
Бүгін Көксу ауданы, Мұсабек ауылдық округінде "Табиғат және біз" атты сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке қоғамдық жұмысшылар және жастар қатысты. Нәтижесінде, қоқыстар жиналып, ауыл маңы тазартылды. Осындай сенбіліктер алдағы уақытта тағы да жалғасын табатын болады.
"Бүгінгі сенбілік қарқынды түрде өтті. Әр ауыл тұрғыны тазалыққа ат салысса, "Таза Қазақстан" атта акцияға өз үлесін қосқан әрбір жанға айтар алғысым шексіз" ауыл тұрғыны Жармұханбетов Жарыпалды ағамыз.