
Абибеков Бауыржан Бақытұлы - 1987 жылы 23 маусым Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Алматы технологиялық университетін экономика мамандығы бойынша, 2015 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқықтану бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласы бойынша салық департаменті салықтық әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2009 жылы Алматы қаласы бойынша салық департаменті салықтық әкімшілендіру басқармасының бас маманы; 2011 жылы «Көксу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; 2012 жылы «Көксу ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; 2012-2014 жылдары, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ішкі бақылау қызметінің бас маманы; 2014 жылы Алматы облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы-облыс әкімі орынбасарының көмекшісі; 2014-2016 жылдары, Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы; 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды.