
Қашықтықтан оқыту – оқушы мен педагогтардың жұқпалы індет кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту тәсілі. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады. «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен оқушы арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті процесін қарастырады. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Биылда жұқпалы індеттің өршуіне байланысты, Мұсабек атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектептің білім алушылары да, індеттен сақтану заң-түзімдеріне сәйкес «оnline» және «offline» режимінде оқуларын жалғастыруда. Бүгінгі күні «оnline» оқуға оқушылар мен ұстаздар икемделіп кеткен. Оқушылар заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып білім алумен қатар, олардың қыр-сырын меңгеруде.
Биыл сәуір айының 5-9 аралығында мектебіміздегі оқушылар арасында "Шет тілін үйрену арқылы әлемді тану" тақырыбында орыс және ағылшын тілдерінің апталығы болып өтті. Апталықтаң мақсаты: оқушылардың функцияналды сауттылығын шет тілі арқылы дамыту, Бұдан сырт, барлық пән мұғалімдері өткізген ашық сабақтарға балалар белсене қатысып, өздерінің білім деңгейлерін жоғары өреде көрсетті.
Демек,пандемия балалардың білім алуына немесе педагоктардың білім беруіне әсерін тигізе алған жоқ. Қайта жұдырықтай жұмылып, осындай қиын сәттерді бірге жеңуге деген талаптарын айқн аңғаруға болады. Ұстаздар мен ата-аналарға қоса оқушылардың іс-әрекетіне қарайтын болсақ, қиын кезеңге қарамастан, мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқара алады. Сондықтан да ұлағатты ұстаздарымызға және ата-аналар мен оқушыларға сәттілік тілеймін!
Мұсабек атындағы мектеп жанындағы шағын
орталығы бар орта мектептің ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі: Жәрдемқұлова Айжан
Жанақбайқызы