Жаңалықтар
Көксу ауданында «ХАЙ-ТЕК» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді |
| Көксу ауданында «ХАЙ-ТЕК» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді 2026 жылғы 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығында облыс аумағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес «ХАЙ-ТЕК» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – интернет-алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың киберқауіпсіздік бойынша сауаттылығын арттыру және алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Осы бағытта Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан базары мен вокзалында тұрғындармен кездесіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері базарға келушілер мен сауда орындарының сатушыларына интернет-алаяқтардың қолданатын әдістері және олардың арбауына түспеудің жолдары туралы айтып берді. Кездесу барысында азаматтарға банк картасының нөмірі, құпия сөздер, SMS арқылы келетін растау кодтары және басқа да жеке мәліметтерді бөгде... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.08.2026 |
“Lotus Fest-2026”: 94 адам Run марафонына қатысты |
| “Lotus Fest-2026” фестивалі аясында Run марафоны өтті. Жарысқа 94 адам қатысып, 3 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қатысушылар арасында ең үлкені - 82 жастағы қария. Жарысқа әр жастағы тұрғындардың қатысуы бұқаралық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті. Финалға бірінші боп жеткен қатысушы Диар Куспанов марафоннан алған әсерімен бөлісті. - Мен марафонды бірінші боп аяқтадым. Сәл қиын болды, бірақ әсері өте керемет. Марафонды жүгіріп өткен әрқайсысы ерекше әсер алды деп ойлаймын. Алғашқы Run марафоны құтты болсын,- деді ол. Қатысушылар үшін бұл тек спорттық сайыс емес, табиғат аясында уақыт өткізіп, жақсы көңіл-күй сыйлаған ерекше шара болды. Марафон соңында барлық қатысушы өз межесін бағындырып, фестивальдің мерекелік атмосферасын жалғастырды. |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.08.2026 |
ҚҚДИ: Теледебаттар партиялар арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге мүмкіндік берді |
| Сайлауалды теледебаттар саяси партияларға өз бағдарламаларын жан-жақты таныстырып, бір-бірінен негізгі айырмашылықтарын көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы «Sarap» сарапшылар клубының отырысында Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 23 шілдеден бастап сайлауалды үгіт-насихат кезеңі өтіп жатыр. Саяси партиялар алдағы бес жылда басшылыққа алатын бағдарламаларын таныстырды. Жұлдызай Ысқақованың айтуынша, партиялардың барлық бағдарламасын егжей-тегжейлі зерделеу тіпті сарапшылардың өзіне де көп уақытты қажет етеді. Себебі бағдарламалар көлемі мен мазмұны жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Ол биылғы сайлау науқанының ерекшеліктерінің бірі ретінде саяси партиялардың қоғаммен байланысының жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Ұлттық деңгейде барлығы төрт теледебат өткізу жоспарланған. Оның үшеуі өтіп қойды. Ал саяси партиялар көшбасшылары қатысатын соңғы дебат 19 тамызда өтеді.... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.08.2026 |
Бюджет емес, нәтиже маңызды: Сарапшы медицина сапасының басты өлшемін атады |
| Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі қаржыландыру көлемін бағалаудан пациенттің өзі сезінетін нақты көрсеткіштерге – медициналық көмекті қаншалықты жылдам алатынына, тексерулер мен дәрі-дәрмектердің қолжетімділігіне көшуі керек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Мұндай пікірді «Sarap» сарапшылар клубының отырысында денсаулық сақтау саласының сарапшысы, дәрігер-анестезиолог Жаннұр Қалиғожин айтты. Сарапшының айтуынша, жаңа Конституция мемлекеттің әлеуметтік саладағы жауапкершілігін күшейтеді. Бұл ретте жаңа саяси модель үшін негізгі мәселелердің бірі – бекітілген кепілдіктердің азаматтардың өмір сүру сапасына қалай әсер ететіні. Қалиғожин елімізде денсаулық сақтау жүйесі біршама тұрақты қалыптасқанын атап өтті. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бар, емханалық медициналық қызмет дамыған, жоғары технологиялық медициналық көмектің кең ауқымы қолжетімді. Алайда оның пікірінше, дамудың келесі кезеңінде жүйені одан әрі кеңей... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2026 |
Сарапшы партиялардың сайлауалды бағдарламаларын қалай бағалау керегін түсіндірді |
| Сайлауалды бағдарламаларды бағалағанда қазақстандықтар партиялардың уәделеріне ғана емес, олардың қаншалықты жүзеге асатынына, сондай-ақ кандидаттардың кәсіби тәжірибесіне де назар аударуы керек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Sarap» сарапшылар клубының отырысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Жанар Санхаева мәлімдеді. Астанада «Адам және оның өмір сүру сапасы: электоралдық күн тәртібінің басымдықтары» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысы өтті. Талқылаудағы негізгі тақырыптардың бірі – адами капитал және оның саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларындағы орны болды. Жанар Санхаеваның айтуынша, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және адами капитал мәселелері жеті сайлауалды бағдарламаның барлығында қамтылған. Бұл бағыттар жастар мен ата-аналардан бастап аға буын өкілдеріне дейін халықтың түрлі топтарының мүддесіне тікелей... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2026 |
Азаматтардың өмір сапасы сайлау күн тәртібінің басты басымдығы – «Sarap» сарапшылары |
| 2026 жылғы 14 тамызда Астана қаласында Қазақстандық қоғамдық даму институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Адам және оның өмір сүру сапасы: сайлау күн тәртібіндегі басымдықтар» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді. Іс-шараға денсаулық сақтау және білім беру жүйесі ұйымдарының, салалық және кәсіби бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, академиялық және ғылыми-зерттеу қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ экономика және адами капитал саласындағы сарапшылар қатысты. Кездесу барысында сарапшылар азаматтардың өмір сүру сапасына және бұл мәселенің партиялық, қоғамдық және ақпараттық күн тәртібінде көрініс табуына қатысты негізгі мәселелерді талқылады. Пікірталас азаматтардың әл-ауқат деңгейіне және мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалауға тікелей әсер ететін халық үшін аса маңызды салалар - денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мәселелері аясында өрбіді. Қолданыстағы басымдықта... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2026 |
Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті – телефон арқылы жүргізілген сауалнама |
| Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 21 шілде мен 4 тамыз аралығында азаматтардың электоралды таңдауын анықтау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде (Астана, Алматы, Шымкент қалалары және 17 облыс) 1200 респонденттің қатысуымен телефон арқылы екінші сауалнама жүргізді. Анықталған деректер азаматтардың алдағы сайлау науқанына қазіргі уақыттағы көзқарасын бағалауға мүмкіндік берді. «Сіз 2026 жылдың 23 тамызында өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 73,8%-ы сайлау учаскелеріне баруға ниетті екенін айтты, 8,1%-ы дауыс беруге қатыспайды, ал 18,1%-ы әлі шешім қабылдамаған. Шілденің 8-і мен 20-сы аралығында жүргізілген алғашқы зерттеу деректерімен салыстарғанда, азаматтардың сайлауға қатысуының ықтимал белсендігі 2,5%-ға артқан, дауыс беруден бас тартатындардың үлесі 15,2%-ға азайған, ал әлі шешім қабылдамағандар қатары керісінше 1,7%-ға ұлғайды. Сайлауда дауыс беру жоспары туралы қала... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2026 |
«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғамның берік негізі |
| Елдегі қоғамдық тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде «Заң және тәртіп» қағидатының маңызы зор. Заң үстемдігі қалыптасқан қоғамда әр азамат өз құқықтарын біліп қана қоймай, өз міндеттерін де жауапкершілікпен орындауға ұмтылады. Көксу ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тәртіпті бақылап, тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Құқық бұзушылықтың алдын алу – қылмыс орын алғаннан кейін шара қолданудан әлдеқайда тиімді. Осыған байланысты тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, жол қозғалысы ережелерін орындау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. «Заң және тәртіп» қағидаты жастар тәрбиесінде де маңызды орын алады. Жас ұрпақтың бойында заңға құрмет, әділдік, жауапкершілі... |
| Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2026 |
Заң және тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі |
| Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты негіздерінің бірі – заң мен тәртіптің сақталуы. «Заң және тәртіп» қағидаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Көксу ауданында аталған қағидатты жүзеге асыру мақсатында құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығына жол бермеу және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау бағытында рейдтер мен түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылуда. Заң талаптарын сақтау – тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Өз құқығы мен міндетін білу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, айналадағы адамдардың құқықтарын құрметтеу – құқықтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруғ... |
| Толығырақ... Оқылды: 4 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2026 |
Көксу ауданында полиция қызметкерлері ерекше профилактикалық акция өткізді |
| Көксу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері мен аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен ерекше профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Акцияның басты ерекшелігі – тұрғындарға тазалық пен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын күнделікті тұрмыста еске салуға бағытталған ақпараттық жұмыстардың жүргізілуі. Осы мақсатта аудан аумағындағы бутиктерге «Қоршаған ортаны бірге қорғайық!» тақырыбындағы арнайы ескерту жапсырмалары орналастырылды. Ақпараттық жапсырмалар арқылы тұрғындар тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырылды. Сонымен қатар қоғамдық орындардың тазалығы әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты екені түсіндірілді. Полиция қызметкерлері мұндай бастамалардың тек құқық бұзушылықтың алдын алуға ғана емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал ететінін атап өтті. Ал кәсіпкерлер өз нысандарында ақпараттық м... |
| Толығырақ... Оқылды: 3 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.08.2026 |
