АУДАН ТЫНЫСЫ
ҰБТ - 2019 |
20 маусым мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. ҰБТ-ның негізгі шарттары туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз Мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Енді, аттестат алу үшін емтихан тапсыру қажет. Ал 20 маусымда ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Ұпай саны қалай есептеледі? Биыл тест тапсырмалары 30 процентке жаңартылды. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма бар. Алайда 140 ұпай жинауға болады. Өйткені кейбір тапсырмаларда бірнеше дұрыс жауап болады. Мәселен, екі салалық пәннің 30 тапсырмасы бар. Соның ішінде 20 тапсырмада 1 ғана дұрыс жауап берілсе, 10 тапсырмада бірнеше дұрыс жауапты табу қажет. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға 3 сағат 50 минут беріледі. Қанша ұпай жинау керек? Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін тестілеуден, кем дегенде, 65 балл жинау керек. Ал... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.05.2019 |
Жетісулық шаруалар 4 мың тонна ет экспорттауды көздейді |
Алматы облысының шаруалары биыл 4 мың тонна ет экспорттамақ. Яғни бұл өткен жылғымен салыстырғанда 3 есеге көп. Отандық өнім Өзбекстан, Қырғызстан және Иран Ислам Республикасына жөнелтіледі. Өңірде жыл сайын 350-360 мың тонна ет өндіріледі. Аймақта кейінгі кездері ірі қара еті 82 теңгеге қымбаттаған. Қазір сауда орындарында орташа есеппен 1591 теңгеден сатылып жатыр. Сала мамандары бағаның өсуіне бірнеше себеп бар екенін алға тартады. Айгүл Идрисова, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы: - Өндірушілер өз бағаларының көтерілгенін шөп көтерілгенімен, жол шығыны артқанымен және халықтың сұранысымен түсіндіреді. |
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.05.2019 |
ЖАҢАДАН ПАЙДА БОЛҒАН МЕРЕКЕ |
Үкімет қаулысына сәйкес, мерекелер тізімі кәсіптік одақтар күнімен толықты. Қазақстан кәсіптік одақтарының күні 10 қазанда аталып өтеді, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан. Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысы нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған Қаулыға сәйкес, мерекелік күндердің тізбесі Қазақстан кәсіптік одақтарының күнімен толықты. Жаңа мейрам 10 қазанда аталып өтеді. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі. Айта кетсек, бұған дейін елімізде 11 қараша – энергия үнемдеу күні, 20 желтоқсан – мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні болып бекітілген еді. |
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.05.2019 |
ДЕНСАУЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА |
Дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқан дәріханаларға 2,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Қазіргі кезде Қазақстанда дәрілік заттардың 7792 атауы тіркелген. Олардың 6033-і, яғни 77 пайызы дәрігердің рецептісімен, қалған 1759-ы рецептісіз сатылады. Бұдан бұрын дәрі-дәрмек саудадағы атау бойынша босатылса, қазір халықаралық атау бойынша рецепт арқылы науқасқа беріледі. "Рецепт бойынша микробқа қарсы және гормоналдық препараттар, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар дәрілік заттар, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейтін дәрі-дәрмек, асқазан-ішек жолдарын емдейтін дәрілер босатылады. Әртүрлі дәрумендерге, мұрынға арналған тамшыларға, сироптарға, шөптен жасалған шайға және шөптік жиындарға рецепт керек жоқ", - деді дәрілік заттардың саудасына арналған баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Ералы Нұрғазин. Елордадағы №9 емхананың бас дәрігері Сәуле Смағұлованың айтуын... |
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.05.2019 |
Тоқаев: Әскери әлеуетті нығайту қажет |
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылығына шешім қабылдау уақытын барынша қысқарту үшін басқару жүйесін жаңғыртуды міндеттеді. Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тұрақты қолдауының арқасында Қазақстанда ықшам, мобильді және соғысқа қабілетті армия құрылды. Оның негізгі миссиясы – мемлекеттің егемендігі мен аумағының тұтастығын қорғау екенін айтты. – Қарулы Күштердің басшылық құрамының алдында болып жатқан өзгерістерге бейімделу ғана емес, сондай-ақ алдын алу жұмыстары тұр. Бұл қауіп-қатерлерге жан-жақты талдау жасауды талап етеді. Бүгінде біз геосаяси қайшылықтардың шиеленісе түскеніне, жаңа қақтығыстардың пайда болғанына куә болып отырмыз. Әскери іс-қимылдарды жүргізудің формалары мен тәсілдері өзгерді, дәлдігі жоғары қарулар мен басқа да заманауи қару-жарақтардың үлесі артты. Сондықтан, мен "Айбалта" оқу-жаттығуы кезінде Қорғаныс министріне Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасына тиісті... |
Толығырақ... Оқылды: 340 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.05.2019 |
Асқар Мамин: Балалар демалыс кезінде театр мен мұражайларға, спорттық объектілерге тегін бара алады |
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жиында білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова,мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Қазақстанның бас санитардәрігері Жандарбек Бекшин және облыс әкімдері есеп берді. "Балалардың демалу мәселесі өте маңызды. Бұл әр отбасына қатысты"- деді ҚР үкімет басшысы Асқар Мамин. Балалардың демалысын Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында өткізу жоспарланып отыр. Қалған облыстарда Қазақстан Республикасының премьер-министрі жаз айында тиісті деңгейде демалыс өткізугешұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. "Мереке күндері балалар мұражайларға, театрларға, табиғат қорықтарына, ұлттық парктерге, спорттық ғимараттарға тегін кіруітиіс. Тақырыптық кездесулер, іс-шаралар, сапарларды ұйымдастыру қажет", - деді Асқар Мамин. Жазғы демалыс іс-шараларын ұйымдастыру аясында ҚР премьер-министрі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды... |
Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.05.2019 |
Жыл соңына дейін Қазақстанның үш қаласында 5G пайда болады |
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанда "бесінші буын" байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді. Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды ҚР Үкіметінің басшысы берілетін деректердің ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компонентерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру т.б. тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады. ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді. Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық... |
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.05.2019 |
Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін ала алмайды |
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу және емтихан бөлімін жояды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл бөлімнің функциялары барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лар қарайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беріледі. Қазір арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданады. Ал полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінен теориялық және практикалық емтихандарды қабылдайды. Сондай-ақ олар азаматтар мен көлікті іздестіру базасынан тексереді, шектеулердің бар-жоғын және құжаттардың шынайылығын анықтайды. 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлері қабылдайды. "Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді. Яғни жүргізуші куәліктер... |
Толығырақ... Оқылды: 330 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.05.2019 |
Тони Меммел: Мені бір адам ғана тыңдаса да ол үшін ән айтуға дайынмын |
Танымал американдық әнші, бірнеше әннің авторы, композитор Тони Меммел мен оның тобы Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін концерт өткізді. Тони Меммел сол білексіз дүниеге келген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі. Алайдатағдыр тауқыметіне бой алдырмай, алға қарай ұмытылып гитарада ойнауды үйренген. Тіпті, 2013 жылы Wisconsin Area Music Industry премясының бас жүлдегері атанған. Тони Меммел 1986 жылы Техас штатының Нэшвилл қаласында дүниеге келген. Балалық шағынан шығармашылыққа жақын болған ол, 12 жасында гитараға деген ықыласы артады. Алайда ата-анасының оған гитара әперуге мүмкіндіктері болмағанына қарамастан Тони Меммел өз арманына шектеу қоймаған. Талпынысының арқасында гитараны теренінен зерттеп, жинаған қаржысына алынған гитарада ойнауды өз еркімен үйренген. Бүгінде танымал музыкант 160-тан астам ән мен 6 альбомның авторы. Оның өмірге деген құштарлығы, талпынысы мен табандылығы тағдырдың жазуымен мүмкіндігі шектеулі жан атанғандар үшін үлгі бола... |
Толығырақ... Оқылды: 314 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 17.05.2019 |
Қызылтоған ауылында су жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды |
Жуырда Алғабас ауылдық округінің Қызылтоған ауылында 25 орындық шағын орталығымен 120 орындық орта мектеп құрылысы басталды. Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 717 000 млн. 654 мың теңге қаржы бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстарын «СП NEFT» ЖШС-гі жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына бірінші кезекте ауылдағы жұмыссыз азаматтар жұмысқа тартылуда. Жалпы, Алғабас ауылдық округінде елді қуанышқа кенелткен істер мұнымен біткен жоқ. Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты да айшықты шаралар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, аудандық бюджеттен 20 млн. 347 мың теңге бөлініп Алғабас ауылының 390 м болатын Көмекбай көшесіне, Қызылтоған ауылының 760 м болатын Нұрахмет көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасылып, асфальт төселді. Сондай-ақ, Алғабас ауылында «Туған жер» бағдарламасы аясында ауылдың кәсіпкер азаматтарының қаржысынан жастар саябағы салынуда. Ауыл әкімі Дәурен МОЛДАҒАЛИДІҢ айтуынша: «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында таяу уақытта құны 18 млн б... |
Толығырақ... Оқылды: 725 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 13.05.2019 |