АУДАН ТЫНЫСЫ

Ғасыр жасаған қария дауыс берді

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 15.03.2026
Оқылды: 35 Печать страницы

 

Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындардың белсенділігі ерекше байқалуда. Соның жарқын үлгісінің бірі – 100 жасқа келген қария, аудан тұрғыны Таиров Меграли Аббасовичтің дауыс беруі.

Ғасыр жасаған ақсақал Балпық би ауылындағы №241 сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. Құрметті қарияның учаскеге келуі жиналған тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, жас буынға үлгі болды.

Ақсақалдың айтуынша, ел тағдырына қатысты маңызды сәттерде әрбір азамат өз дауысын беріп, қоғамдық өмірге бейжай қарамауы керек.

– «Біз талай кезеңді бастан өткердік. Бүгінгі бейбіт өмір – үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан елдің болашағы үшін дауыс беру – әр азаматтың міндеті», – дейді Меграли Аббасович.

№241 сайлау учаскесінің мүшелері де ғасыр жасаған қарияға ерекше құрмет көрсетіп, оның референдумға қатысуы жастарға үлкен өнеге екенін атап өтті.

Жалпы, Көксу ауданында референдум күні дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар өз азаматтық белсенділіктерін көрсетуде.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.