Бүгін республикалық референдум аясында Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов өз таңдауын жасады. Аудан басшысы дауыс беру учаскесіне келіп, тіркеуден өтіп, бюллетень алып, дауыс берді.
Әкім референдумның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды белсенді қатысуға шақырды.
– Референдум – еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды саяси науқан. Әрбір азаматтың пікірі мен таңдауы маңызды. Сондықтан барша тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырамын, – деді аудан әкімі.
Бүгінде Көксу ауданы бойынша барлық дауыс беру учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеуде. Таңғы сағат 07:00-ден бастап аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Дауыс беру учаскелерінде барлық қажетті жағдай жасалып, комиссия мүшелері мен бақылаушылар жұмыс жүргізуде. Референдум науқаны аудан бойынша ұйымдасқан түрде өтуде.
