Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында облыстық «Көшбасшы» байқауының жеңімпаздары – жас Жангабыловтар отбасы да бар.
Жас отбасы сайлау учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысып, өз дауыстарын берді. Олар мұндай маңызды күні әр азаматтың азаматтық белсенділік танытуы маңызды екенін атап өтті.
– «Бүгін біз үшін маңызды күн. Елдің дамуы мен болашағы үшін әр азамат өз таңдауын жасап, қоғам өміріне белсенді араласуы керек деп ойлаймыз», – дейді Жангабыловтар отбасы.
Жас әрі белсенді отбасының референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің арта түскенін көрсетеді.
Жалпы, Көксу ауданында референдум күні дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өтіп, тұрғындар белсенділік танытуда.
АУДАН ТЫНЫСЫ
Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумда тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда.
| Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ | |
| Уақыты: 15.03.2026 | |
| Оқылды: 34 | Печать страницы |
