АУДАН ТЫНЫСЫ

АУДАН ҮНЖАРИЯСЫНА БИЫЛ – 75 ЖЫЛ

Құрметті «Нұрлы Көксу» газетінің ұжымы! Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз — аудандық «Нұрлы Көксу» газетінің жарыққа шыққанына 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Ауданның саяси айнасы әрі рухани шамшырағы «Нұрлы Көксу» газетінің алғашқы нөмірінің жарық көргендігіне биыл 75 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, оның оқырмандары үшін мерейлі мереке іспеттес. Өйткені осы жылдарда жергілікті ел-жұрттың шежірелі жылнамасын, тағылымды тарихын, жалпы тыныс-тіршілігін кеңінен насихаттап келеді. Атап айтқанда, соғыстан кейінгі жылдарды, халық шаруашылығын қалпына келтіруді, тың игеруді және тағы басқа да толып жатқан елімізді елең еткізген елеулі жайттарды жариялап отырды. Әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде де ел тынысы мен тіршілігін таспалап отырды. Қысқасы, «Нұрлы Көксу» газетінің оқырмандар сүйіспеншілігіне бөленіп, олармен бірге қуана білгендігін, кейде қабырғасы қайысқандығын архивтерде сақт...
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 25.06.2020

Газет шығару - үлкен өнер

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ұлт жазуының реформаторы Ахмет Байтұрсынов айтқан осы айқындама ақпараттық қоғам қанша жерден цифрланғанымен құндылығын жойған жоқ. Өйткені, газет – жұртшылықты жағымды жаңалықтармен сүйіншілеп, руханиятқа бойлататын, билік пен халық арасын байланыстыратын саяси, қажетті құрал. Ал қажеттіліктен ешкім де бас тартпайтыны анық. Ескі жылдың есіркеуін, жаңа жылдың жарылқауын тілеп, 2020 жылды жұрт болып қарсы алдық. Соңғы екі жыл ауданымыз үшін тарихи жыл болмақ. Себебі, өткен жылы бабамыз Балпық әулиенің туғанына 325 жыл толса, биыл жаңалық жаршысы болып, халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп ауданымыздың үнжариясы болған «Нұрлы Көксу» газетіне 75 жыл толмақ. Айтулы мерейтой газет ұжымы үшін айрықша қуанарлық жәйт. Осы тұста, аудандық басылымның тарихына бойлап, шежіресіне қысқаша тоқталуды жөн санадық. Ауданымыздың тыныс тіршілігін аудан тұрғындарына жеткізіп, насихаттап, дәріптеп жүрген төл тума «Нұрлы Көкс...
Толығырақ... Оқылды: 361 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 25.06.2020

ДАРА ТҰЛҒА

Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші?! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде жаралған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Бүгінде мен, өзінің өмір жолын, қызметтегі қадамын осынау бір жауапты мамандықтан бастаған Қаблисанов Маман Қаманұлы жайында қалам тербемекпін. Ол үнемі ізденіске толы өмір жолында қарапайым мұғалімдіктен басшылыққа дейінгі баспалдақтардан өтті. Маман Қаманұлы, 1957 жылы 3 мамыр күні Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында дүниеге келген. 1964-1974 жылдары Мұқыры ауылындағы орта мектепте оқып, білім алды. 1974-1979 жылдары Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінде оқып, «Тарих және қоғамтану» пәндерінің мұғалімі, тарихшы мамандығы бойынша бітіріп шықты. Маман Қаманұлы 40 жылдық еңбек өтілінде 38 жыл мемлекеттік қызметте еңбек етті. Осы жылдар ішінде өзін білікті, бастамашыл, күрделі мәселелер бойынша шешім қабылдауда жауапкершілік ала білетін жұмыскер реті...
Толығырақ... Оқылды: 256 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.06.2020

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

«Қуаныш бөліссе, көбейеді» деген бар. Осы ұстаныммен біз де Көксу ауданында алдағы уақытта атқарылуы межеленген толымды тірліктерді ұсынуды жөн санадық. Ағайынның аты озғаннан, ауылдастың тайы озғанын тілейтін дарқан пейілді қазақ еліміздің қай түкпірінде орын алған жағымды жаңалықты жат көрмесі белгілі. Газетіміздің өткен санында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы аудан көлемінде жасалынып жатқан жұмыстарды көрсеткен болатынбыз. Мұның баршасы аудан әкімі Алмас Әділден бастап қажетті жобаларды дер кезінде дайындаған білікті қызметкерлердің, ел азаматтарының тынымсыз еңбегі, жұдырықша жұмылған ауызбірліктің, жүйелі жұмыстардың жемісі екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Жолдың жайын жүрген біледі. Әлеуеті дамыған елдердің «байығың келсе, жол сал» деген ұстанымы да бекер емес. Америка Құрама Штатын дамытқан көлік қатынасы жолы екені тарихтан мәлім. Бұл әлемдік экономикадағы тәжірибе. Осы бағытта Көксу ауданында өткен жылы көптеген жұмыста...
Толығырақ... Оқылды: 227 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.06.2020

«Жұмыспен қамту жол картасы»: Жаңа жоба көп

Ауданымызда жуық арада «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жасалуы тиіс жұмыс­тар аз емес. Осы мақсатта аудандық мәслихат депутаттарынан құралған қоғамдық бақылау жұмысшы тобы бір­қатар нысандарында болып, «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағ­дар­ла­масы аясында іске ас­ы­рылып жатқан инф­ра­құ­ры­лым­дық жоба­лардың са­пасын бақы­лап, ауданның дамуына оң серпін беретін келелі істерге тексеріс жасап, жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады. Таяу жылдардан бері ауданның барлық саласы қарқынды дамып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп келеді. Жас әкімнің бүгінгі қарқынды жұмысы көптің көңілінен шығып, халықтың алғысына бөленіп те жүр. Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бұйрығымен «2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бекітілді. Көксу ауданында аталған мемлекеттік бағдарлама а...
Толығырақ... Оқылды: 218 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 12.06.2020

АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

Ауданымыз құрылыс қарқыны бойынша облыста алдыңғы қатарларда тұр. Аудан орталығын айтпағанда, барлық ауылдарда жаңа нысандар бой көтеріп, ел игілігіне берілуде. «Жас келсе, іске» деп бекер айтылмаса керек. Жас болса да өте талапшыл басшы, жан-жақты, алдына мақсат қоя білген аудан әкімі Алмас Әділ келгелі ауданда бірталай істің басы қайырылды. Оқтаудай түзу көшелер, жарқыраған шамдар, жайнаған орталық, әсем ғимараттар, көпқабатты үйлер, жақсы істерді тізбелеп жалғастыра берсек қуаныштан басың айналып, кеудеңді қуаныш сезімі билейді. Бір сөзбен айтқанда аудан тамырына қан жүгірді. Биыл да Көксу ауданында жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Аптаның басын аудан әкімі бірнеше ауылдардағы нысандардағы жұмыс қарқынын тексеруден бастады. Аудан әкімі мұқият тексеруін шағын ауыл Айнабұлақтан бастады. Биыл теміржолшылар бекетіндегі «Түрксіб-Сібір» теміржолының алтын қазығы қағылып, түйіскеніне 90 жыл. Мер...
Толығырақ... Оқылды: 284 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 05.06.2020

ПАЙҒАМБАР ЕМІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздағанда бірінші кезекте ақ халатты абзал жандарға арқа сүйейміз. Шынтуайтына келгенде, батыс медицинасының миымызды улап алғаны соншалықты, дәрігердің жазып берген қорап-қорап дәрілерін алып, санамызда «бітті,жазылдым» деген ой қалыптастырамыз. Алайда, ауруды жіберген Алланың шипасын да беретініне сенетіндер де бар. Соңғы кездері Пайғамбар медицинасына, яғни қазіргі тілмен айтқанда хиджама – арам қан алдыру арқылы денсаулығын қалыпқа келтірген аз емес. Осы тұрғыда, медицинаның бұл түрі қаншалықты пайдалы, 99 аурудың емі арам қанда тұр ма? Хиджама – қан алдыру арқылы ағзаны түрлі аурулардан емдейтін емнің ежелден келе жатқан бір түрі. Бұл емнің негізінде ағзаны арам қаннан тазартып, соның арқасында қан айналым жүйесін қалыпқа келтіру жатыр. Қазіргі таңда адам ағзасының құрамы дәрі-дәрмектердегі химиялық заттарға тәуелді. Ағзаны тазарту үшін артық қан алдыру керек. Өйткені, хиджама процедурасы қан айналымын жақсартады. Аталмыш...
Толығырақ... Оқылды: 576 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.05.2020

Оқуға қабылдау

Қазақстан Республикасы ІІМ – нің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту» туралы бұйрығына сәйкес, ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына күндізгі оқу факультетіне түсетін 16 жасқа толған орта және арнаулы орта білімі бар 25 жасқа дейінгі, әскери қызмет пен оқуға денсаулығы жарамды, ұлдардың бойы – 170 см, қыздардың бойы – 165 см азаматтар қабылданады. ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының күндізгі оқыту факультетінде – «Сотқа дейінгі тергеу, жедел-криминалистикалық қызметі» мамандықтары бойынша қабылдайды, Академияда оқу мерзімі 4 жылды құрайды, білім беру мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Курсанттар толықтай мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі. Академиядағы әр курсы шұғыл әскери қызметті өтеумен тең болады. Оқу процесінде курсант...
Толығырақ... Оқылды: 440 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.05.2020

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен майдангер ұрпақтары

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күніне 75 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамыр Жеңіс күні – әр адамды толқытатын ерекше, аса құрметке ие айтулы күн. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. Соғыс майдангерлері Отанға деген шын сүйіспеншілігімен, ерліктерімен, қайсарлығымен, жігер - қайратымен, ел қорғау сезімімен келер ұрпаққа үлгі болды. Еліміздің тарихында, жалпы әлем тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімі өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды. Жалпы тарих үшін бұл азғана...
Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне тағзым

Соғыс – бұл адам санасына қайшы келетін оқиға. Соғыс әлемдегі ең жаман нәрсе. Ол қанша, қайғы-қасірет әкеледі.Соғыс кісі өлтіру, қан төгіс, қатыгездікке толы. Тіпті ұзақ жылдар өтсе де, соғыс адамдардың жадын да қорқынышты суреттерді елестетеді. Биыл біз Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 – жыл толған мерейтойды атап өтеміз. Жыл сайын 9 мамырда еліміз өз батырларын еске алып, олардың құрметіне құрмет көрсетеді. Мерекелік концерттер дайындайды және ардагерлерді құттықтайды, олардың саны онша көп емес. Біздің мемлекетіміз жыл сайын біздің бейбіт тіршілігіміз үшін өмірін қиған, бізге тағы бір «бейбіт көктемді» берген батырларды еске алуға қосылады. Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамдардың өмірін алды, бірақ соғыста жеңіске жету ең басты мақсат болды. Соғыстың алғашқы айларында республика өнеркәсібін қайта құру басталды. Оның шикізат базасы толықтай қатысты. КСРО-ның еуропалық бөлігінің табиғи ресурстарын жау жаулап алған жағдайда, Қазақстан майданның қуатты а...
Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.05.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.