АУДАН ТЫНЫСЫ

Пікір

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 26.07.2021
Оқылды: 856 Печать страницы
Пікір Халықтың таңдауына берілген сайлау елге үлкен өзгеріс әкеледі. Халықтың талабы мен әкімнің жауапкершілігі күшейеді. Ауылдың нақты қазіргі тыныс-тіршілігімен таныс азамат әкім болуы керек деп ойлаймын. Білімді, білікті болу аздық етеді, жан-жақты болған жөн. Өйткені, бүгінде ауыл әкімдерінің алдында тұрған міндеттер өте көп. Соның ішінде, жасыл-желек жайқалту, спорттық алаңдар салу, жарық жүйелерін жүргізу және басқа да проблемалар жетерлік. Көзі ашық халық «Кім болса да халықтың мұң-мұқтажын түсінетін, білетін адам әкім болсын» дейді. Себебі, халық таңдауы қашан да әділ. Бірлесе жұмыс жасап, ел ахуалын арттыру басты міндет. Сайлаудың басты ерекшелігі осы, халықпен етене қызмет атқару. Сондықтан еліміз бойынша алғаш жүзеге асып жатқан бұл қадам – жаңашыл жергілікті әкімдердің қалыптасуына оң ықпал етеді деген сенім бар. Наурыз Қылышбаев, Алматы облыстың ақсақалдар алқасының мүшесі, Алматы облысының Құрметті азаматы
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.