АУДАН ТЫНЫСЫ
Тек әйелдерге беріледі: Қазақстанда жаңа ипотека пайда болды |
Жаңа жобаны Азия даму банкі жүзеге асырып жатыр, ипотека ауыл әйелдері мен табысы төмен әйелдерге беріледі Азия даму банкі "Гендерлік теңдікке тұрғын үйді қаржыландыруда жәрдемдесу" жобасы аясында Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 100 миллион доллар кредит береді. Қарыз туралы келісім ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен АДБ президенті Такехико Накаоның кездесуінде бекітілді, деп мәлімдеді ведомстводан. Гендерлік теңдікке бағытталған ипотекалық өнім Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр. "АБД Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен мүлде жаңа жобаға қол қойды. Тек қана әйелдерге жеңілдетілген кредит ұсынылады. Менің білуімше, 12%-ке дейін. Мұндай жобалар қазір сұранысқа ие. Гендерлік қаржыландыру, шынымен, өзекті мәселе, біз оны дамытатын боламыз", - деді Дәленов мәжілістегі үкімет сағатында. Жаңа ипотека кімдерге беріледі Қолжетімді қаржыландыруды үш мыңнан аса әйел пайдалана алады. АДБ қарызының 60%-тен астамы ауыл әйелдер... |
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.11.2019 |
Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс? |
Қазақстан заңнамасына сәйкес, жол ережесін бұзған жүргізушілер қандай да бір әкімшілік жазаға тартылады. Көлік айдау құқығынан айырылып қалуы да ғажап емес. Абайсызда жол апатына себепші болғандардың жазасы, тіптен, ауыр Жылдамдықты асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабы 1-тармағына сәйкес, белгіленген жылдамдықты сағатына 10-нан -20 шақырымға дейін арттырғаны үшін 5 АЕК, яғни 12 625 теңге айыппұл салынады. сағатына 20-дан 40 шақырымға дейін – 10 АЕК немесе 25 250 теңге; сағатына 40 шақырымнан астам шамаға арттыру – 20 АЕК немесе 50 500 теңге. Әкімшілік жазадан кейін осы әрекеттер бiр жыл iшiнде тағы қайталанса, онда 30 АЕК – 75 750 теңге айыппұл салынады. Қауіпсіздік белдігін тақпау Кодекстің 593-бабына сәйкес, қауіпсіздік белдігін тақпағандар 5 АЕК, яғни 12 625 теңге айыппұл төлейді. Егер бір жыл ішінде дәл осы ережені қайта бұзса, 10 АЕК – 25 250 теңге айыппұл қарастырылған. Бағдаршамның қызыл түсін елемеу... |
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.11.2019 |
Данияр Елеусінов 10 нокауты бар боксшымен жұдырықтасады |
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды, деп хабарладыProsports.kz. Boxrec.com порталының мәліметі бойынша, қазақстандық боксшы 20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы америкалық Алан Санчеспен жұдырықтасады. Кездесу он раундқа есептелген. Елеусінов кәсіпқой бокста 8 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған. 4 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Ал Санчес кәсіпқой бокста 20 (10 КО) рет жеңіп, бір рет тең түскен. Төрт рет жеңілген. |
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.11.2019 |
Елімізде қай дәрілер қымбаттап жатыр? |
Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша жазылатын барлық дәріні медсақтандыру аясында тегін бермек. Ал 2022 жылы бүкіл халық тегін дәрмекпен қамтылады Қазақстанда медициналық препараттар бір жылда 8%-ға қымбаттады. Бұндай статистиканыEnergyprom.kzмониторинг агенттігінің сарапшылары жариялады. Зерттеуге сәйкес, халық дәрі-дәрмектің шамамен 80%-ын өз ақшасына сатып алады, препараттардың үштен бірін ғана мемлекет есебінен алады. "Дәрілердің бағасы қымбаттап барады. 2019 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, баға 2018 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,2%-ға өсті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7% болған. Бағасы ең көп өскен – дәрумендер (бір жылда 11,4%), анальгетиктер (10,6%), корвалол мен антибиотиктер (9,3%)", - делінген ақпаратта. Бұған қоса, биылғы қаңтар-қыркүйекте дәрі-дәрмек өндірісі 56,6 миллиард теңгеге, басқапрепараттар өндірісі 4,1 миллиард теңгеге жетті. Барлық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі... |
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.11.2019 |
Ендігі қазақстандықтарға жеке куәлігін өзімен алып жүрмеуге болады |
Қазақстандықтарға eGov mobile қосымшасындағы жеке куәлікті электронды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін қызмет қолжетімді болды. Компания мамандары қосымшадағы қосымша қызметтерді дайындады. Құжат Android және iOS платформаларындағы eGov mobile қолданушыларының барлығына қолжетімді. «Егер жеке куәлігіңіздің түпнұсқасы өзіңізбен болмаса, оны электронды түрде көрсете аласыз. Ендігі, мысалы, нотариуста құжаттарды рәсімдегенде, eGov mobile қосымшасындағы электронды жеке куәлігіңізді көресетуге болады. Мұнан кейін сізге QR-код арқылы рұқсат беру қызметі ұсынылады. Осылайша, нотариус сіздің құжатыңыздың шынайы екеніне оңай көз жеткізе алады», - деп жазды компания өкілдері Facebook желісінде. Қосымшаны дайындаушылардың сөзінше, eGov mobile жұмыста, салық, елшілік және өзге де ведомстволарда көрсету үшін қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ЭЦҚ болуы және eGov порталындағы жеке кабинетте мобильдік телефон нөмірі тіркелген болуы қаже... |
Толығырақ... Оқылды: 366 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.11.2019 |
Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс қашан басталады |
2019-2020 оқу жылының екінші тоқсаны 30 желтоқсан күні аяқталады. Үшінші тоқсан 9 қаңтарда басталады Дүйсенбі күні елімізде оқу жылының екінші тоқсаны басталды. Ол 30 желтоқсан күні аяқталады. Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп демалысының кестесін бекіткен болатын. Оған сәйкес, 2-11-сынып оқушылары 34 апта оқып, 30 күн демалады. 1-сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі. Сондықтан олардың оқуы 33 апта болады. 2 және 11-сынып оқушыларының қысқы демалысы 30 желтоқсан мен 8 қаңтарға жоспарланған. Қосымша демалыс қосылғандықтан, 1-сынып оқушылары өзгелермен бірге 30 желтоқсан мен 8 қаңтар қаңтар аралығында демалады. Бұдан соң 3-9 ақпан аралығында тағы да демалыс алады. Көктемгі демалыс қашан басталады Оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурыз - 2 сәуір аралығына бекітіліп отыр. Төртінші тоқсан 3 сәуір басталады. Ең ұзақ, яғни жазғы демалыс соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады. Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн дем... |
Толығырақ... Оқылды: 390 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 05.11.2019 |
Тоқаев көлікті мас күйінде жүргізгендерге жазаны қатаңдатуды тапсырды |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мас күйінде көлік жүргізгендерге берілетін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл туралы президентTwitterжелісінде жазды. «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», - деп тапсырды Тоқаев. Айта кетсек, Қазақстанда қаннан 0,5 промилле мөлшерінде алкогольді ішімдіктің табылуы жеңіл дәрежедегі мастық саналады. |
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.10.2019 |
Қазақстанда бүгіннен бастап қандай жүргізушілерге айыппұл салынады? |
Бүгіннен бастап көлігі шетелде тіркелген жүргізушілерге де айыппұл төлеу туралы нұсқама жіберіледі. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Енді фото және видеофиксация жүйесіне тіркелген заң бұзушылықтар үшін айыппұл төлеу туралы нұсқама тек қазақстандық нөмірі бар жүргізушілерге ғана емес, көлігі шетелде тіркелген азаматтарға да келеді. Жаңашылдық Нұр-Сұлтан, Шымкент, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында күшіне енбек. "Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмайтын. Өйткені заң бұзушылықтар туралы нұсқама Қазақстанда тіркелген автокөліктің техникалық паспортындағы жазбаның негізінде жасалатын", - деп түсіндірді бас прокуратура. Ал шетелдік нөмірлер бойынша жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін емес болғандықтан, әкімшілік нұсқама жасалынбайтын. Бас прокуратура шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерінің жеке басын анықтау үшін әкімшілік полиция комитеті, ұлттық бан... |
Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.10.2019 |
Бензиннің 1 литрі 200-220 теңгеге барады деп болжауға болады - сарапшы |
Біз солай істеуге мәжбүр боламыз. Бұл - бағаны көрші елдегі бағамен кезең-кезеңімен теңестіру. Экономикалық шолушы Денис Кривошеев Үкіметтің бензин акциздері құнын екі есеге арттыруы нені білдіретін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Бүгін 2019 жылдың 1 желтоқсаннан бастап автомобиль жанармайы акцизінің құны жоғарылайтыны белгілі болды, сәйкесінше бір литр бензин акцизіне салынатын салық 10 теңгеге өседі. "Бензин бағасының төмен болуы компаниялардың мұнайды экспорттап, табыс табуына мүдделі қылып, соған итермелейді. Бизнес әрдайым пайда табуды көздейді, егер пайда жоқ болса, онда бұл процеске кірісудің мағынасы жоқ. Мемлекет жанаржағармай бағасын реттемегенімен, іс жүзінде зауыт қызметтерінің бағасын реттеу немесе экспорт көлемін шектеу арқылы оған белсенді араласып отырады. Бензин шынымен де бізде тым арзан, егер 2018 жылы бензин құны шамамен 185 теңге болады деп жазған болсам, қазір 1 литрі 200-210 теңге деп айтуға болады. Бұл шамамен 55 цент, бұл кез келген ел үшін белгі... |
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.10.2019 |
Білім және ғылым министрлігі қайта құрылады |
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басқарманың қайта ұйымдастырылатынын айтты. Білім және ғылым министрлігі қайта құрылады Министрдің мәлімдемесі Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Министрлік басшысы жоспарланған өзгерістердің себептері мен мақсаттарын түсіндірді. Оның айтуынша, өзгертулер бөлімнің тиімділігін арттыруға бағытталған. Ішінара ішкі бизнес-процестерді құру, функциялардың қайталануын болдырмау, әр қызметкердің түсінікті және нақты функционалдығын анықтау, бөлімдердің жұмысына және олардың үйлесімді іс-әрекеттері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және т.б. жоспарлануда. Жоғарыда айтылғандардың бәрін орындау үшін БҒМ мамандары түзетуді қажет ететін мәселелерді анықтай отырып, функционалды талдау жүргізді. «Мәселен, негізгі бөлімдердің жұмысындағы басты назар білім беру саясаты мен стратегиясын анықтауға емес, ағымдағы операциялық-экономикалық жұмыстарға аударылды. Негізгі мамандандырылған департаменттер: мектепке дейінгі және ор... |
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 18.10.2019 |