АУДАН ТЫНЫСЫ

Көксу ауданы бойынша 1547 адам тұрғын үй кезегінде тұр

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 17.01.2025
Оқылды: 61 Печать страницы

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан мұқтаж ретінде Көксу ауданы бойынша 1547 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатқызылатын 735 адам бар. 
2024 жылы ауданның бюджет қаражаты есебінен жаңа құрылыстағы 50 тұрғын үй сатып алынды (орталықтан балпық ауылы 30 үй, Жарлыөзек ауылдық округінен 10 үй, Мұқыры ауылдық округінен 10 үй) және 60 пәтерлі кредиттік үйдің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тәртіптілік кезектілікпен сатып алынған 50 тұрғын үй кезекте тұрған адамдарға қоныстандырылуға берілді. Тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде ҰОС ардагерлеріне теңестірілген санатымен 2 адам, Толық емес отбасы санатымен 2 адам, І-ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар санатымен 3 адам, Жасына келген зейнеткер санатымен 2 адам, Жанұясында мүгедек баласы бар немесе мүгедек бала асыраушы отбасы санатымен 7 адам, Көпбалалы отбасы санатымен 34 адам кезектерімен мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй тұжырымдамасы» негізінде 60 пәтерлі тұрғын үй ипотека арқылы Отбасы банк акционерлік қоғамы тарапынан конкурс жарияланып, төлемқабілеттіліктері расталған кезекте тұрған адамдарға 2 және 5 пайыз жеңілдетілген пайызбен беріліп, бүгінгі күнде әртүрлі санаттағы  59 адам өз пәтерлеріне қоныстанды. 
Қалған 1 пәтерге бүгінгі күнде конкурс өткізілуде. 
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, президентіміз қол қойып, 2024 жылдың 04 желтоқсанынан бастап күшіне енді. Енді осы уақытқа дейінгі кезектілікпен мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған сатып алу құқығынысыз жалға берілген пәтерлер және Қазақстан Республикасы азаматының басындағы жалғыз тұрғын үйі аппаттық деп саналып, оның орнына мемлекеттен берілген тұрғын үйлер жекешелендіруге жатқызылатын болды. 
Қазіргі таңда Үкімет тарапынан осы Заңға сәйкес жекешелендіру қағидасы дайындалуда, қағида электронды түрде жарияланған күннен бастап, ауданымызда осы уақытқа дейін мемлекеттен тұрғын үймен қамтамасыз етілген азаматтар, өз үйлерін жекешелендіруге ұсыныс жасай алатын болады.

Қуаныш Жұмат,
Көксу аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.