АУДАН ТЫНЫСЫ

Білім және медицина саласы қызметкерлеріне жарнасыз пәтер беріледі

Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге бастапқы жарнасыз берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында екі жыл ішінде 3 000-ға жуық дәрігерлер мен мұғалімдер пәтерлі болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ министрліктер мен ведомстволық ұйымдардың қызметкерлеріне «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жалға беру туралы келісімге қол қойды. Белгілі болғандай, бағдарламаны қаржыландыруға шамамен 40 млрд. теңге бөлінеді және бұл қаражат мемлекеттік бюджеттен алынбайды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айутынша, алғашқы жылы республика бойынша 1500 медицина қызметкері пәтермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам дәрігер меншікті тұрғын үйге мұқтаж. «Денсаулық сақтау саласында 400 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Олардың арасында 170 мыңы мейірбике және 60 мың дәрігер бар. Баспана тапшылығы...
Толығырақ... Оқылды: 480 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 11.06.2019

Қазақстанның батысында ғайыптан көл пайда болды

Жаңа су қоймасы бірнеше күн бұрын шөл даланың қақ ортасында пайда болған Атырау облысы Мақат ауданында екі шоқының арасындағы сайда тұщы көл пайда болды, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Осы маңдағы жаңа әрі жалғыз тұщы су осыдан бірнеше күн бұрын ғана пайда болыпты. Мамандар әлі судың құрамын тексерген жоқ, бірақ оның тұщы екені анық. Адамдар әзірге өз пайдасына жаратпаса да, төрт түлік мал мен құс біткен табиғаттың "тосынсыйының" рахатын көріп жатыр. Мамандардың пайымдауынша, көлде кем дегенде 5 мың метр куб су бар. Көлдің қайдан пайда болғаны анықталуы тиіс. Бәлкім, жер астында әжептәуір су қоры болуы мүмкін. Алайда мамандар әуелі судың химиялық құрамын анықтап, ауыр металл және басқа қоспалардың барын тексереді.Сараптама нәтижелерін жергілікті фермерлер асыға күтіп отыр, олар аяқ асты пайда болған су қорын шаруашылықта пайдалансақ дейді.
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 07.06.2019

Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алу үшін көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетуіне байланысты алаяқтықты тоқтатуға тапсырма берді, – деп хабарлайдыsputniknews.kz. «Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен президент әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы», – деп жазды мемлекет басшысы Twitter парақшасында. ​Бұдан бұрын шымкенттік соттар хабарлағандай, көптеген отбасының өз шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр. Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып жатыр. Аптасына 10-15 арыз түсетін көрінеді. Ақшалай атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға беріледі. Биыл атаулы...
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2019

Айына – 6 мың теңге: Көпбалалы отбасыларға арналған жалдамалы үй туралы не білу керек?

Елімізде 31 725 отбасы пәтер кезегінде тұр. Соған орай мемлекет тарапынан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтрелерде көпбалалы отбасылар өз баспаналарын алғанға дейін тұра алады. "Сатып алу құқығынсыз жалға беретін тұрғын үй" ұғымын енгізген сенат жалдамалы пәтерде көпбалалы отбасы өз үйін алуға ақша жинағанға дейін тұра алады деп бекіткен. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің бұл түрімен"Алтын алқа", "Күміс алқа",Батыр ана", сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" атағын алған отбасылар қамтылатын болады. Қазақстан бойынша496 мың адам баспанаға кезекте тұрса, олардың 31 725 отбасы көпбалалы. Осы заң аясында енді көпбалалы отбасыларға арналған жеке кезек қарастырылып, жүзеге асыру үшін бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінді. Сатып алу құқығынсыз жалға беру баспанасында тұратын көпбалалы отбасылар 1 шаршы метр үшін 117-150 теңге шамасында қаражат төлейтін болады. Сонымен қатар, пәтерде отбасының кез келген мүшесі тұруға құқылы.
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2019

1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

Жаздың бірінші айы бір миллионнан астам қазақстандық үшін қуанышты жаңалықпен басталғалы тұр. 1 маусымнан бастап жалақысы төмен азаматтардың қалтасы қалыңдай түседі Білім беру саласы Бұл саласда істейтін қызметкерлердің жалақысы 10-30%-ке өседі. Бірінші топ – еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері. Мәселен, қалада істейтін, еңбек өтілі 2-3 жылды құрайтын әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәрбиешілердің айлығы қазіргі 55 869 теңгеден 70 859 теңгеге дейін артады. Ауылдарда 69 837 теңгеден 88 573 теңгеге дейін көтеріледі. Еңбек өтілі 2-3 жылға жетіп қалған педагог-психологтар (қалада) қазір 65 019 теңге алса, енді 81 565 теңге төленеді. Ауылдарда 81 273 теңгеден 101 957 теңгеге дейін ұлғаяды. 2-3 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімнің жалақысы: қалаларда 55 480 теңгеден 66 382 теңгеге дейін; ауылдарда 69 351 теңгеден 82 976 теңгеге дейін өседі. Бүгіннен бас...
Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.06.2019

Голливудтың танымал актері Головкин туралы фильм түсірді

Голливуд актері Марк Уолберг қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің DAZN-дағы өмірі жайлы фильм түсірді, деп хабарладыProsports.kzсайты. Актердің өзі қазақстандық боксшының жанкүйері екенін айтқан болатын. "40 күн жаттығу алаңында таңертеңнен кешке дейін түсірілім тобымен бірге болдық. Бокс жанкүйерлері Бэнкс екеуміздің Мэдисон Сквер Гарденда өтетін жекпе-жекке дайындығымызды көреді", — деді Головкин.
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.05.2019

Қазақстанда балалардың сатушы, жүк тасушы, даяшы болып жұмыс істеуіне тыйым салу ұсынылды

Қазақстанда балалар жұмыс істей алатын салаларды заңды түрде анықтап беруді ұсынды. Балалар ісі жөніндегі омбудсмен Сәуле Айтбаева ата-аналардың өз пайдасын көздеп, балалар еңбегін пайдаланатынын айтып, алаңдаушылық танытты. Сәуле Айтбаеваның сөзінше, ата-аналар өз пайдасын көздеп, спорт, жарнама, модельдік және шоу-бизнесте балаларының еңбегін пайдалануда. Ата-аналар балалардың сырт келбетін табыс табу құралына айналдырмауы керек, дейді. «Балаларды 14 жастан бастап қандай еңбекке тартуға болатыны Еңбек кодексінде анық жазылған. Олар тек кинематография, цирк өнері және концертке ғана қатыса алады. Онда да ата-анасының рұқсаты керек. Қалған жұмыстарға 15 және одан жоғары жасқа толғанда ғана араласа алады», - дейді Айтбаева. Сонымен қатар омбудсмен ересектердің қиындықтарын шешу үшін, балалардың еңбегін пайдалануға да қарсы шықты. Ол балаларға саудамен айналысуға, жүк тасушы, даяшы болып жұмыс істеуге тыйым салу керектігін айтты. Десе де еңбектің бұл түрлерінің бал...
Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.05.2019

Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толды

Елордада ЕАЭС-тың 5 жылдық мерейтойына орайластырылған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды. Нұр-Сұлтандағы мерейтойлық саммит Бүгін Нұр-Сұлтанда Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысынаЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысады деп жоспарланып отыр. Олар бес жыл ішінде ұйымның жеткен жетістіктерін талқылайтын болады. Сондай-ақ, отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен ТМД Атқарушы комитетінің төраға...
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 29.05.2019

Мамандар: Батуттан менингит пен ішек аурулары жұғады

Елімізде батуттардың жұмысын қадағалайтын орган құрылуы мүмкін. Қарағандыда батут салдарынан бүлдіршін қаза болған соң батут жұмысын бақылау қолға алынды. Дәрігерлер батуттан балаларға небір аурулар жұғатынын айтып отыр. Онда менингит, пневмония, ішек ауруларын тудыратын микробтар болады. Себебі даладағы шаң-тозаңнан ластанады. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. "Батуттардың күн сайын жуып-тазалап тұру керек. Батутта ойнаған балаларды ата-анасы тазалап жуындыру керек. Күнделікті ластанған, әрі көп баланың қолы тиген жерде міндетті түрде микроб болады. Балалар ауруды тез жұқтырады", - дедіНұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғыбылов. ІІМ үкіметке хат жолдап, батут қызметін бақылайтын орган құруды ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырдаОрталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды ​​қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып,бір бала қайтысболды. Қайғылы оқиғадан кейінбатутты орналастырған аттракциони...
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 29.05.2019

YouTubeдегі балаларға арналған 6 канал

Қазір ақпарат заманы дегенді көп естіп, көп айтып жатамыз. Ақпаратпен күнделікті өмірде жиі ұшырасамыз. Ол әрине, қолымыздағы түрлі гаджетердің арқасы. Тіпті, газет оқып, теледидар қарауды да азайттық. Азайттық дегеніміз өтірік болып кетеді-ау осы. «Қойып кеттік» десек те болатындай. «Заманына қарай адамы» деген мақал бар. «Балаларымыз осы заманға лайық па?» деп сұрамас бұрын «Балаларға заманына лайықты не беріп жүрміз?» деген сұраққа жауап іздеген жөн-ау. Ата-ана ретінде балаларымыздың не көріп, не тыңдап жүргенін қадағалай аламыз ба? Иә, әуелгіде баланы «Балапан» арнасымен алдауға болатын шығар. Бірақ, ол балалар үшін аздық етуде. Балаларымыз «Балапанға» дейін немесе «Балапаннан» кейін не көруі керек? «Осы тыныш отырса болды» деп баласының қолына планшет бере салатын қатарластарымыз көп. «Балам түстерді орысша айтады. Балам сандарды орысша санайды» деп шағымданатын ата-анала...
Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.