Жаңалықтар

Қазақтың ұлттық аспабы- Домбыра

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Еліміз жаңа кезеңге аяқ басты. Жыл сайынғы жолдауының үшінші жаңғыру басталғанынын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі –саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін атап айтқан. Жағымды жаңалық жүрегімізге жылы ұялап, жанымызды жадыратты. Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды. Жыл сайын аталып өтілетін бұл мерекенің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі орасан зор. Екі шектің бірін қатты, бірін сәл- пәл кем бұра. Нағыз қазақ –қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана. Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын Деп бір ханда шанағына құйған оның қорғасын. Жалған сөйлеп көрген емес дәл сол кездің өзінде: Апп...
Толығырақ... Оқылды: 1243 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.07.2021

НҰРСҰЛТАН МЕН АСТАНА ЕГІЗ ҰҒЫМ

Тәуелсіздігіміздің төл тұғыры, Алаштың асқақ айбары ару астананың төрткүл дүниені түгел таңдандырған тарихи құбылысқа айналғанына биыл 23 жыл. Астана бүгінде – жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық. Елорда көркімен де, көлемімен де, көшбасшылығымен де төрткүл дүниені мойындатты. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н.Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берд...
Толығырақ... Оқылды: 1193 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2021

Талғар және Қаратал аудандарында үнділік індет табылды

Алматы облысында үнділік «Дельта» штаммын жұқтыру анықталды. Өңірде КВИ белгілері бар 17 мыңнан астам жағдай тіркелді. Ал, соңғы тәулікте 52 адам індетке шалдыққаны расталып отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды. Жетісу жері эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес, облыс жасыл аймақта орналасқан. Деседе, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Сарқан, Көксу, Талғар аудандары мен Текелі қаласында аурудың өсу қарқыны жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. «Эпидемиологиялық тексеру арқылы инфекцияның ықтимал орындары анықталды. Мәселен, бір отбасы мүшелері арасында – 23,1%-ы ауруды жұқтырып алған, базарларда - 11,5%, сауда нысандарында – 15,2%, қоғамдық көлік - 11,5% және отбасылық іс-шаралар (той, құдалықтар және басқалар) – 11,5 % сырттан келген жағдайлар тіркелмеген»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов. Облыста Талғар және Қарата...
Толығырақ... Оқылды: 1186 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2021

Абибеков Бауыржан Бақытұлы - аудан әкімінің 2021 жылғы 30 маусымдағы өкімімен Көксу ауданы әкімі аппараты басшысы лауазымына тағайындалды

Абибеков Бауыржан Бақытұлы - 1987 жылы 23 маусым Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Алматы технологиялық университетін экономика мамандығы бойынша, 2015 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқықтану бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласы бойынша салық департаменті салықтық әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2009 жылы Алматы қаласы бойынша салық департаменті салықтық әкімшілендіру басқармасының бас маманы; 2011 жылы «Көксу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; 2012 жылы «Көксу ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; 2012-2014 жылдары, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ішкі бақылау қызметінің бас маманы; 2014 жылы Алматы облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы-облыс әкімі орынбасарының көмекшісі; 2014-2016 жылдары, Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамт...
Толығырақ... Оқылды: 1298 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.06.2021

Жетісудың бас шаһары әлі де қызыл аймақта

Алматы облысында соңғы екі аптада коронавирус жұқтырудың 487 дерегі тіркелген. Өңірде вирустың өсу қарқыны 0,2% - дан 0,1% - ға дейін төмендеді. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,2% (5ж.), Жамбыл - 0,2% (20ж.), Қаратал - 0,3% (18ж.), аудандарында байқалған. « Бір тәулік ішінде КВИ-дің 37 жағдайы тіркелді, оның жетеуі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 2 жағдай анықталды. Облыс өңірлері арасында Ақсу ауданында-2, Балхаш ауданында-3, Енбекшіқазақ-3, Ескелді-1, Жамбыл–3, Іле-3, Қарасай-3, Қаратал-2, Сарқан-1, Талғар–2, Ұйғыр-1, жағдайдан, Талдықорған қаласында – 8, Текеліде -5 жағдайдан тіркелген»- деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев. Бүгінгі күні Алматы облысының тұрғындары арасында вакцинация жүргізілуде. Облысқа барлығы 379 475 доза вакцина келіп түскен, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 307 97...
Толығырақ... Оқылды: 1242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2021

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, превенция және парасаттылық басқармасының басшысы А.Садықов Ескелді ауданы әкімдігінде жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді. Кездесуге Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли, әкім аппаратының басшы құрамы және ауылдық округ әкімдері қатысты. Аясында, Ескелді ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Антикор басшысының бірінші орынбасары бірқатар проблемалық мәселелерді, соның ішінде ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша мәселелерді атап өтті. Сонымен, Жандос Жұмабаев профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстың нашар ұйымдастырылғанын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау,...
Толығырақ... Оқылды: 1249 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2021

Алматы облысының журналистері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов журналистерді кәсіби мерекесі - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Іс-шараға "Тенгриньюс" ақпараттық агенттігінің бас директоры Сұңқар Қарабалин, Қазақ теледидарының мэтрі, журналистика ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар , аудандық, облыстық және республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуге қатысушыларға құттықтау сөзінде облыс әкімі Амандық Баталов бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздің ақпараттық саясатын жүзеге асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы маңызды жетістіктері туралы айтты. - Бүгінде бізде БАҚ саласында өз ісіне берілген мыңнан астам талантты, білікті мамандар еңбек етеді. Сіздер оқырмандарыңыздың, көрермендердің және тыңдаушылардың мәселелерімен өмір сүресіздер, оларға жедел және сенімді ақпарат алуға көмектесесіздер.Сіздер облыс тұрғындарының мүддесін адал қорғап, халықпен сапалы кері байланысты қамтамасыз ет...
Толығырақ... Оқылды: 1261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2021

Медициналық скрининг дегеніміз не және оны не үшін өту қажет?

⠀ Бұл денсаулықтарына шағымданбаса да, ауруларды ерте сатысында анықтау үшін адамдарды медициналық тексеру. Скринингтен өту үшін пациенттің МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болуы қажет. Қайда өтуге болады? Тіркелген жері бойынша емханаларда. Ауыл тұрғындары үшін, олардың медициналық ұйымдарынан басқа, скринингтерді жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) және медициналық пойыздар жүргізеді. Скрининг жүргізу кезеңдері: Дайындық кезеңі - емханада медбике жүргізеді және мыналарды қамтиды: скринингтен өтетін адамдардың тізімін жасау; оларды скринингтен өту қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету; халықты зерттеуге шақыру; халықтың скринингтен уақтылы өтуін бақылау. Тексеру кезеңі-бұл учаскелік дәрігердің, бейінді мамандардың, медбикелердің қабылдауы, сондай-ақ скрининг түріне байланысты зертханалық және диагностикалық зерттеулер. Қорытынды кезең-толық тексеруді және анықталған патологиясы бар адамдарды динамикалық бақылауға қоюды қамтиды. Скринингтердің нәтижелері меди...
Толығырақ... Оқылды: 1286 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2021

Абайлаңыз, алаяқтар!

Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚО қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертеді. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері, сондай-ақ борышкерлердің деректер базасын көрмейтінін, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайтынын және шетелге шығуға тыйым сала алмайтынын хабарлайды. Клиенттермен барлық қарым-қатынас тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады. SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы хабарланады. Біз қазақстандықтарды қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өздерінің паспорт деректерін немесе цифрлық қолтаңбаларын бермеуді сұраймыз. Сіздің жеке кабинетіңізге кіре отырып, алаяқтар сіз туралы ақпаратты өз пайдасына пайдалануы мүмкін.
Толығырақ... Оқылды: 1344 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.06.2021

#ANTIKOR.LIVE: ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ТАРИФТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын iске асыру шеңберiнде, 2021 жылғы 25 маусымда «AntikorLIVE» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба бойынша «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары – Думан Қалибек тiкелей эфирге қатысып, «Табиғи монополиялар саласындағы тарифтік реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру туралы» тақырыбында әңгіме өрбітті. Тікелей эфир аясында комплаенс қызметінің тиімділігі, ISO 37001 стандартын енгізу туралы атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау туралы бірқатар сұрақтарға жауап берді. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемесі арқылы көре аласыз: https://www.facebook.com/anticorruption.almatyoblysy/videos/127609079481107 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойын...
Толығырақ... Оқылды: 1347 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.06.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.