Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары Құрылтай сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары Қазақстандағы Құрылтай алғашқы сайлауының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, сайлау комиссияларының дайындық деңгейін және азаматтардың белсенділігін ерекше атап өтті. Таңертең сайлау учаскелеріне барғаннан кейін миссия мүшелерінің дауыс беру барысына қатысты ешқандай ескертулері болған жоқ. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының үйлестірушісі, Ресей Мемлекеттік Думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполовтың айтуынша, миссия өкілдері таңертең бірнеше сайлау учаскесіне арнайы барған. Байқаушылар №192 учаскеде оның ашылу рәсіміне де қатысқан. Оның сөзінше, барған барлық учаскелер дауыс беруді өткізуге қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. — Біз барған барлық учаскелердің ешқайсысын бөліп-жармай атап өткім келеді: ұйымдастыру деңгейі де, дайындық деңгейі де өте жоғары. Учаскелер сайлаудың заңнама талаптарына қатаң сәйкес өтуі үшін қа...
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Дауыс беру учаскелерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды

Бүгін Көксу ауданындағы дауыс беру учаскелерінде тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар ұсынылып, қатысушылар өзара бақ сынады. Ұлттық ойындар халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін насихаттап қана қоймай, тұрғындар арасында көтеріңкі көңіл күй мен жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етті. Аталған шаралар ұлттық мұраны дәріптеп, өскелең ұрпаққа ата дәстүрді танытуға бағытталды.
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

«Соңғы 10 жылда елдегі ұрлық пен бұзақылық көрсеткіші бірнеше есе төмендеді»

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаментінің басшысы Манарбек Ерназаров «Заң мен тәртіп» қағидатына арналған дискуссияға қатысты. Ол азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениеті туралы айтып, статистикалық мәліметтерді бөлісті.
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Уызмай зауытының қызметкерлері дауыс берді

Көксу ауданындағы «Уызмай» зауытының қызметкерлері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. Зауыт ұжымы азаматтық белсенділіктерін танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беруге атсалысты. Әр дауыс – маңызды таңдау!
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Тыл ардагері сайлауға барды

Текелі қаласындағы «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында орналасқан 454-ші сайлау учаскесінде 92 жастағы тыл еңбеккері Валентина Вострикова Құрылтай сайлауына қатысып, дауыс берді. Қазыналы қария өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Оның сайлауға қатысуы ел тағдырына бейжай қарамай, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айқындайтын өнегелі қадам саналады. Аға буын өкілінің белсенділігі жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және ел болашағына жанашырлықпен қарауға үндейді. Ел көлемінде өтіп жатқан ауқымды саяси науқан барысында азаматтардың өз құқықтарын пайдалануы қоғам бірлігін нығайта түседі. Мемлекет тарапынан әрбір сайлаушының, соның ішінде ардагерлер мен қариялардың өз еркін еркін білдіруі үшін барлық жағдай жасалған.
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Белсенді азаматша дауыс берді

Көксу ауданының қоғам белсендісі, блогер Айнұр Алтынбекова бүгін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Азаматтық жауапкершілігін танытып, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға өз үлесін қосты. Әр дауыс – ел болашағына жасалған таңдау!
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Қытайдағы қазақстандықтар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр

Дәл қазір әлемнің 61 елінде 79 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде Қытайдағы қазақстандықтардың дауыс беруге белсенділігі жоғары. Тілші Әйгерім Тұран Қытайдың Бейжің қаласынан тікелей байланысқа шықты. Оның айтуынша, бұл елде қазақстандық жастардың үлесі басым. Қазір Қытайда 6 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр. Бүкіл Қытай аумағында төрт сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Олар Бейжің, Гонконг, Сиань және Шанхай қалаларында орналасқан.
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026

Сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды

Құрылтай сайлауына келген сайлаушылар үшін арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде тұрғындарға түрлі азық-түлік пен қажетті өнімдер ұсынылып, сауда жасауға қолайлы жағдай жасалды. Шараға келген тұрғындар өздеріне қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке тұрғындардың көңілінен шығып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мұндай шаралар тұрғындардың басын қосып, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және қоғамдық белсенділікті арттыруға оң ықпал етеді.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026

Көксу ауданының әкімі дауыс берді

Бүгін Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аудан әкімі дауыс беру рәсіміне қатысып, азаматтық міндетін орындады. Сайлау – елдің болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық-саяси үдеріс. Оған әр азаматтың белсенді қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Дәулет Кенжеханұлы аудан тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды. Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес!
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.