Жаңалықтар
|
|
| Күн сайын өмірдің көптеген жағдайлары мен тосын сыйларына жолығып жатамыз. Бір үйдің әкесі не анасы, басқа үйдің перзенті ретінде, жұмыста қызметкер ретінде көңіл-күйімізді сан құбылтатын эмоцияларға жолығамыз. Өміріміз түрлі ақпараттарға толы болғандықтан, эмоциялар әлемінде өмір сүрудеміз деуге де болады. Мұң, ашу мен ыза, қорқыныш секілді эмоцияларды шығару үшін бір ауыз сөздің өзі жеткілікті болмақ. Бізді эмоцияларымыз бен сезімдеріміз басқарады, кей кездері тіпті олардың тұтқыны болып та қаламыз. Рух пен нәпсі арасындағы арпалыс, яғни эмоцияға берілмеу мұсылман баласына берілген бір сынақ деп қарау жөн болмақ. Эмоцияңды қатаң бақылауда ұстамай-ақ жан дүниенің тыныштығын қорғап, айналадағы адамдармен жылы қарым-қатынасты сақтап, орынсыз уайымнан қалай арылуға болады? Эмоцияның билеп бара жатқанын ұғыну Кез келген мәселені шешу оны ұғып, қабылдаудан басталады. Ішіміздегі астаң-кестең болып жатқан эмоциялар үшін өзегелерді кінәлауға болмайды. Айналадағының бәрі &n... |
| Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019 |
|
|
| Көңіл-күйіміз күніне неше мың мәрте құбылады. Оған тіпті таңқалмайтын болдық. Зерттеулер көңіл-күйді түсіретін факторлардың бар екенін анықтаған. Ал, ендеше, бұл мәселе жайлы шариғатымызда не айтылған екен? Жаратушы Хақ Тағала мына бір аятта: «Міне, бұл Құран адамдардың көбірек көзін ақиқатқа ашатын нұр және өзіне қалтқысыз сенетін қауым үшін тура жолға бастайтын жолбасшы һәм рақым болып табылады». («Жәсия» сүресі, 20- аят) Олай болса, біздің көңіл- күйімізге әсер ететін амалдарды қарастырамыз әрі шариғатымыздан қажетті кеңестермен бөлісеміз. Өзіңді өзгелермен салыстыру Қай жерде болсын айналамызда адамдардың суреттері қоршап алған (БАҚ, әлеуметтік желілер). Қанша мән бермеуге тырыссақ та, өзгелердің суреттері біздің көңіл-күйімізге әсер етеді. Бұл суреттердің барлығының жасанды екенін біле тұра, өзімізге ұнамайтын жерлеріміз бен қолымыздағы жоқ дүниелерді ойлай бастаймыз. Кеңес: Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі бол... |
| Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019 |
РАҚЫМҒА ТОЛЫ 10 КҮН |
| Алланың рақымы шексіз! Күні кеше ғана күллі әлем мұсылмандары Рамазан айымен қимай қош айтысып еді, Раббымыздың рақымы толған тағы бір қасиетті аймен қауышуда. Зул-хиджа айының алғашқы он күнінде Алланың рақымы мен кешіріміне қол жеткізуге үлкен мүмкіншілік туады. Алла Тағала осы он күннің қадір-қасиетін арттырып Құранда былай дейді: «Таң шапағына серт! Және (мүбәрак) он түнге серт!»(«Фәжр» сүресі, 1-2-аяттар) Ибн Аббас, ибн әз-Зубәйр секілді өзге де сахабалар бұл аятта Зул-хиджа айының алғашқы он күні айтылып тұр деседі. (Бұхари) Мұсылман күнтізбесінде бүкіл әлемінің мұсылмандары жиналып құлшылық жасайтын айырықша уақыт бар. Ал, Зул-хиджа айы мұсылмандар күнтізбесінің соңғы айы болып табылады. Бұл айда қажылық құлшылығын жасауға ниет еткен барша мұсылмандар Мекке қаласына қажылық сапарға аттанады. Қажылық парызы өз алдына атқарылуы тиіс рәсімдерден тұрады. Парыз болған бұл құлшылық қажылыққа аттана алмаған жандардың да құрбан шалып, мұқтаждарға б... |
| Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019 |
ҚАЖЫЛЫҚҚА ТЕҢ 5 АМАЛ |
| Хақ Тағала пендесінің кейбір сауапты амалдарының дәрежесін қажылықтың сауабымен теңестірген. Қажылық – бес парыздың бірі болғандықтан әрбір мұсылман өмірінде бір мәрте қажылық парызын өтеуге міндетті. Сонымен қатар, қажылықтың сауабымен тең түсетін амалдар да жоқ емес екен (Алайда бұл амал қажылық парызын алмастыра алмайды). Ең әуелі, ниеттің тазалығы. Қиямет күні болғанда әрбір пенде өзінің амал дәптерін көреді, сонда арасынан қажылық, зекет, тіпті садақаның да сауабын көреді. «Бәлкім, бұл менің амал дәптерім емес шығар. Мен бұларды жасаған жоқ едім ғой»,- дейді ол есі шыға. Сонда Алла Тағала құлына: «Бұл сенің амал дәптерің»,- дейді. Әлгі адам Жаратушыға: «Уа, Жаратушы Ием! Мен бұл амалдарды жасаған жоқпын»,- дейді. Хақ Тағала болса: «Сенің бұл амалдарды жасамағаныңды білемін. Алайда сенің ниетің: «Егер қаражатым болса, мешіт салар едім, мұқтаждарға жәрдемдесіп, қажылыққа баратын едім» деп тұратын. Н... |
| Толығырақ... Оқылды: 418 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019 |
КӨЛІК ЖҮРГІЗУДІҢ СҮННЕТКЕ САЙ 8 ТӘРТІБІ |
| «Сақтансаң, Құдай сақтайды» деген аталы сөзді біле тұра сақтанудың алғышарттарын атқармаймыз. Көлік бір тәуекел құралы іспеттес. Техника болған соң, қанша жерден сенуге болады десең де, күтпеген жерде, ойламаған ақауы шығады. Не болмаса, көлік жүргізуді қанша жақсы меңгердім десең де, байқамаған тұстан көлік апатына тап болуың мүмкін. Сондықтан да, көлікті тәуекел құралы дейміз. Ал тәуекел Аллаға ғана етілетіндіктен, көлік жүргізудің де Пайғамбарымыз ﷺ бекітіп берген жол ережелері бар. Әр мұсылман жол полицияларының бекіткен жол ережелерімен бірге, адамзаттың ардақтысы болған Алла Елшісінің ﷺ де ұсынған жол ережелерін сақтауы тиіс. Ендеше сүннетке сай көлік жүргізу тәртібіне көшейік: Көлікке отырарда дәрет алып алған жөн. Дәреттінің бойынан шайтан ұзақ тұрады. Себебі, көлік жүргізу тәуекелді қажет ететінін айтып өткеніміздей, адам жолында нелер болатынын болжап біле алмайды. Сондықтан да, дәрет алып жүру керек деуіміздің себебі, қаза жететін болса, дүниеден дәретпен о... |
| Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019 |
Журналисттер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті |
| Талдықорғанда Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының 20 жылдықмерейтойынаорай БАҚ өкілдеріарасындашағынфутболданреспубликалық турнир жалауынжелбіретті. АталмышдодағажергіліктіжурналистерденбөлекНұр-Сұлтан, Алматы жәнеТүркістанқаласынанкелгенкомандаларқатысты. Турнирдіңашылурәсімінде «Жетісу» телеарнасының директоры БейсенҚұранбексөзалып, алдыменспорттықшараныңөтуінеұйытқыболғаноблыстықішкісаясатбасқармасынашынайыалғысынайтты. Өзкезегіндежарысқаарнайыуақыттауыпкелгенбарлықтілшілерге де жылылебізінбілдіріп, қатысушыларғасәттіліктіледі. Жалпы, жасылалаңдағыдодада 7 команда төбекөрсетті. Жарысережесібойыншақатысушыкомандаларекітопқабөлініп, өзараүздіктерінанықтады. Нәтижесінде, жатылайфиналға «Апорт», «Алматы құрамасы», «Тұран» және «Хабар» командаларышықты. Бұлсында «Алматы құрамасы» «Апорттан» басымтүссе, «Хабар» ойыншылары «Тұранды» жолдақалдырып, финалғажолдамаа... |
| Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: СПОРТ Уақыты: 13.05.2019 |
ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК |
| Мереке қарсаңында Алматы облыстық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық ӘБДІҚАДЫРОВ ауданымызға арнайы келіп, Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз Николай Огневты Жеңістің 74-жылдығымен құттықтап қайтты. Садық Нұрсапаұлы ардагерге денсаулық тілеп, арамызда жүргенінің өзі біздер үшін бақыт екенін жеткізді. |
| Толығырақ... Оқылды: 538 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.05.2019 |
Телевизия майталмандары Жетісу төрінде |
| Телевизия саласында отыз жылдан астам уақыт еңбек етіп, журналистика саласының жілігін шағып, майын ішкен, танымал тележүргізуші Қымбат Хангелдина мен Қымбат Досжан, Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде тағлымды кездесу өткізді. Танымал тұлғалармен кездесу шарасын Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі екі аптада бір рет ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Сол дәстүрді бұзбай Алматы облысына арнайы ат басын бұрған қазақ телевизиясында тынымды еңбек еткен ардагерлер келді. Белгілі тележүргізушілер телехабар таратудың өткені мен бүгіні туралы сөз қозғап, жас журналистерге тікелей эфирде жұмыс істеудегі тәжірибиелерімен бөлісті. «Телевизияның ең мықты қаруы - сөз. «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген бар. Ендеше сіздің әрбір сөзіңіздің іске айналар кезі бар және оның өзіне тән мәні мен мағынасы да жоқ емес. Сондықтан не істесеңіз де ойланып барып істеуге тырысыңыз. Сөйлеген сөзіне қарап адамды бағалауға болады. Даусым... |
| Толығырақ... Оқылды: 281 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 06.05.2019 |
Мамыр айының 3-і күні аудан орталығына жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов келді |
| Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде атап өткен тапсырмаларын халыққа түсіндіру мақсатында бірқатар нысандарды аралады. Алдыменен "Көксу қант зауытына" барып, ондағы жұмысшы топпен сөйлесіп, зауыттың жұмыс қарқынымен танысты. Сонымен қатар, жылына 50 мың тонна соя өнімін шығаратын "УЫЗ МАЙ INDUSTRY-дің" жұмысшыларымен жүзбе-жүз кездесіп, сапалы әңгіме өрбітті. Бүгінде цифрлық технологиялар арқылы көптеген саланың жұмысы жеңілдеді. Осы тұрғыда ел қалаулылары тауарлы-сүт фермасына барып, мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізді. 400 басқа арналып салынған бұл фермада төрт робот сауыншы жұмыс атқарады. Ағымдағы жылы бұл фермаға тағы 200 басқа арналған екінші кешен салынбақ. Аудандық емхана жұмысы да назардан тыс қалмады. Себебі, Елбасының көтерген негізгі мәселелерінің ішінде - денсаулық саласы басты бақылауға алынған. Емханадағы озық технологиялармен жабдықталған кабинеттерді аралап, жұмыс сапасына оң бағаларын берді. |
| Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.05.2019 |
ХАБАРЛАНДЫРУ |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының 1),2)-тармақшаларына сәйкес 2019 жылғы мамыр айының 5-і күні сағат 10-00 де Балпық ауылдық округіндегі Б.Құндақбаева атындағы орта мектептің мәжіліс залында жиын өтетіндігін хабарлаймыз. Жиынның күн тәртібінде: 1. Балпық би ауылының жоғары жағында, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан жаңа көшеге (14-көшеге) Нұрғиса Тілендиевтің атын беру; 2. Алматы - Өскемен тас жолының Балпық би ауылына қарасты қашықтыққа Қадырғали Жалайыри көшесі деп атау беру; 3. Балпық би ауылында орналасқан Қадырғали Жалайыри атындағы көшені Жерұйық деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз; Түсіндірме жазба Нұрғиса Атабайұлы... |
| Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 03.05.2019 |
