АУДАН ТЫНЫСЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ АУДАН

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 18.10.2024
Оқылды: 34 Печать страницы
ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ АУДАН

Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе» деп атап өткен болатын. Қазір дамыған елдер қатарынан кіруімізде байланысты, көптеген затқа қол жеткіздік. Камерамен бақылау, дыбыстық жазба, «сыбайлас жемқорлықты анықтаған жанға сыйақы» сынды идеялар арқылы антикор ұйымы көптеген нәтижеге қол жеткізді. Сондықтан да, жемқорлықтың етек жайып кетер қаупі жоқ деп ойлаймын. Жалпы «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаған ғой. Сол себепті, жемқорлықтың алдын алу үшін біз ауданда әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, әрбір адамға ой салу мақсатында өткіземіз. Атап айтсақ, аудан әкімі ретінде берген тапсырмам бойынша Аудандық кітапханада қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын себептер мен жағдайларды жою «Жемқорлыққа жол жоқ» атты мемлекеттік қызметшілер арасында тақырыпта пікір алмасу бойынша дөңгелек үстел өткен болатын. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты, жемқорлықтың түбі жақсылыққа апармайтынын жеткізу еді. «Ақ –алау» қоғамдық бірлестігімен Көксу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, аудан тұрғындары, жастар арасында адалдық пен парасаттылық қасиеттерін насихаттау, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру, қоғамның мемлекеттік билікке сенімін арттыру, парасаттылық деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың, құқық бұзушылықтардың алдын алу, халықтың құқықбұзушылықтарға «нөлдік» төзімділігін қалыптастыру мақсатында «Жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру» атты кездесу семинары ұйымдастырылған болатын. Тағы да көптеген шаралар ұйымдастырылып, ауданымыз жемқорлықсыз қоғам құру мақсатында әлі күнге дейін жұмыс жасап келеді. Аудан бойынша газет беттеріне жемқорлық жайлы әрдайым мақала жазылып тұрады. Сонымен қатар, өзімізге қарасты 10 округ ғаламтор желісіне ғасыр дерті жайлы ақпараттық түсіндірме жұмыстары бойынша бейнебаян салынып отырады. Оның нәтижесі, 2024 жылдан бастап, жемқорлық факторы тіркелмеген. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болыпотыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын дақатты алаңдататыны анық. Сізбен біз болып, адамгершіліктен аттамасақ, біз жемқорлықсыз мемлекет құратынымыз сөзсіз.

 Дәулет КЕНЖЕХАНҰЛЫ,

 Көксу ауданының әкімі.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.