СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

ХАБАРЛАНДЫРУ

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 03.05.2019
Оқылды: 333 Печать страницы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының 1),2)-тармақшаларына сәйкес 2019 жылғы мамыр айының 5-і күні сағат 10-00 де Балпық ауылдық округіндегі Б.Құндақбаева атындағы орта мектептің мәжіліс залында жиын өтетіндігін хабарлаймыз. Жиынның күн тәртібінде:

1. Балпық би ауылының жоғары жағында, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан жаңа көшеге (14-көшеге) Нұрғиса Тілендиевтің атын беру;

2. Алматы - Өскемен тас жолының Балпық би ауылына қарасты қашықтыққа Қадырғали Жалайыри көшесі деп атау беру;

3. Балпық би ауылында орналасқан Қадырғали Жалайыри атындағы көшені Жерұйық деп атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз;

 

 

Түсіндірме жазба

 

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев – қазақтың әйгілі күйші композиторы, белгілі дирижер, дәулескер домбырашы, түрлі жанрдағы музыкалық туындылардың авторы. ҚазКСР-нің және КСРОның халық әртісі, ҚазАСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның «Халық қаһарманы».

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри – ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Жалайыр тайпасынан шыққан, орта ғасырдағы қазақ халқының ғұлама ғалымы, атақты биі. Жерұйық атауы – жайлы қоныс, бейбіт мекен деген мағынаны білдіреді. Есте жоқ ескі заманнан аңыз арқылы бүгінгі күнге жеткен бұл жер атауы ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізден ерекше орын алатын, қазақ ауыз әдебиетінде есімі жиі айтылады. Асанқайғы атына байланысты аңызда айтылатын жер аты.

«Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.