АУДАН ТЫНЫСЫ

Қазақстанда жолдар «резеңкеден» жасалатын болады

«Қазақстан жол ғылыми зерттеу институты» резеңке-асфальтбетон қоспасын тәжірибеден өткізіп, бұл әдістің артықшылықтарын атады. Енді болашақта жолдарды жөндеуде ескі автокөлік шиналарын пайдалана бастайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz. Мұндай «резеңкелі» жолдар Алматы және Ақмола облыстарында, сондай-ақ, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында салынып қойды. Мамандар резеңке мен бетонның қопасы басқа жол материалдарымен салыстырғанда анағұрлым берік болатынын анықтап отыр. +60 градус ыстық пен -0 градус аязда резеңке-бетоннан жасалған жол жабындысы жарылмайды екен. Сондай-ақ, көліктердің артық жылдамдығын да тежей алады.
Толығырақ... Оқылды: 305 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.07.2019

ЖЕГЕНІ - ЖАНТАҚ, АРҚАЛАҒАНЫ - АЛТЫН

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Өз шығармашылығы арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ешқашан қателесуге болмайтын, қашанда жаңаның, жаңалықтың жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын осы бір кәсіп иелерінің қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 маусымды ақпарат қызметкерлері күні деп белгілеуі - қуанышымызды еселей түскендей. «Журналистің жегені - жантық, арқалағаны - алтын» дейді жазушы Шерхан Мұртаза. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарататын қалам иелері қашан да мақтауға лайықты. Осындай ойы ұшқыр қалам иелерін бір шаңырақ астына топтастырып отырған ауданымыздың газеті - «Нұрлы Көксу» редакциясы. Әлихан Бөкейхан айтқан төрт қағида бар. «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі; екінші: газет — жұртқа қызмет ететін нәрсе; үшінші: газет &ndas...
Толығырақ... Оқылды: 509 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.06.2019

Жаңа министр "әнұран", "сынып" деген сөздер қолданыстан алынатынын айтты

Ақтоты Райымқұлова үш мыңнан астам термин қайта бекітілгенін атап өтті Министрдің айтуынша, халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-нан астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді. "Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, "мұражай" деген сөз "музей" болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер", – деді Райымқұлова бүгінгі есеп беру кездесуінде. Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина, теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал "әлеует" деген сөз "потенциал" болып қайта өзгертілді. "Бүгінде "Termincom.kz" сайтының негізінде терминологияны...
Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.06.2019

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді

Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгереді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Салық төлеушілердің әкімшілік және уақытша шығындарын азайту мақсатында салықты және әлеуметтік төлемдер төлеуді жеңілдету жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде көпқабатты үйлердің тұрғындары мүлік және жер салығын төлеуге мәжбүр. Бұл ретте салық сомасы аз, ал әкімшілік шығын едәуір. Жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру ұсынылуда. Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үй иелерінің жер салығы алынып тасталады. Қазір салықты жыл соңына дейін төлеу қажет. 2020 жылдан бастап салықты келесі жылғы 1 сәуірге дейін төлеу жоспарланып отыр. Бұл автомобиль иелері үшін қолайлы. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты — адал салық төлеушінің мүддесін қорғау», — делінген хабарламада.
Толығырақ... Оқылды: 333 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.06.2019

Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Заң жобасына сәйкес қол астындағы қызметкер жемқорлық жасаса, бірінші басшы да жауапқа тартылады Парламент мәжілісінің депутаттары жемқорлық үшін бірінші басшының жауапкершілігі туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайдыSputnik Қазақстантілшісі. Бұл норма "Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған. Соның аясында қол астындағы қызметкері жемқорлық жасап ұсталса, бірінші басшының жауапқа тартылатыны да қаралады. "Бұл өзгерістер қызметкерлерінің жемқорлық әрекеті үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды көздейді", - дейді депутат Михаил Чирков. Заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметтен теріс әрекетіне байланысты кетпеген адамдар бір айдың ішінде конкурсқа қатыса алады. Ондайда тест тапсырудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, ауыс-түйіс институтына саяси мемлекеттік қызметшілерді де қосу жоспарланып отыр. Ал қызметт...
Толығырақ... Оқылды: 278 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.06.2019

ҚР мәжіліс депутаттары"Зейнет жасын төмендету керек": депутаттар тың ұсыныс жасады

Депутаттар мүгедек бала асырап отырған ата-ананың біреуін жұмыстан ерте босату керек деп санайды "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынды. Осыған орай, олар үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайдыSputnik Қазақстантілшісі. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, осы санаттағы отбасыларға арнайы мәртебе беру керек. Сөйтіп, зейнет жасын төмендетіп, жұмыс істейтін ата-аналарға тағы бірқатар жеңілдік берген дұрыс. "Біз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынамыз. Сондай-ақ, ата-ананың біреуін жұмыстан ерте жіберу мәселесін қарастырған жөн. Себебі мүгедек балаға тәулік бойы қарау қажет. Оған біраз күш-жігер кетеді. Психологиялық жүктеме де аз емес", - деді Магеррамов мәжілістің жалпы отырысында. Мүгедек балаларға қандай көмек керек? Фракция депутаттары қамқоршылықты рәсімдеу тәртібін де же...
Толығырақ... Оқылды: 308 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.06.2019

Қазақстанда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарады, деп хабарлайдыStan.kzақпарат агенттігі. Қазақстанда экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Қазақстан Республикасының президенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы"Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Жаңа министрліккебірнеше министрліктің функциялары мен өкілеттіктеріне беріледі: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру және енгізу, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылау, қадағалау және бақылау саласы; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстарын пайдалану, қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы саласы; Қазақстан Республикасының Инду...
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.06.2019

36 жастағы министр Асхат Аймағамбетов туралы не білеміз?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды Асхат Аймағамбетов бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ол 2019 жылдың 25 ақпанында ғана тағайындалған Күләш Шәмшидинованың орнына келді. Білімі Асхат Аймағамбетов 1982 жылы 14 маусым күні Қарағанды облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін, Қарағанды "Болашақ" білім беру институтының заң факультетін, "саяси ғылымдар" мамандығы бойынша Еуразия ұлттық университетін тəмамдаған. Еңбек жолы Еңбек жолын 2002 жылы Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастайды. 2004–2005 - "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы; 2005–2006 - "Медиа СП" ЖШС директоры; 2006–2012 - Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті; 2012–2014 - Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынб...
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 14.06.2019

Қазақстанда 1 шілдеден бастап кімдердің жәрдемақысы өседі?

Қазақстанда 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалға жәрдемақы мен бала күнінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы мөлшері өспек деп хабарлайды Азаматтарған арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ. Айта кетерлігі бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар 31 183 теңге көлеміндегі жәрдемақы алып отыр екен. Ал 1 шілдеден бастап оның көлемі 10 395 теңгеге өсіп, 41 578 теңгені құрамақ.Аталған жәрдемақыға 95 мыңнан астам адам қол жеткізеді деп күтіліп отыр. Сонымен бірге Азаматтарған арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызмет таратқан хабарламада, корпорация бөлімдері мен еңбек комитетінің аймақтық департаменттері жәрдемақыны өсіру жұмысын автоматты түрде жүзеге асыратынын мәлімдеген. Сол себепті, аталмыш жәрдемақыны алу үшін, азаматтар қосымша құжат тапсырмайды. Еске салар жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев"Нұр-Отан" партиясының X...
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.06.2019

Елімізде 200 мың адамның әлеуметтік төлемі өседі: Кімдерге жеңілдік жасалады

200 мың адамның әлеуметтік төлемі өседі Бүгін мәжілісте міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң жобасын талқылау барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев 200 мыңнан астам қазақстандықтың әлеуметтік төлемі өсетінін айтты. Заң жобасында мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін үш түрлі әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарастыру көзделеді. Біріншіден, еңбек өтілі 5 жылдан асатын төлем алушылар үшін жүйеде қатысу өтінім коэффициентін қайта қарау ұсынылады. Бұл коэффициент үш әлеуметтік төлемді айқындау кезінде қолданылады. «Бүгінгі таңда 5 жыл және одан көп өтілі бара азаматтар үшін бір коэффициент қолданылып келеді. Осылайша жүйеге бес жылдан көп қатысқандарды ынталандыру тетігі қарастырылмаған. Жүйеге неғұрлым көп қатысуды ынталандыру үшін 5 жылдан артық қатысу өтілі бар азаматтарға әрбір еңбек еткен толық бір жылы үшін коэффициентті 2% арттыру ұсынылады», - деді министр. Екіншіден, мүгедектігі бар адамдар...
Толығырақ... Оқылды: 318 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.