Жаңалықтар
Бүгін халқымыз белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда. |
Бүгін халқымыз белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда. Сайлау заң аясында және халықаралық стандартарға сай өтіп жатыр. Шетелдік сарапшылар мен халықаралық байқаушылар да жоғары баға беруде. Мемлекет басшысының бірқатар саяси реформалары алғаш рет осы сайлауда іске асырылғанына куә болдық. Әр адам өз таңдауын жасау арқылы жаңа Қазақстанды құруға ынталы екендігін көрсетуде. Болашақ бүгіннен басталатындығын түсінді. Әділетті Қазақстан жолында дауыс беру, біздің келешекке деген сенімділікті білдіреді деп ойлаймын. Кербұлақ ауданының аналар кеңесінің төрайымы Ақбасова Ғалия Ниязқызы |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Жаттығудан келе жатырмыз. |
Жаттығудан келе жатырмыз. Велоспорттан КСРО спорт шебері Николай Андреев бастаған велошабандоздар бүгін азаматтық таңдауларын жасап, дауыс берді. Күнделікті жаттығуға шығып бара жатқан спортшылар сайлау еліміз үшін маңызды дейді. "Бұлар менің шәкірттерім. Әркез спортқа ғана емес еліміздегі саяси оқиғалардан хабардар етіп отырамын. Бүгін арнайы тобымызбен келіп дауыс бердік. Арықарай жаттығуларымызды жалғастырамыз" дейді аға жаттықтырушы. Николай Андреев шәкірттері бүгінде еліміздің және әлемдік аренада велоспорттан үздіктер қатарында көрінуде. Ақпейіл Өсім есімді шәкірті Азия чемпионы атанса, қазір Дубайда жеке велоклубта өнер көрсетуде. ЕлҮшінТаңдау,#ӨзКандидатыңдыТаңда,#Сайлауғабарамын,#ЖетісуСайлау |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
80 жастағы Парахат Күмісбаев ақсақал Текелідегі №446 сайлау учаскесінде дауыс берді |
80 жастағы Парахат Күмісбаев ақсақал Текелідегі №446 сайлау учаскесінде дауыс беріп, ел-жұртқа ізгі тілегін арнады. #ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау |
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Жақында ғана 18-ге толған Бекзат Ержанұлы мен Мәдина Ахметуәлиқызы Текелі қаласындағы №441 сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет дауыс берді. |
Жақында ғана 18-ге толған Бекзат Ержанұлы мен Мәдина Ахметуәлиқызы Текелі қаласындағы №441 сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет дауыс берді. Сайлауға үлкен жауапкершілікпен қатысқан оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. №446 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берген Құралай Қуатқызы да саяси маңызды шараға өз үлесін қосып, тұла бойын толқу сезімі билегенін айтты. #ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау |
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Үшемдер, спортшылар, әулет таңдауы: Жетісу тұрғындары сайлауға қалай қатысып жатыр |
Жетісу облысында үшемдер сайлауға келді. Ата-аналарымен бірге келген үшемдер сайлау жәшігіне бюллетень салды, деп хабарлайдыAzattyq Ruhy. Алдабергенов ауылында тұратын Имангабуловтар отбасы №110 сайлау учаскесіне үшем ұлдарын ертіп әкелген. Небәрі екі жастан енді ғана асқан үшем халықтың саяси науқанға деген белсенділігін арттырған. «Бес баланың анасымын. Бірде-бір рет сайлаудан қалып көрген емеспін. Тіпті балаларымды да белсенді болуға үндеп, оларға үлгі көрсетіп келемін. Сайлау учаскесіне екі жастан асқан үшем ұлдарым – Ернұр, Бекнұр, Алинұрды да алып келдім», - дейді көпбалалы ана Маржан Иманғабұлова. Ал Қоңырөлең ауылында бір отбасының 12 мүшесі дауыс берді. Олардың бәрі Панфилов ауданында тұрады. Рысқұловтар әулеті ақылдаса келіп, сенім артқан кандидаттарына түгелдей дауыс берген. 88 жастағы қария келінін, күйеу балаларын, немерелерін де ерте келген. «Біздің отбасы сайлауларда ешқашан қалыс қалмаған. Әркез балаларыма дауыстың маңыз... |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
ШЕТЕЛ. ЖЕТІСУЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ ТҮРКИЯДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ |
Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Анталиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау уческелері жұмыс істеді. Ондағы науқан да жоғары деңгейде өтуде. Осы ретте, шетелде жүрген жетісулық әріптесімізден Түркиядағы сайлау қызығын сұрап білдік. "Өз елімдегі әрбір жаңалықты сізердің "Жетісу" газетінің желілік басылымынан оқып-біліп отырамын. Бұл жолы елдегі саяси науқанға қатысты да уақытылы ақпарат алып отырдым" деген Жансая Биқұрман ертемен барып өз таңдауын жасағанын жеткізді. "Мен үшін Қазақстанның саяси өміріндегі әрбір жаңалық маңызды. Себебі, Түркияның өзінде жергілікті халық кейде "түркінің қарашаңырағы" дегенде кеудемді мақтаныш билейді. Тіпті, сол адамдардың сол сөзді еш пафоссыз айтып тұрғанына көзім жететін. Енді, міне, сол ыстық Отанда тағы бір тарихи сәтке куә болып отырсыздар. Мен де өз таңдауымды жасадым", - дейді ол. Айта кетейік, аталмыш қалаларда 2 мыңға жуық жерлестеріміз дауыс беруге тіркелген. |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Бүгін ел ертеңі үшін маңызды күн. |
Бүгін ел ертеңі үшін маңызды күн. Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі жақсы. Жасы жүзден асқан Ақсу ауданындағы жалғыз Ұлы Отан Соғысы ардагері Гаврил Степанович Моисеев, өз таңдауын жасап, дауыс берді. Ғасыр жасаған қария ел үшін маңызды істен шет қалмады. Қапал ауылының тұрғынының үйіне арнайы құрылған комиссия мүшелері барды. Гаврил Степанович тұрғылықты мекен жайы бойынша үйінен дауыс берді. «Сайлау бұл ел үшін аса маңызды шара. Елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық сайлауда өз дауысын беруге міндетті. Бұл ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтады.»,-дейді ҰОС ардагері Гаврил Моисеев. Естеріңізге саламыз Ақсу ауданында 44 сайлау учаскесі жұмысын жалғастыруда. |
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Сайлауға қатысу менің теңізге тамшыдай болса да қосқан үлесім. |
Джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Үкілай Ахметуәлиқызы бүгін медальдарын мойнына тағып, ерекше сән-салтанатпен тұрғылықты мекенжайы бойынша Текелі қаласындағы №441 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. «Мен қазір Текелі қаласындағы Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде джиу-джитсудан жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Жасым 22-де. Сайлауға қатысып, дауыс беруді азаматтық міндетім деп санаймын. Спортшылар қауымы да еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Сайлауға қатысу менің теңізге тамшыдай болса да қосқан үлесім. Жаңарған, дамыған, әділетті Қазақстанда өмір сүргіміз келсе, бәріміз жұмыла үлес қосқанымыз дұрыс», – деді Үкілай. |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Талдықорғандық жас отбасылар дауыс берді |
Эковолонтер, облыс әкімінің Көшбасшы- Үздік жас саясаткер номинантының иегері, әрі қаламыздың жас белсенді азаматы Ғазиз Аманжол 418 учаскеде отбасымен келіп, дауыс берді. Отасқанына 1 жыл толған отбасы саяси шараларда әрдайым белсенді. Кезектен тыс өткен Президент сайлау мен референдум барысында да өз азаматтық парыздарын орындаған белсенді отбасы. |
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ақсулық аттасы еліміздегі елеулі оқиғадан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. |
Ел үшін әрбір адамның дауысы маңызды. Мейлі ол ақын не әкім болсын. Екіаша ауылында қазақтың ғажайып ақыны мұзбалақ Мұқағалидың жырын жатқа оқитын Мұқағали Мақатаев есімді азамат тұрады. Бүгін елімізде орын алып жатқан саяси науқанға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстанды құру жолындағы таңдауымды жасадым,- дейді М.Мақатаев. Аты-жөні алып ақынды еске түсеретін ауыл азаматы өзі де өлең-жырдан кенде емес. |
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023 |