АУДАН ТЫНЫСЫ

9-мамыр Жеңіс күні

Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 75 жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ. Құрметт...
Толығырақ... Оқылды: 635 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020

9-мамыр Жеңіс күні

Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл75жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады. Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі менгүлденуі– осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін! Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ....
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020

Бейбітшілік өтемі, ер жанымен өтелді

Отты жылдар алаулаған жастардың тағдырын қыршыннан қиды. Қанша уақыт өтседе адамзат баласының көңіліне көлеңке түсірген, осынау жылдар мәңгі есте. Бабалар қанымен өтелген, бейбітшіліктің бесегін тербеткен, бүгінгі күннің қаһармандары қандай құрметке болса да лайық. Жаңа ғана жарқын өмірге жолдама алған 16-17 жастағы өрімдей бозбалалар мен бойжеткендер, көңілдері көлдей шалқып, алда қан майдан күтіп тұрғанын сезінбеген еді… 1941 жылдың 22 маусымы.Тұтас елдің басына қара бұлт үйірілген кез. «Неміс басқыншылары елімізге тұтқиылдан соғыс ашты» деген қаралы хабар радиодан дүркін-дүркін беріліп жатты. Еңбектеген баладан, еңкейген қартына дейін бойларын үрей алып, жүректері аузына келді. Сол күннен бастап елден тыныштық кетті. Олар қуаныштың орнына қайғы шекті. Қос жанарларына уайымның жасы үйірілді. Балалықтың бал шағымен ерте қоштасқан балғындар мен аһ ұрып, аңырап қалған жауынгерлердің аналары күн-түн демей тыным таппастан еңбек етті. Оқ қарша бораған айма...
Толығырақ... Оқылды: 286 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.05.2020

Құрметті жерлестер!

Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау. Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. Құрметті қауым! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қа...
Толығырақ... Оқылды: 309 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.05.2020

Қадірлі жерлестер! Ардақты ағайын!

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған, ынтымақшыл халқымызға қуаныш пен шаттық әкелетін, татулығымыз бен мызғымас бірлігіміздің бастауы, береке мен бірліктің мейрамы 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке бейбітшілік пен келісімді бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие. Біздің басты байлығымыз саналатын бірлікті әрдайым көздің қарашығындай сақтап, нығайтуға тиіспіз. Осы орайда, «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен несібесі мол болмақтығын» назарда ұстаған Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бірліктің, келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен татулықтың құтты шаңырағы. Халық бірлігі – қасиетті сөз. Халық бірлігі болған жерде несібеміз бен құт-берекеміз ортақ. Сондықтан 1 мамыр мерекесінің басты құндылығы осы. Қадірменді қауым! Еліміздегі халықтар бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Қазақстан халқы өркен жай...
Толығырақ... Оқылды: 302 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.05.2020

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі

Құрметті Көксу ауданының тұрғындары! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі, ал бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы болып табылады "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауыз бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесім...
Толығырақ... Оқылды: 284 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.05.2020

Тіл мәртебесі – ұлт мәртебесі

Қазақ тілі – қазақтың жаны. Қазақ жері – қазақтың тәні. Жерге түскен сызат – тәнге түскен сызат, тілге түскен сызат – жанға түскен сызат. Түркі атаулының қарашаңырағы – қазақ жері, түркі тілінің алтын бастауы – қазақ тілі. Ұлт болған жерде тіл, тіл болған жерде оның мәселесі де болады. Қазақ тілінің мәселесі өткен ғасырдың басынан бері қозғалып келеді. Бір ғасырдан астам уақытқа созылған тіл мәселесін жаңа ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында түбегейлі шешуге мемлекет те мүдделі. Қоғамдық пікірлер мен көзқарастар айналымында әртүрлі сауалдар дүркін-дүркін туып, секін-секін сейіле бастады. Себебі іс қолға алынды. Ата заңымыздың 7-бабында: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп көрсетілген...
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.04.2020

ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН!

«Карантин» деген сөз қазір елімізде ең көп қолданылып жатқаны шындық. Қорқыныш та, күдік те басым сәтте ата-бабаның дәстүрі мен салтына, әдет-ғұрпына да бір сәт көңіл аударған жөн шығар?! Ертеде ата-бабамыз қауіпті індеттерден қалай сақтанған? Алдын алу үшін не істеген? «Карантин» сөзі – италиян тілінің «quaranta» (куаранта) сөзінен шыққан көрінеді. Мағынасы – «қырық» дегенді білдіреді. Карантин уақыты да негізінен тап осы 40 күнге созылады екен. XIV ғасырда Еуропаны қауіпті оба дерті жайлағанда Венецияның билігі басты сауда портына ерекше ереже орнатыпты. Ол бойынша барлық шетелден келген сауда кемелері Венециядан 4 шақырым жерде орналасқан Лазаретто аралына жақын келіп тұруы тиіс болған. «Лазарет» сөзі де сол аралдың атауынан шықса керек-ті. Кемелер сол жерде 40 күн тұрған соң ғана оған дәрігерлер келіп арнайы тексеруден өткізген. Егер осы 40 күннің ішінде онда оба дертінің белгілері білінбесе, айлаққа кіріп тауа...
Толығырақ... Оқылды: 429 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.04.2020

Үлкен қолдау болмақ

Бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады. Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Осыған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесін тыңдап шықтым. Инфляцияның артуына байланысты ел Президенті зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға көбейтіп отыр. Мұндай қолдау халқымыздың әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз. Қазіргі таңда әлеуметтік көмекке жүгінетіндердің қатары аз емес, ал бүгінгі Президент мәлімдемесі көмекке зәру жандарға үлкен қолдау береді. Айгүл Шаяхметова жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020

Ел еңсесі көтерілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына бір қиын шақта жасаған мәлімдемесі ел еңсесін бір көтеріп тастады. Батпандап кірген індет барша қазақстандықтарға өте ауыр тиді. Осыған байланысты, көптеген жұмыс орындары тоқтап, кейбір қалалар карантинге жабылды. Бұл еліміз үшін үлкен бір сынақ деп білеміз. Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы осы ауыр кезеңде халыққа барынша сеп болып, бірнеше келелі істерге келісті тұжырымдама жасады. Атап айтсақ, жұмыссыз қалған жандарға ең төменгі жалақы төлеуді, азық-түлік алу мақсатында қаражат бөлуді,МӘМС жүйесін үш айға ұзартуды тапсырды. Осы мәлімдемедегі бізді ең бір қуантқаны- ауылшаруашылығымен айналысатын жандарға көрсетілетін қолдау. Мемлекет қаражатынан 75 млрд теңге және көктемгі егіс үшін үшін 100 млрд теңге бөлінбек. Оған қоса, жанармай бағасын төмендетуі қарапайым халық үшін қуанышты жаңалық болды. Осы шаралардың барлығы азаматтар мен отандық бизнесті қолдау үшін жасалынып жатыр. Біздің Көксу ауданында ауылшаруашылығы қарқынды дамуда. Өз...
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.