АУДАН ТЫНЫСЫ
Ата Заң – азат елдің ар-намысы |
«Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қасиетті құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры». Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіз республикамыз санаулы жылдарда өзара татулық, ынтымақ пен бірліктің арқасында орасан табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдердің арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституция жасаған ықпал өте зор. Барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті әлі де мол. Алғашқы қазақ хандығы құрылғанда ата-бабалар дәстүрімен қатар 1511 жылы 19-баптан тұратын негізгі заң қабылданған. Оны қазақ «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған. «Жеті жарғы» 1690 жылдары Тәуке хан тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ х... |
Толығырақ... Оқылды: 305 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.08.2020 |
ТҰҒЫРЫ БИІК- АТА ЗАҢ |
Бүкілхалықтық референдумда азаматтардың тікелей еріктерімен қабылданған еліміздің Ата Заңы, қоғамның жедел дамуына жағдай туғызды. Еліміздің негізгі Заңы барлық жетістіктеріміздің бастамасы болып табылып, бүгінде қазақстандықтардың тең құқығы мен мүмкіншілігіне кепілдік беретін маңызды құжатқа айналды. Бұл күн бәрімізге өте маңызды, ал біз секілді яғни заң аясында қызмет ететіндер үшін бұл мерекенің орны айрықша. Біз бұл мерекені кәсіби деңгейде атап өтеміз. Өйткені, Ата Заңымызда көрсетілгендей, сот жүйесі азаматтардың бостандығы мен мызғымас құқығын сақтауды қамтамасыз етеді. Біздің негізгі заң дүниежүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Мемлекетіміздің қысқа уақыт аралығында өз Конституциясын жасап, қабылдағаны талайларды таң қалдырған. Конституциямыз Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық азаматтардың еркіне сәйкес жасалды. Халық өзі дауыс беріп, қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-... |
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.08.2020 |
ҚУАТТЫ ӘЛЕУЕТ, ҚАРҚЫНДЫ ӨСІМ |
Ағымдағы жылдың 12-ші тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев ауданымыздың бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты. Атап айтсақ, Серік Мелісұлы іссапарын ауданымыздың қант зауытынан бастады. Мекемені аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді. Аудан бойынша 28 га жерді алып жатқан кәсіпорын өзінің биылғы жұмысын 1 айдан кейін бастайтын болады. Себебі, зауыт жұмысын бастауға 60 пайыз ғана дайын. Нақтырақ айтар болсақ, өндіріс орнында қазір жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, тәтті түбір турайтын пышақтарды қайрауға арналған қондырғылар орнатылды. Өзгесінің барлығы осыған дейін озық үлгідегі техникаға алмастырылған. Нәтижесінде өткізілген шикізаттан 13 %-ға дейін қант алу мүмкін болып отыр. Бұрындары бұл көрсеткіш 11-12% болатын. Қазір зауытта жиын-терін науқанына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары барған тағы бір нысан аудан орталығындағы сүт фермасы. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі негізінде құрылғ... |
Толығырақ... Оқылды: 241 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.08.2020 |
Құрбан айт |
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті Көксу ауданының тұрғындары! Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді. Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Бұл – шынайы ниет пен Аллаға деген сүйіспеншілікті паш ететін мейр... |
Толығырақ... Оқылды: 256 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.07.2020 |
Көксу ауданында карантин және шектеу шаралары қатаңдалды |
Көксу ауданының аумағында 25-26 шілде күндері коронавирус инфекциясының алдын-алу, таралуын болдырмау мақсатында аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Мәншүк Әжиеваның 22 шілдедегі №25 Қаулысы шықты. Қаулы 24 шілде сағат 00:00-ден бастап өз күшіне енеді. • Аудан аумағында мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени көпшілік ic-шаралар өткізуге салынған тыйым сол қалпында қалады. • Спорт, фитнес, жаттығу залдары, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, компьютер клуб орталықтары жұмыс істемейді. • Сонымен қатар діни объектілердің жұмысы тоқтатылады. • Отбасылық мерекелік шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру, тағы сол сияқты адам көп жиналатын өзге де шаралар) өткізуге тыйым салынады. • Аудан аумағында маска кию тәpтiбi сақталады. • Азық-түлік дүкендері, 200 ш/м көлемінен үлкен дүкендердің жұмысы сенбі-жексенбі күндері толықтай тоқтатылады. • Қоғамдық тамақтану обекътілері (мейрамханалар, дәмханалар, асханал... |
Толығырақ... Оқылды: 164 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020 |
«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ» |
Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық нұрына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзінікіндей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ деп есептеймін. Өйткені ізгі істер қашанда ізгілікке үндейді. Сауапты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен, жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? – «Мұны негізінен Қытай... |
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020 |
«ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ – ЖОЛЫ АШЫҚ» |
Қайырымдылық жасау адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Көмекке зәру жандарға мейірім шуағын төгіп, жақсылық шуағына бөлейтіндер бүгінгі заманда онша көп емес десек те, олардың барына шүкіршілік етеріміз рас. Біреудің ауыр хәлін өзінікіндей көріп, қол ұшын созудан бейтарап қалмайтын азаматтарды ел-жұртқа көрсетіп, насихаттап отырудың еш артықтығы жоқ қой деп есептеймін. Өйткені ізгі істер қашанда ізгілікке үндейді. Сауапты молайтады. Әрқашанда көмек қолын созуға дайын ауданымыздың жомарт қолды азаматтары бүгінде елімізде болып жатқан қазіргі жағдайдан да шет қалмай, коронавирус инфекциясымен күресіп, бұл сынақты еңсеруге үлес қосуда. Мәселен,жеке кәсіпкер, жас меценат Айым Жандосова аудандық ауруханаға оттегі концентраты мен пульсоксиметр сыйлады. Осы орайда, жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында бас дәрігердің орынбасары Мира Қанаевадан бірер мәліметтер сұраған болатынбыз. – Мира Тоқтамысқызы, жалпы, оттегі концентраторы тапшы дүние ме? &... |
Толығырақ... Оқылды: 204 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.07.2020 |
«Жасыл елдіктер» алғашқы еңбек маусымын аяқтады |
Көксу ауданы бойынша «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары алғашқы еңбек маусымын аяқтады. Маусым айының 1-нен бастап аудан орталығын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстарын атқару ісіне жұмылдырылған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамындағы 67 жас бір ай бойына аянбай еңбек етті. Жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, пайдалы іспен айналысуға құлшыныс танытқан ынталы студенттер мен жоғары сынып оқушылары «Жасыл ел» құрамында еңбек етіп, бір жағынан өз туған өлкесінің көркеюіне атсалысса, екінші жағынан жұмыс істеп, табыс табу мүмкіндігіне ие болды. Әр ауылдық округте жігерлі жастар саябақтағы тал-теректерді суарып, ағаштардың түбін қопсытып, арам шөптерден тазартып, санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізді. - «Жасыл ел» еңбек жасағына келгеніме өте қуаныштымын. Себебі мұнда мен алғашқы рет еңбекке араласып, өзімді сынап көрдім. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, жұмыс істеп, табыс тауып,... |
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.07.2020 |
Қарттарым – асыл қазынам |
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ ол шақтың да өзінің сәні мен мәні бар. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол – ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Округімізде көптеген еліне, жеріне еңбектерін сіңірген қарт ата-әжелеріміз бар. Осы ретті өткеннен үлгі ала отырып, осындай кезеңде жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Көксу ауданы Лабасы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақшыларының ұйымдастыруымен «Ардагерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарым-асыл қазынам» атты акциясы ұйымдастырылып және Мәмбет ауылындағы Нартбай Датқа мешітіне көмектер көрсетілді. Көмек көрсету барысында Мәмбет ауылы Нартбай батыр көшесінің тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жан Ертай Сапарғалиев және жалғыз басты ардагер ұс... |
Толығырақ... Оқылды: 237 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 16.07.2020 |
«ТӘРТІПКЕ БАС ИГЕН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ, ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ» |
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс. Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Аптаның алғашқы күндерінен бастап елімізде және ауданымызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері, БАҚ өкілдері және СЭС - тен құралған мобильдік топтың мүшелері бірлесіп рейд жүргізді. Жалпы тексеріс барысында 8 нысан... |
Толығырақ... Оқылды: 1827 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.07.2020 |