Жаңалықтар

Жетісу облысында 117 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Жетісу облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту жұмыстары жалғасуда. Қор филиалының ресми мәліметіне сәйкес, өңірде тіркелген 656 мың тұрғынның 82,1%-ы ғана сақтандырылған мәртебесіне ие. Ал 117 555 адамның (17,9%) бұл мәртебесі жоқ. Мәселені шешу мақсатында облыс әкімінің орынбасары төрағалық ететін өңірлік штаб белсенді жұмыс жүргізуде. Штабтың бастамасымен соңғы айларда 25 мыңнан астам азамат сақтандырылғандар қатарына қосылды. 2025 жылдың алғашқы бес айында облыс тұрғындары МӘМС аясында 15 млрд теңгеге медициналық қызмет алған. Бұл ретте жарналар мен аударымдар көлемі небәрі 7,8 млрд теңгені құраған. Яғни көрсетілген қызмет шығындары түсімдерден едәуір көп. Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары технологиялық 171 ота жасалып, оған 800 млн теңге бөлінді. Оның ішінде, тек кардиологиялық орталықта 116 ота жасалған. Бір операцияның құны 3 млн теңгеден 9 млн теңгеге дейін жетеді. Қор тарапынан медициналық ұйымдарға төлем жасамас бұрын қызмет сап...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025

Талдықорғанда кәсіпкерлікті дамытуға 30 адамға грант берілді

2024 жылы Талдықорған қаласы бойынша 30 азаматқа кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік грант берілді. Мансап орталығы тарапынан жүргізілген мониторинг нәтижесінде грант иегерлерінің жеке құжаттары мен комиссия отырыстарының хаттамалары толықтай тексерілді. Алайда, мониторинг барысында бірқатар келеңсіз жайттар анықталды. Атап айтқанда, 5 грант иегері мүлдем есеп тапсырмаған, ал 8 адамның зейнетақы қорына жарна аудармағаны белгілі болды. Сонымен қатар, 6 азаматтың порталға құжаттарын жүктемегені және есептерін жолдамағаны анықталды. Қалған 24 грант иегері есептерін уақтылы тапсырып отыр. Айта кетейік, 2025 жылға арналған гранттарды бірінші легі бойынша өтінімдер 21 мамыр мен 3 маусым аралығында қабылданды. Бүгінгі күнге дейін 69 өтінім тіркелген. 2025 жылдың есептік кезеңінде 78 жас маман жастар тәжірибесіне жолданған. Оның ішінде 6 маман түрлі себептермен жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта 72 жас 48 мекемеде қызметін жалғастырып жатыр. Маусым-шілде айларында 70%-дық көрс...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.06.2025

Жетісу облысы әкімінің БАҚ өкілдері арасындағы «Құлагер» байқауы жарияланды, барлықтарыңыз қатысыңыздар

Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.06.2025

Ядролық инжиниринг саласындағы жетекші әлемдік тәуелсіз компаниялардың бірі Assystem Қазақстан Республикасының атом-энергетикалық бағдарламасын іске асыруда қолдау көрсету мақсатында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС (ҚАЭС) техникалық кеңесшісі р

AssystemАЭС жобасын іске асыру үшінинжиниринг, жобаны басқару және құрылыс жұмыстарын кешенді ұсынуда және қадағалауда ҚАЭС техникалық кеңесшісіқызметін атқаратын болады.Компанияатом энергетикасын дамыта бастаған көптеген елдермен, соның ішіндеБіріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Түркиядағыжақында жүзеге асқан жобаларды қамтитынын ескерсек,Assystemхалықаралық атом энергетикасы саласында теңдесі жоқ тәжірибеалып келеді.Сонымен қатар,AssystemФранция мен Ұлыбританияныңұлттық атом бағдарламаларынүйлестірудежетекші орын алады. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту«Қазақстан-2050»Стратегиясының бір бөлігі болып табылады.Оның мақсаты электр энергиясының қазіргі уақытта шамамен 70 %-ынқұрайтын көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтып, баламалы көздерден электр энергиясын өндіру үлесін 50 %-ға дейін жеткізу.2025 жылдың басынан бастапAssystemозық халықаралық тәжірибе негізінде үлес қосып,АЭХА ұсынымдарына(NP-T-1.10)сәйкес технологияларды таңдау үшін ҚАЭС әдіснамасын жетілді...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.06.2025

Нашақорлыққа салыну болашағыңа балта шабу

Нашақорлық – бұл адамның психологиялық, физикалық және әлеуметтік жағдайына теріс ықпал ететін қауіпті жағдай. Ол тек адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, өмір сапасын да төмендетеді. Нашақорлықтың болашаққа әсері: 1. Денсаулыққа зиян – нашақорлық көптеген ауруларға, оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларына, бауыр мен бүйрек ауруларына, тыныс алу жүйесінің бұзылуына және жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін. 2. Әлеуметтік оқшаулану – нашақор адамдар көбіне қоғамнан алыстап, өздерінің жақындарынан және достарынан оқшауланады. Бұл олардың әлеуметтік жағдайын күрт төмендетеді. 3. Құқықтық салдары – есірткі заттарды қолдану заңға қайшы келеді және құқық бұзушылықтарға, оның ішінде заңсыз айналымға, полициямен қақтығыстарға әкелуі мүмкін. 4. Отбасылық дағдарыс – нашақорлық отбасында түсініспеушілік, зорлық-зомбылық және қаржылық дағдарыс тудыруы мүмкін. Бұл отбасының әл-ауқатына және әр мүшесінің психологиялық жағдайына...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2025

Жетісу облысы: өзгеріске толы үш жыл

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылы 8 маусымда Жетісудың жеке облыс болып қайта құрылған болатын. Осы үш жыл бойы аймақ әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша республикада үздік үштікке енді. Осы кезеңде облысқа 1,2 трлн теңге инвестициятартылды. Өңірде 712 мың гектар қайта айналымға кіріп, 500 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды. Тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 1 млн шаршы метр баспана салынды.Үш жылда әлеуметтік нысандардың 52 пайызы жаңарды. Қазіргі таңда 84 елді мекенге табиғи газ тартылды. Республикалық маңызы бар 500 шақырымға жуық жол реконструкциядан өтті, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Назарларыңызға 10 басты жетістіктер қатарын ұсынамыз: 1. Инвестициялық сала мен өнеркәсіпте.2022-2024 жылдары жалпы көлемі 135 млрд теңгеден асатын 135 жоба жүзеге асты. Осы кезеңде облысқа 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылса, оның 796 млрд теңгесі – жеке инвесторлар қаржысы. Бұл ретте Талдықорған қаласында өндіріс аккумуля...
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2025

Экологиялық жағдай өңірде тұрақты деңгейде сақталуда

5 маусым - Қазақстанда Эколог күні. Бұл - таза ауа, су мен жерді қорғауда алдыңғы шепте тұрған мамандардың кәсіби мерекесі. Жетісу облысында осы күнге орай өткен жылдың экологиялық жұмыстары қорытындыланып, негізгі жетістіктер мен өзекті мәселелер атап өтілді. Өңірдегі өндіріс пен көлік инфрақұрылымының жоғары жүктемесіне қарамастан, өткен жылғы жұмыстардың нәтижесі бойынша экологиялық жағдай тұрақты күйінде қалды. Экология департаменті басшысының орынбасары Ерасыл Бекжановтың айтуынша, бұл тек лимиттердің қайта қаралуы ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау шараларының енгізілуі арқасында мүмкін болды. Өткен жылы ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 13,3 мың тоннаны құрады, бұл белгіленген 45,1 мың тонна лимиттен әлдеқайда төмен. Аумақ үшін маңызды мәселенің бірі - бейберекет қоқыс тастайтын жерлер. Өткен жылы ғарыштық мониторинг көмегімен 243 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. 2025 жылғы мамырдағы жағдай бойынша олардың 229-ы (яғни 94%-ы) жойылды. Жүргізілген жұмыст...
Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2025

Жетісу облысында жыл басынан бері 54 келі түрлі есірткі тәркіленді

2025 жылдың басынан бері Жетісу облысында есірткі айналымына қатысты 75 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13-ке артық. Заңсыз айналымнан 54 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде синтетикалық түрі – 15 келіден астам. Сонымен қатар, 34 әкімшілік сипаттағы құқық бұзушылық анықталды. Наурыз айынан бастап есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді – бұл үшін айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар 236 адам есепте тұр, оның 47-сі - 29 жасқа дейінгі жастар. Есірткі қылмыстарына қарсы күрес аясында қылмыстық топтар ұсталып, Алматы қаласының полициясы және ҰҚК-мен бірлескен операциялар жүргізілді. 1100-ден астам есірткіге қатысты сайттар мен 800-ге жуық көлеңкелі банк шоттары бұғатталды. 1 маусымнан бастап есірткі құрамындағы өсімдіктерді заңсыз өсіруді анықтау және жою мақсаты...
Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2025

Жетісу облысында «Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдау жүріп жатыр

Жетісу облысында отбасы институтын нығайту және үлгілі отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатындағы ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік кезеңі басталды. 2025 жылы байқауды өткізуге жергілікті бюджеттен 9 миллион теңге бөлінді. Жоба аясында түрлі тренингтер, семинарлар, спорттық эстафеталар мен Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарланған. Өтінім қабылдау 15 мамырда басталып, 15 маусымға дейін жалғасады. Қазіргі таңда 73 отбасы тіркелді. Байқау бірнеше кезеңнен тұрады: 15-30 маусым аралығында аудандық және қалалық комиссиялар әр аумақтан екі отбасын іріктейді. 1-15 шілде аралығында облыстық комиссия жеңімпаздарды анықтайды. Үздік үш отбасыға ақшалай сыйлықтар табысталады, тағы жеті отбасы ынталандыру сыйлығын иеленеді. Бас жүлде иесі Астана қаласындағы салтанатты марапаттау рәсіміне шақырылады. Өтінімдер қағаз немесе электронды түрде жергілікті ішкі саясат бөлімдері арқылы қабылданады. Міндетті түрде толық құжаттар пакеті ұсынылуы тиіс: жеке куәліктер, куәл...
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.06.2025

Жетісу облысында Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу

Биыл Қасиетті Құрбан айт мерекесі 5 маусым - Арафа күнінен басталып, 6, 7 және 8 маусым күндері аталып өтеді. Облыс аумағында Айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат 06:00-де оқылады. Құрбандық шалу рәсімі 3-бөлімшеде орналасқан қасапханада ұйымдастырылады. Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру аясында аудан және қала аумақтарында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мүмкін болатын резонанстық жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мал сату және союға арналған орындар анықталып, тұрғындар алдын ала хабардар етілді. Сонымен қатар, мал сою орындарында санитарлық-ветеринарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы қатаң бақылауға алынған. Құрбан шалу тәртібі туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде кеңінен таратылып жатыр. Облыс аумағында Құрбан айт мерекесіне орай 14 ресми қасапхана белгіленген. Аудан және қала мешіттерінің бас имамдары арқылы құрбан шалу рәсімін өткізу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, құрбандық шалудың фот...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.06.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.