Жаңалықтар

Өрт қауіпті кезең

Көктем келді, жүздеген демалушылар табиғатқа шығады. Алайда адамдардың абайсыздығы мен немқұрайлылығы кейде жойқын өртке айналады. ▫️ Өрттердің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес:- ғимараттар, құрылыстар мен ашық қоймалар арасындағы өртке қарсы қашықтық шегінде елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, сондай - ақ тұрғын үйлерге, саяжай және өзге де құрылыстарға іргелес учаскелер жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, ыдыстардан, түскен жапырақтардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазартылады; - қызметі дала, орман және Тоғай алқаптарында жүзеге асырылатын ұйымдардың басшылары өздеріне сеніп тапсырылған аумақта өрттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; - автомобиль және темір жолдар бойындағы орман екпелерін жыртуды периметрі бойынша-дала массивтері ведомстволық тиістілігіне және меншік нысанына қарамастан, жер телімдерінің шекаралары бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жыртылады. ▪️Өрттерді болдырмау мақсатында табиғатта болған кезде жанып жатқан сі...
Толығырақ... Оқылды: 2075 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.04.2021

Көксу ауданының ХҚО-ғы алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді.

Аталған шараға түсіністікпен қарауыңызды және шұғыл қажеттіліксіз ХҚО-ға бармауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан және eGov mobile мобильдік қосымшасында алуға болатынын еске саламыз! Алдын ала брондау жасау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы, сондай-ақ 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, жеке деректерді, өңірді, ХҚО бөлімін, баратын күні мен уақытты көрсету қажет. Біз дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейміз ( сенбі күні қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді) Отбасыңызға және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз!
Толығырақ... Оқылды: 2131 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

"Сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы" анықтаманы үйден шықпай-ақ алуға болады

1. Телеграм-бот @kenes1414bot Көрсетілетін қызметтер > сот жұмысы > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > смс-тен растау кодын енгізу > анықтама телеграмға хабарламамен келеді 2. EGov mobile мобильді қосымшасы Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама > қызметке тапсырыс беру > қол қою > анықтама хабарламаларға түседі 3. Портал арқылы eGov.kz Қызметтер > жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту > соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру > қызметке онлайн тапсырыс беру > қол қою > анықтаманы алу үшін 5-10 минуттан кейін жаңарту
Толығырақ... Оқылды: 1844 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

АУЫЛДЫҚ СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕРДІ АШУ – ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

Бүгін Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылдық округінде кезекті ауылдық сервистік әкімдік ашылды. Орталықтың ашылуына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Мақажанов және Қапшағай қаласының әкімі Н. Құматаев қатысты. Еске сала кетсек, өткен жылы Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялаған болатын. Осы тұжырымдамаға сәйкес, азаматтар билік өкілдеріне тікелей жолдап, толғандыратын сұрақтарға уақтылы жауап алуы үшін мемлекеттік органдарда бюрократиялық кедергілер болмауы тиіс. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігі «Jetisy-adaldyq alańy» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба шеңберінде мемлекеттік органдарды трансформациялауды ілгерілетіп, оларды жұмыстың сервистік моделіне көшіруде. «Сервистік әкімдік» мемлекеттік органдар жұмысының Open space форматындағы тиімді үйлесімі болып табылады,...
Толығырақ... Оқылды: 1854 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер сервистік қызмет алды

2021 жылдың басынан бастап Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер бизнесті ашу және жүргізу бойынша сервистік қызметтер мен кеңестер алды. Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлеріге қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз негізде қаржылай емес қолдау көрсетілді. Осы жылдың І тоқсанында өңірдің 635 кәсіпкеріне 637 сервистік қызмет көрсетілген, сондай-ақ 4249 кәсіпкер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғынға 4320 консультациялық қызмет берілген. «Негізінен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер ЖК, ЖШС тіркеу немесе қайта тіркеу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік-салықтық есептерді тапсыру сияқты қызметтерге жүгінеді. Аталған кезеңде Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге 188 бизнес-жоспар әзірледі. Оның ішінде 1,5 млрд теңгенің 32 жобасы жүзеге асырылды», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов. Кәсіпкерлер үшін барлық қажетті қызметтер өтеусіз болып та...
Толығырақ... Оқылды: 1810 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.04.2021

«Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану»

Аудандық білім бөлімі әдіскері Мұратқызы Малтаева Анаржәне педагог-логопедтер ассоциация жетекшісі Балғынбаева Айжан Сәулебайқызының ұйымдастыруымен «Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану» атты тақырыбында педагог-логопед жас мамандармен вебинар өтті.Вебинар инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, еңбектенуге көз қарастарын қалыптастыру және көмектесу арқылы тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. Тәжірибелі мамандардың жас мамандарға берері мол.Педагогикалық санада адамның дамуы, әлеуметтенуінің оның білім алу процесі ретінде тұрақты жүйеге түскен. Сондықтан, әртүрлі жағдайда, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру керек болған жағдайда және әртүрлі жас кезеңдерінде педагогикалық әрекеттерді оңтайландыру жолдарын іздеу ешқашан тоқталмайды.Түзету – педагогикалық процестегі арнайы білім беру принциптеріне сәйкес әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ерек...
Толығырақ... Оқылды: 1995 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.04.2021

Амалдарымыз бір Алла үшін болсын!

Кез-келген құлшылық қабыл болуы үшін ол Алла үшін жасалуы тиіс. Алла тағала Құранда: «Алайда шынымен тәубеге келіп, Аллаға бет бұрып, толық түзеліп, Алланың дінін шынайы ықласпен ұстағандардың жөні бөлек. Міне, солар мүміндермен бірге. Алла күндердің күнінде мүміндерді үлкен сый-сияпатқа бөлейді». Имам Ибн Кәсир жоғарыдағы аяттағы: «Аз болса да көзбояушылықтан сақтана отырып, бірақ шын ықыласпен Алланың дініне берілетін болса, жасаған ізгі амалдары пайда береді», – деп түсіндіреді. Демек, әрбір істеп жатқан іс-әрекетіміз, құлшылық-ғибадатымыз жалғыз Алланың разылығын қалап жасағанда ғана қабыл болады деген сөз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: Қиямет күнінде алғаш шақырылатындар: Құранды жаттаған қари, дін жолында өлген адам және көп дүние-мүлікке ие болған кісі. Алла тағала әуелі Құран жаттағаннан: - Мен саған пайғамбарыма түсірілген Құранды үйретпедім бе? - деп сұрайды. Ол: - Иә, Раббым, - деп жауап береді. Алл...
Толығырақ... Оқылды: 1670 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 20.04.2021

Коронавирустық инфекциядан кейін оңалтудан өтуді қалаймын. Ол үшін не істеу керек?

Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарласыңыз. Емханадағы дәрігер оңалту дәрігерінің немесе мультидисциплинарлық топтың Кеңесіне жолдама береді, олар жағдайды бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. Олар тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын арттыруға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Көрсетілімдер болған кезде оңалтудан үйде емделген және медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтар да өте алады. Олар үшін әрекеттер алгоритмі бірдей. Айта кету керек, медициналық оңалту функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты стационарлық және амбулаториялық жағдайда да жүргізілуі мүмкін. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 1817 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.04.2021

ӨЗІН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУШЫ МЕН ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІНІҢ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ БІР-БІРІНЕН ҚАНДАЙ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ БАР?

Дербес төлеуші ретінде айына 2125 теңге төленеді және бұл жарналар тек медициналық сақтандыруға төленеді. «МӘМС туралы» заңға сәйкес, мәртебе үнемі сақтандырылған болу үшін төлемдер уақытылы жасалуы керек. Сонымен бірге, 2020 жылдың қаңтарынан бастап соңғы 12 айда ешқандай қарыз болмауы керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде сақтандырудан бөлек салықтың басқа да түрлерін төлеу міндеттеледі: жарна зейнетақы аударымын (30%), жеке табыс салығын (10%), әлеуметтік сақтандыру шегерімін(20%) және МӘМС төлемін (40%) қамтиды. Қала тұрғындары үшін жарна мөлшері 2917 теңгені, ауыл тұрғыны үшін 1459 теңгені құрайды. «Сақтандырылған» мәртебесі 3 ай қатарынан төлемдер жасалған кезде пайда болады. Яғни, медициналық қызметтерді желтоқсан айында алу үшін төлемдер қазан, қараша және желтоқсан айларына төленуі керек. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 1768 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.04.2021

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ ЖАСАТУ ҚАЖЕТ?

Коронавирусқа күдіктенген науқастар үшін компьютерлік томография белгілі бір белгілер болған жағдайда ғана жасалуы керек. ⠀ КТ-ны қандай жағдайда өткен дұрыс? Ентігу, жөтел және жоғары температура болған кезде. Аурудың 4-5-ші күнінде, клиникалық көрінісі айқындалған жағдайда ғана компьютерлік томография жасалады. Егер вирустың жеңіл формасымен ауырсаңыз, тексерудің бұл түрінен бас тартқан жөн. ⠀ Сонымен қатар тексерудің басқа да балама түрлерін таңдай аласыз? ⠀ Жалпы қан анализі, рентген, ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ). Жоғарыда келтірілген талдау нәтижелері қабыну процестерін анықтауға және емдеу алгоритмін түзетуге көмектеседі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы
Толығырақ... Оқылды: 1642 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.04.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.