Жаңалықтар

Көпбалалы отбасы үшем ұлдарымен бірге келіп дауыс берді

Алдабергенов ауылында тұратын Имангабуловтар отбасы № 110 сайлау учаскесіне үшем ұлдарымен бірге келіп, дауыс берді. Бес баланың анасы Маржан Имангабулова бірде-бір сайлаудан қалып көрген жоқпын дегенді алға тартады. Тіпті балаларын да белсенді болуға үндеп, оларға үлгі көрсетіп келеді. Бүгінде сайлау учаскесіне екі жастан асқан үшем ұлдарын – Ернұр, Бекнұр, Алинұрмен бірге келіпті. «Сайлау учаскесіне ерте келіп, өз таңдауымызды жасадық. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмай саяси науқанға қатысуға тиістіміз. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жиі көңіл бөлінеді. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық», - дейді ауыл тұрғыны Маржан.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Қолөнерші отбасы дауыс берді

Қазақтың қолөнері – ұлттық мәдениетті насихаттайтын, байырғы, әрі құнды салалардың бірі болып табылады. Бүгінде осы ұлттық болмысты сақтап, дәстүрімізді дәріптеп, рухани жаңғыру жолында талмай еңбек етіп жүргендердің бірі – Шәмен әулеті. «Отбасымызбен сайлауға белсене қатысамыз деп нақты шешім қабылдадық. Мұнда барлық жағдай жасалған, әуезді ән, үлкенді сыйлап кішіге ізет көрсету сияқты әдептіліктің барлығы сақтауға тырысып жатыр. Әркім өз таңдауын жасауда» - деді шеберші. Отбасының отағасы – Жұманұр ағамыз қолөнер жолы оңай еместігін айтып, еш қиындыққа қарамай еңбек етумен қатар, өзінің ұл-қыздарын және шәкірттерін да өнерге баулып келеді. «Бізге қол өнер әкемізден дарыған. Әкеміз ағаштан түрлі бұйымдар жасауды үйреткен, оның осы ісін қазір жалғастырып келеміз. Қазақтың өнерін дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткізу ғана мақсатымыз бар» - деді ол. Он саусағынан өнер тамған отбасы мүшелерінің қай-қайсысы болсын ұлттық өнерді ж...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Задержанный в ИВС:

В день выборов в Коксуском районе люди, находящиеся в изоляторе временного содержания, также получили возможность проголосовать на парламентских выборах. Одним из них является 36 летний житель села Мукры. Он по решению суда был помещен в ИВС на 20 суток за вождение автомобиля в нетрезвом состоянии. Так получилось, что в день выборов он был изолирован. Поэтому мужчине дали возможность сделать свой выбор прямо в изоляторе. - Сегодня один из важных дней в жизни казахстанцев. Мы голосуем за будущее. Я свой выбор сделал. И в его правильности я не сомневаюсь. Главное, чтобы выбранные депутаты работали во благо нас, простого народа, защищали наши интересы и ликвидировали несправедливость. Спасибо, что дали возможность сделать свой выбор! - поделился он.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Сексеннің сеңгіріне шыққан Сарқандық Мұхаммедбек ақсақал таңдауын жасады.

Сексеннің сеңгіріне шыққан Сарқандық Мұхаммедбек ақсақал таңдауын жасады. Ақсақал Сарқан қаласындағы № 349 сайлау участкесінде, отбасымен келіп таңдауларын жасады. #ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды.

Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайдыEgemen.kz. Көпшілік бір-бірін мерекелерімен құттықтап, жуық арада «Көрісу күні» өткенін, алда әз-Наурыз мейрамы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан халқы барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп, жұдырықтай жұмылса, еліміздің өркендей түсеріне сенім білдірді. Сайлау учаскелерінде аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, барша халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жатыр. Күмбірлеген күй, әсем ән, әдемі жыр, бәрі-бәрі халыққа арналды. Көпшілік өз таңдауларын жасағаннан кейін, үйлеріне асықпастан әншілердің өнерлерін тамашалады. Олар сайлауда өз дауыстарын бергендері арқылы болашағымызға ықпал еткендеріне сенімді. Наурыз көжеден ауыз тиген жастар жағы үлкендерден көженің дайындалу жолын сұрастырып, пайдалы мағлұматқа қанығып қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

​Бейбіт Исабаев сайлауда дауыс берді

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан учаскеде таңдау жасаған Бейбіт Исабаев: - Бүгін мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жүрегім қалаған саяси партияға және жекелеген кандидаттарға дауыс бердім. Сол арқылы Қазақстанның болашағы үшін, жас ұрпақтың ертеңі үшін таңдау жасадым, - деді ол. Жетісу облысында барлығы 458 сайлау учаскесі, 443 мыңнан астам сайлаушы бар. Учаскелер таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап жұмысқа кірісті.
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Текеліде бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велосипедшілер дауыс берді

Текеліде бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велосипедшілер дауыс берді Бүгін Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде велосипедші жастар патриоттық рухты көтеріп, өз таңдауларын жасады. – «Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз» – дейді Ынтымақ Әленбек.
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Менің дауысым маңызды.

Осылай деген Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова бүгінгі саяси оқиғандан қалыс қалған жоқ. Жаркент қаласындағы №317 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берді. Әрбір сайлаушы азаматтардың дауыстары маңызды екенін жеткізді. "Дауыс беру дегеніміз болашақ үшін таңдау жасадық деген сөз. Сондықтан менің де сіздердің де дауыстарыңыз маңызды. Бүгінгі сайлау өте ерекше болды. Жекелеген азаматтар додаға түсіп жатыр. Жаңа Қазақстанның көрінісі осы" деді дала аруы атанған апа. Бүгінгі таңда ауданда 78 дауыс беру учаскесі болса, 84 мыңнан астам тұрғындар дауыс беру құқығына ие. #ЕлҮшінТаңдау,#ӨзКандидатыңдыТаңда,#Сайлауғабарамын,#ЖетісуСайлау
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Соғысқа да, сайлауға да барған ардагер

Бүгін – тарихи күн. Сарқан ауданы Қойлық ауылының тумасы 98 жастағы соғыс ардагері Берлібек Ысқақұлы №365 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берген сайлаушы болды. Ақсақал еліміздің жаңа дәуірге қадам басып, шалғай жатқан ауыл халқының үніне құлақ асатын жанашыр депутаттар сайлауда жеңіске жететіндігіне сенім білдіріп, ақ батамен жалғады. «Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалса да ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті», деді Берлібек ата. Айта кетейік, Жетісу облысында тіркеу қорытындысы бойынша барлығы 538 депутаттыққа кандидат тіркелді. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Жетісу облыстық бірмандаттық аумақтық №17 сайлау округінен – 13 кандидат сайлауға түседі. Онда 1 – кандидат «Аманат» партиясынан, 12 – кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

18 жасар Жетісу облысының тұрғыны өз дауысын берді

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтуде. Өз таңдауын жасауға алғашқылардың бірі болып 39 сайлау учаскесіне таңдау жасауға келген жақында 18 жасқа толған Дәулетқызы Әмина өз дауысын берді. «Бұл күннің менің өмірімде алар орны ерекше. Бүгін ел ертеңі үшін өз таңдауымды жасап, келешекке қарай нық қадам бастым деседе болады» — дейді сайлаушы. Сайлау учаскелеріне алғашқы болып келіп, дауыс бергендерге естелік сыйлықтар табысталды. Жалпы ауданда 44 сайлау учаскесі бар, таңғы сағат 7:00 бастап өз жұмысын бастады. Ауданда 7000 жуық жастар бар.
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.