АУДАН ТЫНЫСЫ

ПРАЙМЕРИЗ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Nur Otan» партиясының төрағасы - елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бірінші жалпыұлттық праймериз өз мәресіне жетті. Партия мүшелері өткен аптада ішкі іріктеу сайлауына қатысып, өз дауыстарын берді. Тұжырымдап айтсақ, біріншіден, партия праймериздің арқасында өз қатарластары арасынан елдің қолдауы мен сеніміне ие болған үздіктерді іріктеді. Екіншіден, праймериз өткізу барысында партияның ауызбіршілігі артып, ортақ мақсат жолындағы мұраттас жандардың біртұтас күшіне айналды. Яғни, праймериз партияластарды бір-бірімен тығыз байланыстырып, бірлігін бекемдейтін дәнекерлік қызмет атқарды. Осы аптаның сәрсенбісінде «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Алмас Әділ Праймериз сайлауына қатысқан барша үміткерлермен кездесіп, облыс әкімі Амандық Баталовтың Алғыс хаттарымен марапаттап, жаңа саяси додадағы алғашқы қадамдарына құтты болсын айтты. Жиында алғаш болып сөз алған аудан басшысы праймеризге қатысқан 39 үміткерді...
Толығырақ... Оқылды: 253 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 08.10.2020

Жас келсе – іске!

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп хакім Абай айтқандай осы бір қиын да, жауапкершілігі мол мамандық иелерінің елден алар алғысы да шексіз. Неге дейсіз ғой? Оған біздің кейіпкеріміз жауап болмақ. Нұрғалиев Әділет Қайратұлы 1990 жылдың 18 желтоқсанында Көксу ауданы, Жетіжал ауылында дүнеге келген. Туған жеріне неге тоқталып отыр дерсіздер. Олай дейтініміз, «Туған жерге туыңды тік», - деп бабалар аманатын арқалаған Әділет Қайратұлы бүгінгі таңда сол өзінің кіндік қаны тамған туған жерінде туған елдің игілігі үшін, ертеңі үшін еңбек етуде. Ертеңі?! Иә, ертеңі үшін. Себебі, бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі елдің болашағы. Ал, сол болашақтың жарқын болуына негіз қалайтын ол әрине – ұстаз! Нұрғалиев Әділет Қайратұлы жас та болса, бас болып сол ұстаздар ұжымын басқарып отырған жайы бар. Жай ғана басқарып отыр деу жеткіліксіз болар. Бүгінгідей қиын қыстау мезетте ұжыммен береке-бірлікте, ауызбіршілікте жоғарғы жұмыс сапасын көрсетіп қызмет атқаруда. Ев...
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.10.2020

СӘРСЕНБІДЕГІ СӘТТІ КЕЛІСІМ

Сәрсенбінің сәтті күні «Рrotecting business and investments» жобасы аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Көксу қант зауытының басшылығымен келісімге қол қойды. Нақтылап айтсақ, алдағы уақытта агенттік тарапынан инвесторлардың құқықтары қорғалады және бизнеске қолайлы орта қалыптастыруға жағдайлар жасалады. Антикоррупциялық сүйемелдеуге алынған инвестициялық жобалар арасында енді зауыт та бар. Демек, бұл бизнес жоба бұдан әрі қарай тұрақты бақылауда болады. Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған Рrotecting business and investments инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы деп атауға әбден болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2018 жылдан бастап «Kazakh Invest «ҰК» АҚ және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қазіргі уақытта жаңа серпін берген «Protecting business and investments» жобасын іске асыруда. Мақсаты бизнес пен инвесторлардың м...
Толығырақ... Оқылды: 170 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.10.2020

«Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла»

Қылышын сүйретіп келетін қыстың қамын жаздан бастап ойлап, ерте қамданудың маңызы зор. Күн өткен сайын ауа райы салқындап, уақытынан ерте келген күз биылғы қыстың қатты болатынынан хабар беруде. Әрине, сақадай сай, отын-суыңды түсіріп, үй-жайың жылы отырғанға не жетсін. Өткен қысқа дайындықтың жоғары болуынан әрі отын қорының мол әзірленгенінен болар, біздің аймақта өзге облыстарда болған келеңсіздіктер етек алған жоқ. Тұрғын үйлерге орталықтандырылған жылу уақытылы беріліп, ыстық су үзілген жоқ. Есесіне, еліміздің өзге өңірлерінде қыс ортасында жылу жүйелері бірінен соң бірі істен шығып, халық әбден әбігерге түсті. Әрине, ондай жағдайдың бетін әрі қылсын. «Қамдансаң қапы қалмайсың» дегендей, ауданымызда қаһарлы қыста қысылмаудың қамы ерте қолға алынғаны белгілі. Басшылар тарапынан да жиі пысықталған дайындықтың салдарынан болар, ауданымызда санаулы күндерден кейін уақытымен жылу жүйесі іске қосылатын болады. Жер үйде тұрып, пеш жағатын тұрғындар да өз қам-қарекеттерін бас...
Толығырақ... Оқылды: 291 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020

АКТИВ ЖИЫНЫ

Ағымдағы жылдың 24-ші қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған міндеттерді орындау жоспарын түсіндіру мақсатында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Мұқатайқызы және онлайн режимде ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Талғат Молдахановтың қатысуымен актив жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Алмас Әділ, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудан басшысы Алмас Қабдулұлы төрағалық еткен жиында күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде Ләззат Мұқатайқызы мен Талғат Мұратұлы баяндама жасады. Ең алдымен кездесуге қатысушылар онлайн режимдегі Талғат Молдахановтың баяндамасын тыңдады. Содан кейін Ләззат Мұқатайқызы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында: мемлекеттік қызмет &nda...
Толығырақ... Оқылды: 169 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020

ПРАЙМЕРИЗ ҮМІТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Қазақстанның саяси тарихында бірінші рет көшбасшы партия тізімі ашық іріктеуден өткен адамдардан құралатын болады. Елбасының бастамасымен «Nur Otan» партиясының праймериз өткізуі – отандық партиялық жүйедегі демократияландырудың жаңа кезеңі бастау алғанын куәландырады. Аз күндерден соң, аталмыш партияның ішкі сайлауы да басталмақ. Осыған орай, сәрсенбінің сәтті күні аудандық Мәдениет үйінде праймеризге байланысты пікірсайыс өтті. Кездесуге аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Алмас Әділ, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы,аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Рғайбекұлы, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, кандидаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл праймериз нағыз мықтыларды анықтайтын дода. Тұңғыш Президент, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризді әділ, әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Праймеризге қатысушылардың барлығы елдің ертеңіне сеніммен қар...
Толығырақ... Оқылды: 189 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.09.2020

мерекелік медальдар табысталды

Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ түрлі салада еңбек етіп, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген 8 азаматқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады. Жиын басында аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков адал еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, зор білікті, еселі еңбегімен аудан халықының әл-ауқатын жақсарту жолында кеңінен танылған аудан басшысы Алмас Қабдулұлының кеудесіне де осы мерекелік медалді табыстап, көпшіліктің атынан құттықтады. «Осыдан 25 жыл бұрын бірауыздан дауыс беріп, қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалар мен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Мемлекетке қажетті заңдар дер кезінде қабылданып, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси жетілуге жол ашылды. Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта жоғарғы деңгейге көтерілгенін мақтанышпен айтамыз», деді ауда...
Толығырақ... Оқылды: 158 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.09.2020

ЖАҢА НЫСАНДАР - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖЕМІСІ

Мемлекеттік мерекелер мен ел өміріндегі айтулы күндер тек музыкасы даңғырлаған концерттік бағдарламамен ғана шектелмей, елдің есінде қалар шараларымен ерекшеленіп жатса нұр үстіне нұр. Кейін­гі жылдары мерекелік шара­лар маңыз­ды нысандардың ашы­луы­­мен, олардың халық игілігіне бері­луімен айшықталып жүр. Биыл да Конституция және Білім күн­дері әлеуметтік саланың әлеуе­тін айшықтап, ауыз толтырып айтар­лық деңгейде аталып өтті. Жалпы, айтулы мереке қар­са­ңын­да ауданымызға қарасты қос бірдей ауылда су жаңа екі нысан ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Біріншісі Көксу бекетіндегі дәрігерлік амбулатория болса, екіншісі Қызылтоған ауылындағы 120 орындық білім шаңырағы. Көксу бекетіндегі қуанышты сәт Жаңа кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Алмас Әділ арнайы қатысты. Қос нысанның қолданысқа берілуі конституция күнінде жергілікті халық үшін тамаша тарту болды. Осыған орай жаңа жұмыс орындары да ашылып отыр. Көксу...
Толығырақ... Оқылды: 221 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.09.2020

Актив жиыны өтті

Бүгінаудан әкімі Алмас Әділдің төрағалығымен Президентіміздің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғыЖолдауын түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, депутаттар, партия өкілдері, құқық қорғау органдары мен бөлім басшылары және қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Жиын барысында Жолдауда айтылғандардың бірқатары ауданымызға қатысты жұмыс барысында қолға алынатындығы айтылды. Актив отырысында аудан басшысы Жолдау аясында туындаған жаңа тапсырмаларға жан-жақты тоқталды. Мәселен, аймақтарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ауылшаруашылығы, жолдардың қалпына келтірілуі т.б. Сонымен қатар, осыған байланысты қарамағындағы әртүрлі сала қызметкерлеріне бірқатар тапсырмаларды жүктеп, тиянақты атқарылуын талап етті.
Толығырақ... Оқылды: 165 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.09.2020

Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының 1 қыркүйек білім күнімен құттықтауы!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын жарық та, жылы сезімдерге толы ерекше күн. Әр адам үшін 1 қыркүйек жаңа білім, жаңа табыс, жаңа жетістіктерге жету бастамасы. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Биыл еліміздегі барлық мектептер қашықтан оқыту форматымен оқитын болды. Әрине бұл өте күрделі шешім. Кеңінен белең алған пандемия бүкіл әлемнің білім беру жүйесі үшін ауыр сынаққа айналды. Балалардың мектеп қабырғасында дәстүрлі форматта білім алуы мүмкін болмай қалды. Адамзат мұндай жаһандық проблемамен алғаш рет бетпе-бет кездесіп отыр. Қашықтықтан оқу ұстазға да оқушыға да оңай соқпайтыны анық. Дегенмен ұл-қыздарымыз көштен қалмай, бар күш-жігерлерін салып оқиды деген сенімдемін. Қай салада болсын бірлік қажет. Жаңа...
Толығырақ... Оқылды: 609 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 01.09.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.