айында басталып, 6 айға созылады, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 40 отбасыға есептелген бұл жобаның сметалық құжаты өткен жылы дайындалған. Бүгін де мемлекеттік сараптамадан оң баға алып, керекті қаражат бөлінді. «Қазіргі таңда қалада көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға көп көңіл бөлінуде. Қалада 415 көпбалалы және 197 тұрмысы төмен отбасы тіркелген. Жақында 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады », - дейді қала әкімі Бахтияр Өнербаев. Айта кету керек, дәл осындай 40 пәтерлі 2 тұрғын үйдің сметалық құжаттары дайын, енді мемлекеттік сараптамадан өтсе, келесі жылы тағы да 80 отбасы үйлі болады. Меруерт МАХМҰТЖАН
Толығырақ... Оқылды: 503 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

«Үндеуге-қолдау»

«Тарихи сәтке куә болып отырған, тәуелсіз елдің жастарымыз. Біз Елбасының салған даңғыл жолымен келеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде айтқандай, жастарға үлкен сенім артты. Сондықтан біз, жастар бұл жолды әрі қарай жалғастырамыз. Елімізді дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Қазір Астананың атауын өзгерту туралы халық көп пікір білдіруде, соған қарамастан, біз Нұр-Сұлтан атауы да болашақта жаңа бренд болып қалыптасатынына сенімдіміз». Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуі жариялап, кезектен тыс Президенттік сайлау қашан өтетінін мәлімдегендігі біз үшін көптен күткен жаңалықтардың бірі болды. Біз Елбасыныңсара жолыменжүреміз.Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығыретінде мемлекетіміздің іргесімығым.Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек. Сондықтан, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп,алға басу үшін,әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерділайықты жүзеге асыру үшінбізге айқындық қажет. Оның үст...
Толығырақ... Оқылды: 461 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Қымбатты Отандастар! Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын. Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым. Мен бұл жауапты шешім бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ақылдастым. Парламенттің қос палата спикерімен, Премьер-Министрмен кеңестім. Конституциялық Кеңестің келісіміне жүгіндім. Парламенттегі партия жетекшілерімен кездестім. Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау – өте маңызды әрі қажетті қадам. Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз, қуатты мемлекет құрдық. Қазақстан халықаралық жүйеде өзіне лайықты орнын алды. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң...
Толығырақ... Оқылды: 401 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.