Жаңалықтар

Жетісу облысында «Робот-сот орындаушы» жобасының нәтижесінде 24 млн теңге үнемделді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту қарқынды жүзеге асырылуда. Әділет министрлігі «Digital Justice» жобалары аясында халыққа заң көмегін көрсету сапасын арттыру үшін бірқатар жаңа сервистерді енгізді. Қазіргі уақытта «E-ZanKomegi» жүйесі арқылы азаматтар онлайн режимде құқықтық кеңес ала алады. Сонымен қатар, «Zan Komegi» мобильді қосымшасы негізінде жасанды интеллект элементтері бар чат-бот әзірленуде. Бұл жаңашылдықтар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң қызметтерін барынша қолжетімді етеді. Атқарушылық іс жүргізу саласында да автоматтандырылған шешімдер енгізілуде. «Робот-сот орындаушы» жобасының нәтижесінде Жетісу облысында соңғы төрт айда 24 млн теңге үнемделді. Жоба борышкерлерге SMS және push-хабарламалар арқылы ескерту жібереді, ал қарызды өтеу процесі толығымен онлайн режимде жүргізіледі. Нотариат саласында да өзгерістер бар. Сенімхат...
Толығырақ... Оқылды: 122 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.02.2025

Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «E-zhetysu QR» жүйесі қосылды

Талдықорған қаласында білім беру саласындағы ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында «E-zhetysu QR» жүйесі іске қосылды. Алдағы уақытта жоба Жетісу облысының барлық аумағында кеңейтілетін болады. Бұл жүйе білім беру ұйымдарында балалардың келуін есепке алу үшін арналған. Қазіргі уақытта ол қаладағы мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын 16 мемлекеттік және 48 жеке меншік балабақшаға енгізілді. Сонымен қатар, жүйенің функционалын кеңейту аясында мектепке дейінгі мекемелерде тамақтану есебін автоматтандыру жоспарлануда. Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жүйе ҚР Оқу-ағарту министрлігінің № 372 бұйрығына сәйкес Қаржы орталығымен интеграциялануда. Бұл мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою, балаларды қабылдау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үдерістерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы бұйрыққа сәйкес, Жетісу облысында биылғы наурыз айын...
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.02.2025

Су тасқыны қауіпсіздігі

Бұқаралық ақпарат құралдарында Су тасқыны мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бастап өңірлік мерзімді баспа басылымдарда, интернет ресурстарда, әлеуметтік желілерде30-дан асаақпараттық материал жарияланды. «Жетісу» телеарнасынан3сюжет көрсетілді. Сонымен қатар, ақпан айының 6-7 күндері ұйымдастырылған«Көктем – 2025» су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық оқу-жаттығулары жан-жақты ақпараттандырылды. Баспа басылымдарында «Жетісудағы эвакуациялық пункттер ТЖ жағдайында қалай әрекет етеді» тақырыбында жарияланған мақалада, ТЖД қызметкерлері төтенше жағдай кезіндегі, оның ішінде су тасқыны болған жағдайда іс-қимыл алгоритмі туралы түсіндірді. Халықты қорғаудағы негізгі элементтердің бірі зардап шеккендерді қабылдау пункттері, апат аймағынан эвакуацияланғандарға тамақтану, медициналық және психологиялық көмек туралы ақпарат толыққамтылған.
Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.02.2025

Арал азаймаса екен

Арал теңізінің тартылуы – ХХ ғасырдың ең ірі экологиялық апаттарының бірі. Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Солтүстік Аралды (Кіші Арал) қалпына келтіру бойынша маңызды қадамдар жасалды. Қазіргі таңда бұл өңірдің экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағдайы айтарлықтай жақсарып келеді. Солтүстік Аралды қайта жандандырудың басты жетістіктерінің бірі – 2005 жылы салынған Көкарал бөгеті. Бұл бөгет теңіздің солтүстік бөлігін оңтүстігінен бөліп, судың жиналуына мүмкіндік берді. Жобаның нәтижесінде теңіз деңгейі 12 метрге көтеріліп, су тұздылығы төмендей бастады. Бұл балықтардың қайта оралуына және жергілікті экожүйенің қалпына келуіне ықпал етті. Судың қайта келуімен бірге Арал өңіріндегі өсімдіктер мен жануарлар әлемі де жанданды. Бұрын жойылып кетудің алдында тұрған балық түрлері қайта пайда болып, балық аулау кәсібі дамып келеді. Су көлемінің артуы ауадағы тұзды шаңның азаюына да әсер етіп, аймақтағы климаттық жағдайды жақсартты. Солтүстік Аралды қал...
Толығырақ... Оқылды: 157 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 12.02.2025

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босату ұсынылды

Қаржы министрі Мәди Такиев пен Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі Үкімет ұсыныстарын талқылады, деп хабарлайдыEgemen.kz. Кездесу «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды, оған бизнестің, қауымдастықтардың, қоғамдық және салалық бірлестіктердің 150-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының, өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының өкілдері, Астана кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңестерінің және өңдеу және фармацевтика, медицина өнеркәсібі комитеттерінің, «Атамекен» ҰКП, «Alageum Electric» компаниялар тобының, «Petro mining» қауымдастығының мүшелері және басқалар бар. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесі теңгерімді болуы тиіс екенін атап көрсетті. Бұл нақты нұсқау болды. Ол бизнес пен мемлекеттің мүдделерін ескеруі керек....
Толығырақ... Оқылды: 164 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.02.2025

Жетісу облысы соттарында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға 124 млн теңге айыппұл салынды

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық соттардың 2024 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының судьялары қатысты. 2024 жылы Жетісу облысы соттарымен 142 млн көлемінде айыппұл салынған, оның ішінде 124 млн сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар бойынша салынған. Бұл салынған айыппұлдардың 87 пайызын алып тұр. Өткен жылы облыс соттарына 1 191 қылмыстық іс түскен. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17%-ға артық. Жалпы 880 адам сотталып, олардың 276-сы бас бостандығынан айырылды. Ал әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 9 459 әкімшілік іс түсті. Оның ішінде 8 700 іс мәні бойынша қаралып, 1 595 іс тоқтатылды. Барлығы 5 105 адамға әкімшілік жаза қолданылды. Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына байланысты 140 Еурохаттама толтырылды. Өткен жылы азаматтық істердің саны артты. Барлығы 19 365 талап арыз және 832 іс тіркелген. Аяқталған істер саны...
Толығырақ... Оқылды: 173 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2025

Жетісу облысында жүк жолаушылар әуежайын салу жоспарлануда

Жаркент қаласында жүк-жолаушылар әуежайын салу жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев айтып берді. Жетісу облысында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2024 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 41,2 млрд теңге бөлініп, оның 26,4 млрд теңгесі облыстық маңызы бар жолдарды жаңарту мен жөндеуге бағытталды. Жыл қорытындысы бойынша 193,4 шақырым автожол жөнделіп, бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды: • 38 шақырым жол қайта жаңғыртылды; • 3 көпірге күрделі жөндеу жүргізілді; • 155,4 шақырым жолға орташа жөндеу жасалды. Сонымен қатар, жолдардың ағымдағы жөндеуі мен күтіміне 2,2 млрд теңге бөлініп, жоспарлы жұмыстар атқарылды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық маңызы бар «Алматы – Өскемен – Қапал...
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2025

Жетісу облысының шалғайдағы Лепсі ауылына биыл ауыз су жүйесі тартыла бастайды

Жетісу облысының шалғайдағы шекаралық Алакөл ауданында 56 елді мекеннің 48-іне немесе 85,7%-на орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Мәселен, биыл Лепсі ауылына ауыз су желісі тартыла бастайды. Сонымен қатар осы жылы Қоңыр ауылында су жүйесінің құрылысы мен Теректі ауылында жаңғыртудың 2-ші кезегі басталады деп күтілуде, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Лепсі ауылындағы 1980 жылдары салынған ауыз су жүйесі қазір қолданыста емес. «Лепсі ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобада 49,4 км сумен жабдықтау желілерін, 2 сорғы станциясы мен 2 резервуар, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станция, дизельді электр станциясын салу көзделген. Бүгінгі таңда мердігер ұйым анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын ауданның ауа райы жағдайын ескере отырып, сәуір айында бастау жоспарланып отыр», - делінген басқар...
Толығырақ... Оқылды: 106 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2025

Жетісуда «Көктем – 2025» су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық оқу-жаттығулары өтіп жатыр

Жетісу облысында азаматтық қорғаныс жүйесін көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға дайындау және халық пен аумақтарды су тасқыны қаупі кезінде қорғау бағытындағы іс-қимылдарды пысықтау мақсатында «Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Оқу-жаттығу аясында барлық аудан мен қалада су басу қаупі жоғары учаскелерде практикалық шаралар өткізілуде. Жаттығу барысында қорғаныс нысандарын нығайтуға және су тасқыны жағдайына дайындыққа ерекше назар аударылуда. Су тасқынына қарсы оқу-жаттығу шарасына аудандардың азаматтық қорғаныс қызметтері мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және инженерлік техникасы жұмылдырылды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қаратал ауданы Тастөбе ауылының маңында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев арнайы барып, тиісті қызметтер мен инженерлік техниканың жеке құрамын тексерді. Мәселен, Тастөбе ауылындағы мектеп...
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.02.2025

Жұмыссыздар саны азаймақ

Мем­лекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаевтың жан-жақты қолдауы­ның арқасында өңір­ге әлеует­ті инвесторлар тарту жұмы­сы жүйе­лі түрде жүргізіліп жатыр. Өте керемет жаңалық! Жұмысшылар саны көбейген сайын елімізде жқмыс қарқынды түрде жүретін болады. Жұмыссыздар саны азайып, кедейшілік аз болмақ. Қалай болғанда да, елімізде жұмыспен қамту жөнінде жұ­мыс­тар жүйелі жүріп жатқандай. Тек еңбекке деген ынта-жігер болса бол­ғаны, екі қолға бір күрек табылады. Қазір жалақым аз, анаған жетпейді, мынаған жетпейді деп, қанағат етпей жүргенде, айлап жұмыс таппай жүрген замандастарды көріп тәубе айтуға тура келетін заман. Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар негізінде елдегі жұмыссыздық көрсеткіші азайып, халықтың әл-ауқаты арта түспек. Ардагүл Әскербек “Нұрлы Көксу” газетінің бас редакторы
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 07.02.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.