Жаңалықтар
«Ашықтық 100 пайызға қамтамасыз етілген»: Шетелдік байқаушылар Қазақстандағы сайлау барысы туралы |
| Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында Астанаға арнайы халықаралық байқаушылар мен шетелдік сарапшылар келді. Халықаралық сарапшылар тобы елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында орналасқан №225, 493, 494 сайлау учаскелерінің, сондай-ақ Ақмола облысы, Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе ауылындағы №751 сайлау учаскесінің жұмысымен егжей-тегжейлі танысты. Сарапшылар дауыс беру залының жабдықталуын, азаматтардың еркін таңдау жасауына жасалған жағдайды және комиссия мүшелерінің жұмыс сапасын оң бағалады. Шетелдік сарапшылар арасында Қазақстанға алғаш рет келген Испанияның халықаралық шолушы Альваро Эскалонилла да бар. Ол Құрылтай сайлауының ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Бұл – менің Қазақстанға да, Орталық Азияға да алғашқы сапарым. Қазақстан өз мүмкіндіктерін әлемге паш етіп жатыр. Сайлау өтіп жатқан учаскеде шетелдік БАҚ өкілдеріне толық жағдай жасал... |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Елдік таңдау жасалды |
| Тамшыбаева Злиха Жанболатқызының 90 жылдық мерейтойына орай З.Тамшыбай ауылының тұрғындары бір мезетте №246 сайлау учаскесіне барып, азаматтық белсенділіктерін танытып, өз таңдауларын жасады. Іс-шара барысында аудан өнерпаздары әсем әндерден ән шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы ән-күймен өрнектелген мерекелік шара ауыл тұрғындарына ерекше әсер қалдырып, игі бастамаға сән берді. |
| Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Еркеновтар отбасы дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданындағы №256 дауыс беру учаскесінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанған Еркеновтар отбасы дауыс беруге қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Ынтымағы мен берекесі жарасқан отбасы мүшелері елдің қоғамдық өміріндегі маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Еркеновтар отбасы үшін бұл күн – тек азаматтық таңдау жасау күні ғана емес, отбасы құндылықтарын, елге деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін маңызды сәт. «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған өнегелі отбасының сайлауға бірге қатысуы – отбасылық бірлік пен азаматтық белсенділіктің үйлесімін айқын көрсетеді. Ынтымағы жарасқан отбасы – елдің берік тірегі. Берекелі отбасы – берік мемлекеттің негізі! |
| Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
ӨНЕР АДАМДАРЫ ДАУЫС БЕРДІ |
| Бүгін Көксу ауданындағы мәдениет үйлерінің қызметкерлері мен«Өнер» мектебініңұжымы дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Домбыра және басқа да музыкалық аспаптарын алып келген өнерпаздар сайлау күніне ерекше сән беріп, көтеріңкі көңіл күй қалыптастырды. Өнер саласының өкілдері өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Өнер – ұлттың рухы, ал азаматтық таңдау – ел болашағына деген жауапкершілік! |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Әзербайжан этносы өкілдері дауыс берді |
| Бүгін Көксу ауданында Әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері №245 дауыс беру учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады. Этнос өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты. Әзербайжан этномәдени бірлестігі өкілдерінің сайлау процесіне қатысуы – еліміздегі қоғамдық келісім мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінің өзара татулық пен бірлікте өмір сүруі – ортақ құндылығымыз. Әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы елдің тұрақты дамуына үлес қосады. |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ҚҰРЫЛТАЙ - 2026 Уақыты: 23.08.2026 |
Өңір өнерпаздары Құрылтай сайлауында дауыс берді |
| Өңірдің мәдениет саласының өкілдері мен өнерпаздары Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Ән мен өнерді серік еткен шығармашылық өкілдері бұл маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық жауапкершіліктерін танытты. Өнерпаздар үшін елдің қоғамдық өміріне атсалысу, оның ішінде сайлауға қатысу – әр азаматтың маңызды міндеті. Олар дауыс беру арқылы ел болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, барша тұрғындарды белсенді болуға шақырды. |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Жастар алғашқы Құрылтай сайлауында белсенділік танытып жатыр |
| Бүгін сайлау учаскелерінде жастардың белсенділігі айқын байқалады. Жас қазақстандықтар дауыс беруге келіп қана қоймай, сайлау процесін ұйымдастыруға да өз үлестерін қосып жүр. Астанада учаскелердегі жұмысқа «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері атсалысуда. Жас волонтерлер азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, сайлау учаскесінде бағыт-бағдар көрсетуде, сондай-ақ алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлаудың маңызы туралы ақпарат беріп жатыр. Бүгін елорданың өзінде қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп клубтың 29 мүшесі жұмыс істеп жатыр. «Бүгін біз ерікті ретінде азаматтарға көмектесіп, сұрақтарына жауап беріп, қайда бару керектігін түсіндіріп жүрміз. «Жас сайлаушылар клубы» - жастарға сайлау процесіне тікелей қатысуға мүмкіндік беретін әрі оның ашықтығын арттыруға ықпал ететін бастама», - дейді клуб мүшесі Темірлан Мақұбаев. Клуб мүшелерінің айтуынша, жастар қазірдің өзінде елдің қоғамдық өміріне белсене араласуға ұмтылып келеді. «Біз, жастар, қазі... |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
«Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ж. Игіман дауыс берді |
| Қаламы қарымды қаламгер, «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ж. Игіман ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады. Қазақ әдебиетінің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қаламгердің дауыс беруі — азаматтық жауапкершілік пен ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі. Қоғам қайраткері үшін елдің қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаларға атсалысу — азаматтық ұстанымын білдірудің бір жолы. |
| Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты |
| Бүгін Қазақстанда еліміздің тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беруге белгілі мәдениет қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары, басқа да спортшылар мен шығармашылық сала өкілдері де қосылып жатыр. Олар еліміздің әр қаласындағы сайлау учаскелеріне келіп, еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға өз үлестерін қосты. Дауыс берген танымал тұлғалардың бірі – Қазақстанның халық әртісі, 96 жастағы Бибігүл Төлегенова. Опера әншісінің Алматыдағы үйінде дауыс беруіне жағдай жасалды. Өз таңдауын жасағаннан кейін Бибігүл Төлегенова биылғы сайлаудың айрықша мәніне тоқталды. «Бұл – Құрылтайға алғашқы сайлау. Мен өз таңдауымды жасадым. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп ойлаймын», – дейді опера әншісі. Сайлауға қазақстандық олимпиада қатысушылары да белсенді қатысып жатыр. Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматыдағы №382 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал спорттық гимнастикадан 2024 жылғы Олимпиа... |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
Құрылтай сайлауын бақылау үшін барлық жағдай жасалған – ШЫҰ бақылаушылары |
| Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр. Бұл туралы елордада Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығындағы баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының өкілі, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун мәлім етті. Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутаттарды сайлаудың дайындығына және оны өткізу барысын халықаралық деңгейде байқау үшін белсенді түрде қатысып жатыр. Айта кетейік, ШЫҰ өкілдері Қазақстанға 20 тамызда келіп, сайлау алдында дайындық жұмыстарын бағалау үшін түрлі сайлау учаскелеріне барған. – Бүгін таңертеңгі сағат 6:30-дан бастап біздің топ Астананың түрлі аудандарындағы бірнеше сайлау учаскесін аралады. Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заң бұзу дерегін байқаған жоқпыз және ешқандай шағым түскен жоқ. Дегенмен, процестің әлі де жалғасып жатқанын атап өткім келеді. Біздің команда сайлау процесін байқауды жалғастырада, сондықтан ертең осы жұмысты қорытындылаймыз.... |
| Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.08.2026 |
