
Жаңадан енгізіліп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауға қатысты жаңа өзгерісті құптаймын. Сайлаудың ерікті болғаны дұрыс. Сонда таңдау да көп болады. Ал тағайындалғаннан гөрі сайланған әкімдердің көп нәрсеге көзқарасы басқаша болады. Халық өзі таңдағаннен кейін әкімдердің сайлауға дейінгі көпшілікке берген уәдесі мен арнайы бағдарламасын орындауға ықтималдылығы артады. Яғни ауыл әкімдері Мәжіліс депутаттары сияқты сайлау алдында халықпен етене араласып, одан кейін 4 жыл бойы жоспармен қызмет атқармайды, сол ауыл тұрғындарына тікелей жұмыс істейді. Бірақ мұның екінші жағы да бар. Абай айтқан, Абайдан да бұрын болған жершілдік, рушылдық сияқты жаман әдет қайта қозып кетпесе игі еді. Көпшілік өзінің руласының әкім болғанын қалауы мүмкін. Бұл бас кезінде солай болатын да шығар. Дегенмен бір-екі реттен кейін жұртшылық та әкімдердің іскерлік жағына мән беріп, азаматтық көзқарастары өзгеруі мүмкін. Бұл жүйе бірнеше мәрте сайлаудан кейін қалыптасады деп ойлаймын. Жалпы, бұл – өте дұрыс қадам.