Жаңалықтар

Облыс орталығы Талдықорған қаласында Кёкушинкай каратэден "Жас жауынгер" турнирі өтті

"Турнирге Талдықорған қаласы, Ескелді, Көксу және Қаратал аудандарының ұландары қатысты. Жүлделі орын алған спортшы ұл-қыздар мамыр айында өтетін аймақтық турнирге жолдама алды. Облыс намысын қорғауы үшін жаттығуды күшейтетін боламыз",- деді Бүкіл қазақстандық Кёкушинкай каратэ ұйымының Алматы облысындағы жетекшісі Сания Қасабаева. Жетісуда өтетін аймақтық турнирге Алматы және Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қарағанды облыстарының спортшылары келеді деп күтілуде. 190 қатысушы бақ сынаған жарыста жалпыкомандалық есепте Үштөбе қаласындағы "Панда" клубы бас жүлдені иеленді.
Толығырақ... Оқылды: 474 Санат: СПОРТ Уақыты: 24.04.2019

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

Nur Otan партиясының құрылтайынан соң Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясына барып, кандидат ретінде құжаттарын өткізді. КЕЙІН лингвистикалық комиссияның алдында мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Жазба жұмысының тақырыбы – Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері болды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырыпта 2 беттік шығарма жазып шыққан. Комиссия мүшелері шығармадан бірде-бір қате таппағанын айтады. Содан соң президенттікке үміткер Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" кітабынан үзіндіні мәнерлеп оқып берді. Комиссия мүшелері Тоқаевтың дауыс ырғағы мен оқу мәнерін жоғары бағалады. Соңында Тоқаев әлемдік саясаттағы Қазақстанның орны тақырыбында сөз сөйледі. Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, президенттің сөзін бәрі ұйып тыңдаған. Өйткені, Тоқаев сыртқы саясаттың нағыз маманы. Үш кезеңнен де мүдірмеген Қасым-Жомарт Тоқаевты лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді толық меңгерген деген шешім шығарды.
Толығырақ... Оқылды: 451 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.04.2019

24 сәуір – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСТРОНОМИЯ КҮНІ

Бұл мереке 1973 жылы Америкада дүниеге келіп, астрономия жанкүйерлерін «Астрономияны адамзатқа таныстырушылар» деген бір ұранның астына жинады. Бүгінде бұл қозғалысты Астрономия лигасы, Тынық мұхит Астрономиялық қоғамы, Халықаралық Планетарийлер одағы басқарады. Астрономия күнін әдетте сенбіде, ай орталанып, сәуір аяқталып, мамыр бастау алар кезде тойлайды. Бұл күні көптеген елдерде мыңдаған астрономиялық клубтар, ғылыми мұражайлар мен расытханалар, планетарийлер әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырып, көпшілікке дәрістер оқып, телеконференция, біріккен жобалар жасап, жұлдызды аспанды телескоптармен тамашалатады.
Толығырақ... Оқылды: 638 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.04.2019

ОҢ КӨЗ ҚАРАС

Бүгін "Нұр Отан" партиясының мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, президент сайлауына партия атынан қатысатын үміткер ретінде бекітті. Партия съезінде Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатып Назарбаев Тоқаевқа "толықтай сенетінін" айтып, қазақстандықтарды Тоқаевты қолдауға шақырды. Қазақстан халқына осы уақытқа дейін еңбегі сіңген Елбасының бұл шешімін өз басым қолдаймын. Себебі, көп жылдар бойы қол астында қызмет атқарған адамның қандай екенін әрі атқарып жатқан жұмыстарын Тұңғыш Президентіміз білгендіктен, сеніммен айтып отыр. Әлия ИМАНЖАНТЕГІ.
Толығырақ... Оқылды: 380 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.04.2019

ЕЛІМІЗ ҮШІН ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІМ

2019 жыл 9-шы маусым – еліміздің тағдырын шешетін күн. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президенті анықталмақ. Бұл біздер саяси маңызы зор оқиға болмақ. Ал, бүгін, 23 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы атынан президенттік сайлауға түсетін үміткердің есімі белгілі болды. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты лайықты деп санап, шешім қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы – 20 наурыздан бастап Қазақстан перзиденті лауазымын иеленген болатын. Осы уақыт аралығында бірқатар келелі мәселелердің шешімін тауып, өзінің ел басқарар басшы бола алатындығын дәлелдеді. Президент ретіндегі алғашқы бұйрығы – Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертуі болды. Ресми сапарымен Ресейге барып, Владимир Путинмен келіссөздер жүргізді. Атап айтсақ, «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құруға қатысты құжаттарға қол қойды. Оған қоса, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен де кездесті. Еліміздің бірқатар...
Толығырақ... Оқылды: 392 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.04.2019

АУДАНДЫҚ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ауданның терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өткізілді. Жиында 14 протолдық шешім қабылдауымен 3 мәселе қаралды. аудан әкімінің аппараты.
Толығырақ... Оқылды: 427 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.04.2019

Көшбасшы болу оңайма?

Көшбасшы болу – мұсылманға тән қасиет. Алайда, шынайы Көшбасшы мәнсапты талап ете ме? Көшбасшы болу үшін мінез, харизма немесе танымалдылық қажет пе? Осы сияқты сұрақтар төңірегінде жауап іздеп көрелік. Бірінші болуды қалау, басқалардан оқ бойы озық тұру, алға қойған мақсатына жетпей қоймау – адам табиғатында бар нәрсе. Алайда, бұл тәккаппарлыққа, көре алмаушылыққа, қызғаншақтыққа ұласып, басқалармен жауласуға әкелмеуі керек. Ежелгі грек тарихшысы ПлутархРим императоры Юлий Цезарь туралы келесі оқиғаны баяндайды: «Бір кездері Цезарь Альп таулары арқылы шағын ғана азғантай адамдар тұратын кедей ауылдың жанынан өтіп бара жатқанда, қасындағы жолдастары әзілдеп сұрайды: «Бұл ауылда да атақ-даңққа, бірінші болуға деген құмарлық бар ма?». Сол кезде Цезарь: «Менен сұрасаңдар, мен Римде екінші болғаннан гөрі, осы жерде бірінші болуды қалар едім», – деп жауап берген екен. Шынайы мұсылман адам қандай жетістікке жетсе де әрдайым өзін екінші ор...
Толығырақ... Оқылды: 511 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.04.2019

Отағасын разы қылудың 6 жолы

1.Құрмет. Бәрінен бұрын, әрбір ер кісі әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда көрінеді. Сонда, сіздің құрметіңізді сезінген күйеуіңіз сізге екі есе құрмет көрсететін болады. 2.Бағалау. Еріңіздің барлық қырын бағалаңыз. Оның келбетін, ақылын, қабілеттілігін айтып мақтап, тәнті болып жүріңіз. Сіздің қасыңызда ол өзін ерекше жаралған адамдай сезінсін. Сонда отағасы сізгебар жылуын төгіп, аса бағалайтын болады. 3.Разы болу. Күйеуіңіздің сіз үшін, отбасы үшін жасап жатқан күнделікті жұмыстарына ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз. Оның ынта-ыждаһатын, отбасына деген қамқорлығын әрдайым бағалайтыныңызды білдіріп, ризашылығыңызды көрсетіңіз. Сонда, еріңіз сіздің демеуіңізді сезініп, арқалана әрекет ететін болады. Сәйкесінше ісі берекелі, тірлігі табысты болады. Әрбіл ұлы еркектің артында ұлы әйелдің тұратынын ұмытпаңыз. 4.Сүйіспеншілік. Күйеуіңізге оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді көрсетіп о...
Толығырақ... Оқылды: 446 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.04.2019

Денсаулық нашарлағанда хабар беретін 10 белгі

Біздің тәніміз – ішкі ағзаларымыздың қызметіндегі қандай да бір өзгерістер мен ақаулар жайлы үнемі ақпарат беріп отыратын күрделі механизм. Алайда біз ағзамыздың дабылына назар аудара бермейміз. Бұл тұста ағаттық жіберетініміз анық. Сондықтан деніңізге саулық тілей отырып, денсаулығымыз нашарлағанда байқалатын 10 түрлі белгіні ұсынамыз. 1. Көз астының қараюы Көз асты терісінің қараюы ұйқы қанбағаннан болуы мүмкін. Бұл ретте дәрігерлер тәулігіне кемінде 7-8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Алайда ағзамыздың мұндай белгісі қаназдықтың салдарынан болуы мүмкін. Қанымыз азайғанда ағзамызда эротроциттер аз бөлінеді. Нәтижесінде көз асты терісі қарая бастайды. 2. Саусақ түсінің өзгеруі Егер саусақтарыңыздың түсі жиі өзгеретінін байқасаңыз, оның себепсіз еместігін біліңіз. Оған Рейно феномені сеп болуы ықтимал. Ағзаның мұндай күйінде суық температура қан тамырларының тарылуына алып келеді. Мұның салдарынан саусақтарымыздың түсі өзгереді. 3. Заттың көзге бұлдырап көрінуі Ег...
Толығырақ... Оқылды: 468 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.04.2019

23 сәуір – АҒЫЛШЫН ТІЛІ КҮНІ

Сондай-ақ, бүгін ағылшын тілі күні. Ол алғаш рет 2010 жылы атап өтілді. Ағылшын тілі күні ұлы ағылшын ақыны, жазушы, әлем бойынша атақты драматург Уильям Шекспирдің туған күнімен тұспа-тұс белгіленді. Қазір бірнеше мемлекеттің миллиардтаған адамы ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл ағылшындардың ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Ирландия, Канада, Мальта, Австралия, Жаңа Зеландия тұрғындарының да тілі. Ол, тіпті Азия мен Африканың кейбір елдерінде де ресми тіл ретінде мойындалған.
Толығырақ... Оқылды: 659 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 23.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.