Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады |
| Қасым-Жомарт Тоқаев Cerberus Capital Management компаниясының инвестицияларды басқару саласындағы жаһандық көшбасшылығын жоғары бағалап, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру ниетін құптады. Президенттің айтуынша, компанияның стратегиясы Қазақстанның ұлттық экономиканы әртараптандыру жөніндегі басымдықтарына сай келеді. Еліміз көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарта отырып, бағыттардың өткізу мүмкіндігін кеңейтуге қарқынды түрде кірісті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи келісімге қол қойылуы Орта дәліздің маңызды сауда жолдарының бірі ретіндегі маңызының арта түсуіне оң әсер ететінін атап өтті. Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі алты есе артты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы компанияның технологиялық платформа мен цифрлық экожүйені тарату саласындағы ауқымды тәжірибесін атап өтіп, Қазақс... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2025 |
Президент Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскиді қабылдады |
| Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады. Президент Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ «Қазақтелеком» компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді. Ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ету және киберқауіпсіздікті нығайту секілді стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Amazon тек елімізге қатысты жобаларды жүзеге асырумен шектелмей, Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырып отыр. Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында «Қазақтелеком» және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісі... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2025 |
Жетісу облысы Көксу ауданының медиаторлар тізімі |
| Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.09.2025 |
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. |
| 174 - бап - «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру» Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату. Алауыздықты қоздыру алдын ала болжауға болмайтын салдарға, халықтың әртүрлі топтары арасындағы қақтығыстар мен қайшылықтарға, экстремистік және террористік топтардың пайда болуына, олардың одан әрі билікті кез келген... |
| Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.09.2025 |
Президент Жолдауына түсіндірме |
| 5514 әскери бөлімнің командирі, полковник Амир Мансуров Қазақстан Президентінің Жолдауына қатысты пікір білдірді. 2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбымен Жолдауын жариялады. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап, цифрлық трансформацияның ұлттық қауіпсіздік, білім беру, экономика және қоғамдағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыру, жастардың жаңа технологияларды игеруіне жағдай жасау және заманауи қауіп-қатерлерге дайын болу қажеттігін баса айтты. Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімі Жолдауда көтерілген ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әскерді заманауи жабдықтармен қамту және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелерін ерекше назарға алды. Полковник Амир Мансуров түсіндірмесінде: – Президентіміздің Жол... |
| Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
Президент Жолдауы – Жаңа Дәуірге Қадам |
| 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің даму бағытына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, нақты міндеттерді айқындады. Жолдаудың басты тақырыбы – «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында жасанды интеллект (AI)– елдің болашағына тікелей әсер ететін басты бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл – заман талабы, жаһандық технологиялық жарыстың жаңа кезеңі. Жасанды интеллектті дамыту тек ІТ саласына ғана емес, білім, медицина, ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқаруға да серпін береді. Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан бұл технологияны тұтынушы ғана емес, жасаушы елге айналуы тиіс. Ол үшін: — Зияткерлік кадрлар даярлау; — Ғылыми-зерттеу орталықтарын дамыту; — Ірі технологиялық серіктестермен жұмыс істеу қажет. Жасанды интеллект – бол... |
| Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект және медиа» бағдарламасы іске қосылды |
| Елімізде алғаш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінде «Жасанды интеллект және медиа» білім беру бағдарламасы ресми түрде реестрге енді. Бұл бағдарлама – медиа мен заманауи технологияны ұштастыратын жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған маңызды қадам. Жаңа білім беру бағдарламасы аясында болашақ медиамамандарға жасанды интеллект, нейрожелі, үлкен деректермен жұмыс істеу, Data Science, Python бағдарламалау тілі сияқты пәндер оқытылады. Бұл пәндерді меңгерту үшін IT факультетінің оқытушылары да оқу процесіне тартылады. Сонымен қатар, білім алушылар ҚазҰУ-дың суперкомпьютерлік ресурстарын да пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл жоба ғылыми-педагогикалық бағыттағы екі жылдық магистратура деңгейінде іске қосылып отыр. Болашақта осы бағыт бойынша бакалавриат бағдарламасын ашу да жоспарланған. Аталған бастама Farabi University ұжымының Қазақстанда 2024-2029 жылдарға арналған... |
| Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
Үкімет туризм саласын дамыту мәселелерін талқылады |
| Үкіметте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында туризмді дамыту жұмыстары қаралды, –деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңеске орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің өкілдері қатысты. Жиында туристік аймақтардың жағдайы және Президент тапсырмаларын орындау бойынша есептер тыңдалып, негізгі туристік дестинацияларға жасалған іссапарлардың қорытындысы ұсынылды. Ермек Көшербаев қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтіп, инфрақұрылымды жақсарту мен қызмет сапасын көтеру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, туризмді дамыту тек экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға және өңірлердің дамуына ықпал етеді. Осы мақсатта курорттық аймақтарды алдағы маусымға даярлау, заманауи инфрақұрылым салу және жоғары сервис с... |
| Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
2025 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға жаңа жобалар жүзеге асады |
| Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда саланың қазіргі жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Искаков мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы тұрақты мемлекеттік қолдау мен инвестициялық бастамалардың нәтижесінде жаңа деңгейге көтерілу үстінде. 2025 жыл осы бағыттағы шешуші кезең болмақ. Мәселен, «Ауыл Аманаты» бағдарламасына республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 342 өтінім келіп түсті, құжаттарды қабылдау жалғасуда. «Әкімдер мектебі» жобасы аясында 2025-2029 жылдарға арналған 608 инвестициялық жоба әзірленіп жатыр. Субсидияландыру саясаты да қайта қаралып, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне бөлінетін қаржы икемді түрде жоспарлануда. 2024 жылы бөлінген қаражат көлемі 3,1 млрд теңгеге жетсе, биыл 464 өтінім бойынша 3,4 млрд теңге резервке қойылған. Бұл қаржыны тиімді басқарудың нақты көрсеткіші. Өсімдік... |
| Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |
Жетісу облысында емханаларға тіркеу науқаны басталды |
| 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Қазақстанда халықты алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына тіркеу жөніндегі жыл сайынғы науқан өтуде. Бұл үдерістің маңызы зор, өйткені денсаулық сақтау жүйесінің іргетасы дәл осы алғашқы медициналық көмектен басталады. Азаматтар осы деңгейде профилактикалық тексеруден өтіп, скринингтер жасатады, жалпы тәжірибе дәрігерлерінен, терапевттерден, педиатрлардан кеңес алады, сондай-ақ дер кезінде ауруларды анықтап, емделу мүмкіндігіне ие болады. Облыс бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмекті 13 медициналық ұйым көрсетеді, оның ішінде 11-і мемлекеттік, 2-і жекеменшік. Талдықорғанда төрт емхана жұмыс істейді: «ХАК» және «Нур-Авиценум» атты екі жеке медициналық орталық, сондай-ақ қалалық №1 және №2 мемлекеттік емханалар. Науқан кезеңінде әрбір азамат тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша емхананы таңдауға немесе ауыстыруға құқылы. Осы мерзімде берілген өтініш 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, егер таңд... |
| Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.09.2025 |

