АУДАН ТЫНЫСЫ

«Білім берудің жаңа форматы: шығармашылық, ізденіс және тәжірибе»

Білім берудің жаңа форматы туралы мақаламды Н.Ә.Назарбаевтің сөзімен бастасам: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт». Қазіргі таңда әр мұғалім жаңаша оқыту тәжірибесін пайдаланса, өз білімін өзара байланыстырып ұйымдастыра білсе жетістікке жететіні сөзсіз. Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Бұл оның ұшқыр және ойлы, білікті болуын қажет етеді. Алдымызда отырған балаға саналы да, сапалы білім беруде жаңартылған білім мазмұны аясында әрқайсымыз талмай ізденіс үстінде жүргеніміз аян. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүзеге асыру, критериалды бағалау жүйесі аясында оқушылардың білім сапасын көтеру, сабақ беру ерекшеліктері, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестік құру, көптеген мәселелер бойынша басқа мектептермен тәжірибе алмасудың пайдасы зор. Жаңа форматтағы білім беру жүйесінің мақсаты &n...
Толығырақ... Оқылды: 1687 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2021

Қайырымдылық қайыры

«Айнабұлақ» мешітінде сауапты іс жасалып, жағдайы төмен, көп балалы және табысы аз отбасыларға қайырымыдылық көрсетілді. Бұл игі шараны ауыл азаматтары ағайынды Қанағат пен Мақсат Рамазановтар ұйымдастырды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген еді ата – бабаларымыз. Халқымызда өзгеге қол ұшын беру, өзінде бармен бөлісу ежелден келе жатқан дәстүр. Қайырымдылық, адамгершілік іс – ізгіліктің бастауы. Көмекке мұқтаждарға жүрек жылуын ұсынып, сауабын алу – әрбір кісінің азаматтық парызы екен. Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте: «Бір кісі шөл далада кетіп бара жатып, бұлт арасынан: «пәленшенің бақшасына құйыңдар!» - деген дауысты естіді. Әлгі бұлт тасты жерге бойындағы суын төгіп салады. Сол жердегі бір арық барлық жаңбыр суын бойына тартып алды да, аға жөнелді. Ал бақшасында тұрған кісі су арнасын кетпенімен керек жеріне бұра бастады. Сонда оған таңырқаған жолаушы: «Әй, Алланың құлы! Сенің есімің кім?»-...
Толығырақ... Оқылды: 1536 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2021

Қызылтоған тарихы

Ауыл – ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі ата мекені.Ананың әлдиі, аяулы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін, туған ауылдың тарихын білу қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ұлттық болмысын сақтай алады деп ойлаймын. Алатаудың мұз балақ ақыны Мұқағали Мақатаев: Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды, – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосқан болатын. Міне осындай туған жерге деген ыстық ықыласымыз ауылымыздың тарихы жайлы қалам тербеуге шабыт берді. Жалпы Қызылтоған ауылы атауының шығу тарихына қатысты айтып өтейін. 1926 жылы советтендіруге байланысты қыстау-қыстаудағы ха...
Толығырақ... Оқылды: 1642 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.03.2021

Жамбылдың жырын жаттаған...

Ауданымызға қарасты Ақтекше Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, қазақ халық поэзиясының ұлы тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу бағдарламасы аясында, Жамбылдың жыр-термелерінен онлайн байқау өтті. Байқауға жалпы 7 өнерпаз қатысып, қазылар алқасының саралауынан өткен төрт жыршы үздік деп танылып, бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ, Ақтекше мәдениет үйінің жыршысы Дінислам Дастан Бас жүлдеге, Бесқайнар ауылдық клубының жыршысы Бейбіт Марат 1-орынға, аудандық мәдениет үйінің жыршысы Аягөз Қыдырбайқызы 2-орынға, Алғабас ауылдық мәдениет үйінің жыршысы Нұрқабыл Құрманғазы 3-орынға ие болды. Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Өз кезін...
Толығырақ... Оқылды: 1518 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.03.2021

ЕЛБАСЫ МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жастар- кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Ел ертеңі – білімді жастар. Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Осы қағидаларды аға ұрпақ үнемі еске салып, жастарға күш-жігер беріп, оларға сенім артып, демеп отырады. Ол, әрине, солай болады да. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Алайда, әр ұрпақтың тағдырына жазылған заман ағымы, кезең тынысы әртүрлі болады. Біздің бүгінгі ұрпаққа баға жетпес бақыт бұйырып тұр десе болады. Еліміздің тыныс-тіршілігі үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың орны бөлек. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар қашанда, қай ғасырда, қай заманда болса да өз Отанын өркендетіп, дамыту жолында аянбай тер төгеді. Біздің елдегі жастардың да бүгінгі таңдағы басты міндеттері – туған еліміз, жеріміз үшін аянбай те...
Толығырақ... Оқылды: 1445 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.03.2021

ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ – ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ

Аптаның бесінші күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтілді. Ел дәулетін еселеген ауылшаруашылық саласының үздіктерін ең алдымен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, бірқатар жандарды марапаттады. Сондай-ақ, облыс басшысы Жетісу өңірі бойынша ауылшаруашылығында қол жеткізген жетістіктерді тізбектеді. Мәселен, мемлекеттік қолдаулардың арқасында сала көрсеткішінің жоғарылап, халық жағдайының жақсарғаны, өндіріске алдыңғы қатарлы технологиялар енгізіліп, егістіктерде тамшылатып суарудың кеңінен қолданыла бастағаны, сондай-ақ, егін шаруашылығы бойынша басым дақылдарға арналған алқап көлемінің ұлғайып, бақты интенсивті жолмен өсірудің жанданып келетіндігі айтылды. Ауданның қамбасын астыққа, қорасын мал-жанға толтырып жүрген еңбек шаруаларын аудан әкімі өз атынан құттықтап, тиісінше марапаттады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25 жыл&ra...
Толығырақ... Оқылды: 544 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.12.2020

Ауылда алаң ашылды!!!

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Мұқаншы округінде спорт алаңы салынып, халық игілігіне берілді. Жобаның құны 38 млн теңге. Алаңының жалпы ауданы 1362 шаршы метр, ұзындығы 196 метр, қоршауының биіктігі 4 метр. Мұнда шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңы, воркаут алаңы, балалар ойын алаңы орналасқан. Кешкі уақытта жарықпен де қамтамасыз етілген. Шараның ашылуына аудан әкімінің қос бірдей орынбасарлары қатысты. Бұдан бөлек округте 11 көшеге жөндеу жасалып, су жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілген. Қазіргі уақытта ауылдың тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигонға қоршау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл әкімінің айтуынша келер жылы тағы 7 көшенің жарық жүйелерін, Қазақстанның 50 жылдығы ауылындағы арық жүйелерін жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр екен.
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.11.2020

Жастар ел болашағы

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Осы ретте 23 қазан күні аудандық жастар саясатының жетекшісі Қуаныш Дүйсенбиновтың ұйымдастыруымен аудандық әкімшіліктің ғимаратында "Жастар ел келешегі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін ояту және отансүйгіштікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Атаулы тақырып төңірегінде жиынға қатысқан жас буын өздерінің ойын ортаға салып, ашық аңгіме жүргізді.
Толығырақ... Оқылды: 165 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.10.2020

КОРОНАВИРУС: КӨКСУДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ

«Жаман айтпай, жақсы жоқ»,- дейді дана халқымыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаққан дабылы бойынша алдағы уақытта пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған байланысты аудандық аурухананың мәліметі бойынша өңірде жүйелі дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өңірде коронавирус індеті мен пневмонияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты провизорлық стационар жабық. Тек жұқпалы аурулар ауруханасы ғана жұмыс істеп тұр. Бұған қоса күзгі толқынға дайындық шаралары жүріп жатыр. Коронавирустық инфекциямен күресу үшін 65 төсектік провизорлық бөлімше дайын. Сондай-ақ, аталмыш инфекцияға ұқсас белгілері бар науқастарды қабылдау үшін екі сүзгі-кабинеті дайындалған. Барлық медицина қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияны анықтау және емдеу алгоритмдерінің нұсқаулары мен диагностикалау және емдеу хаттамалары бойынша оқыту жүргізілді. Жеке қорғану құралдарының және дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы...
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.10.2020

Саяси кеңестің Бюро отырысы өтті

Бүгін 21 қазан күні Нұр Отан партиясы Көксу аудандық филиалында филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсеновтың төрағалық етуімен "Көксу ауданының даму басымдықтары партияның аумақтық Саяси кеңес Бюросының онлайн форматтағы отырысы өтті. Аталмыш жиынға бюро мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме-ұйымдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Саяси кеңестің Бюро отырысында «Көксу ауданының даму басымдықтары туралы» талқыланып, қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Отырыс соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды. Демек, кеңес мүшелерінің ұсыныстары алдағы уақытта міндетті түрде қаралатын болады.
Толығырақ... Оқылды: 205 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.