АУДАН ТЫНЫСЫ
ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК |
Мереке қарсаңында Алматы облыстық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық ӘБДІҚАДЫРОВ ауданымызға арнайы келіп, Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз Николай Огневты Жеңістің 74-жылдығымен құттықтап қайтты. Садық Нұрсапаұлы ардагерге денсаулық тілеп, арамызда жүргенінің өзі біздер үшін бақыт екенін жеткізді. |
Толығырақ... Оқылды: 482 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.05.2019 |
Мамыр айының 3-і күні аудан орталығына жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов келді |
Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде атап өткен тапсырмаларын халыққа түсіндіру мақсатында бірқатар нысандарды аралады. Алдыменен "Көксу қант зауытына" барып, ондағы жұмысшы топпен сөйлесіп, зауыттың жұмыс қарқынымен танысты. Сонымен қатар, жылына 50 мың тонна соя өнімін шығаратын "УЫЗ МАЙ INDUSTRY-дің" жұмысшыларымен жүзбе-жүз кездесіп, сапалы әңгіме өрбітті. Бүгінде цифрлық технологиялар арқылы көптеген саланың жұмысы жеңілдеді. Осы тұрғыда ел қалаулылары тауарлы-сүт фермасына барып, мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізді. 400 басқа арналып салынған бұл фермада төрт робот сауыншы жұмыс атқарады. Ағымдағы жылы бұл фермаға тағы 200 басқа арналған екінші кешен салынбақ. Аудандық емхана жұмысы да назардан тыс қалмады. Себебі, Елбасының көтерген негізгі мәселелерінің ішінде - денсаулық саласы басты бақылауға алынған. Емханадағы озық технологиялармен жабдықталған кабинеттерді аралап, жұмыс сапасына оң бағаларын берді. |
Толығырақ... Оқылды: 453 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.05.2019 |
Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері екі айда 8 бірдей көп балалы отбасыға үй сыйлаған |
Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері тағы да екі отбасыға баспана сыйлады. Жаңа шаңырақ иелерінің екеуіде жалғыз басты аналар. Бірі 3 кішкентайды, екіншісі 7 бірдей баланы бағып отыр. Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Мейрамгүл Бәйсеитоваға, осы ауылда орналасқан "Сарыбұлақ" шаруа қожалығының басшылары 4 бөлмелі үйді сатып әперген. «Осы күнге дейін 7 баламен баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрдым. Екі балам оқу оқиды, 5 балам мектепте. Жалғыз өзімнің қолымнан келгенінше тырмысып, балаларымды жеткізіп келемін. Ендігі өзіміздің үйіміз бар. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Қожалық басшылығына алғысым шексіз »,- дейді көп баланы батыр ана көзіне жас алып. Сонымен қатар, Алтынемел ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің бас директоры Халық Оңғарұлы, Сембай Гүлсанат есімді жалғыз басты ананы үш бөлмелі кең үйге кіргізді. « 6 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерде тұрдым. Кіші балам енді ғана 3-ке толды, екі балам мектепте... |
Толығырақ... Оқылды: 366 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.04.2019 |
Ақша шақыратын ырымдарды білесіз бе? |
Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бір мақсат - ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше - көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан ешқандай пайда көре алмауыңыз да мүмкін, керісінше он мың теңге бүкіл байлықтың негізі болып жататын әсерлері де аз емес. Ақшаға байланысты ырымдарды сіз де жасап көріңіз, бәлкім сіздің де қалтаңыз қалыңдар... Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы - машинаның кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін қойсаңыз ұрлап кетеді. Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әрі қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көріңіз, әрі қаржылық жағдайыңыздағы өзгерісті де бақылауды ұмытпаңыз. Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе біреуг... |
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.04.2019 |
Алматы облысының тұрғындарының 95 пайызға жуығы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған |
Cу шаруашылығын дамыту мен су ресурстарын тиімді пайдалану өте маңызды. Өйткені қазір су тапшылығының артуы, жер асты және жер үсті суларының ластануы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі мәселеге айналып отыр. Елбасы тапсырмасымен 2020 жылы ауылдық елді мекендердің 80 пайызын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу міндеті қойылған. Осыған сәйкес аталған мәселелердің шешімін табу үшін Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 85 елді мекен орталықтандырылмаған су жүйесімен қамтылған. 3 мыңнан аса су құбырына және 2 мыңнан аса орталықтандырылмаған су көздеріне бақылау орнатылса, 24 мыңнан аса су көзіне түрлі сынамалар жасалынған. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. «Бүкіл жер шарын алаңдатқан су мәселесі біздің елімізде де өзекті. Әсіресе, халықты сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жіті бақылауда. Ел тұрғындарын таза әрі... |
Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 26.04.2019 |
Көксудың жолына 1 миллиард теңге бөлінеді |
Өңірлердегі инфроқұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Алматы облысының Көксу ауданында 11 көшенің құрылысына бюджеттен 1 миллиардқа жуық теңге бөлу қарастырылған. Олардың 8-і орташа жөндеуден кейін тротуары мен жарықшамы бар көшеге айналады. Тағы 3 көшеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі. Көксу ауданында 41 000 адам, 34 елдімекен бар. Мұндағы ішкі жолдар 230 километрді құрайды. Ал, ауданды кесіп өтетін жолдардың 204 километрі облыстық және 56 шақырымы республикалық маңызы бар жолға жатады. Жалпы, көлік жолдарының 76 пайызы жақсы. Аудандағы ішкі жолдарды жөндеуге ерекше мән беріп отырмыз. Бұрын көп болса 5-6 жолды жасауға мүмкіндік болған. Қазір басқа аудандармен салыстырғанда біздегі жолдар жаман деуге келмейді. “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында ауылдадардағы ішкі жолдарға жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Оған арнайы республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Бұрын бізде ағымдағы жөндеу жұмыстары болмаған, яғни, оған қаражат қ... |
Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 25.04.2019 |
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН ТЕСТ ТАПСЫРДЫ |
Nur Otan партиясының құрылтайынан соң Қасым-Жомарт Тоқаев орталық сайлау комиссиясына барып, кандидат ретінде құжаттарын өткізді. КЕЙІН лингвистикалық комиссияның алдында мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Жазба жұмысының тақырыбы – Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері болды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырыпта 2 беттік шығарма жазып шыққан. Комиссия мүшелері шығармадан бірде-бір қате таппағанын айтады. Содан соң президенттікке үміткер Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" кітабынан үзіндіні мәнерлеп оқып берді. Комиссия мүшелері Тоқаевтың дауыс ырғағы мен оқу мәнерін жоғары бағалады. Соңында Тоқаев әлемдік саясаттағы Қазақстанның орны тақырыбында сөз сөйледі. Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, президенттің сөзін бәрі ұйып тыңдаған. Өйткені, Тоқаев сыртқы саясаттың нағыз маманы. Үш кезеңнен де мүдірмеген Қасым-Жомарт Тоқаевты лингвистикалық комиссия мемлекеттік тілді толық меңгерген деген шешім шығарды. |
Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.04.2019 |
24 сәуір – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСТРОНОМИЯ КҮНІ |
Бұл мереке 1973 жылы Америкада дүниеге келіп, астрономия жанкүйерлерін «Астрономияны адамзатқа таныстырушылар» деген бір ұранның астына жинады. Бүгінде бұл қозғалысты Астрономия лигасы, Тынық мұхит Астрономиялық қоғамы, Халықаралық Планетарийлер одағы басқарады. Астрономия күнін әдетте сенбіде, ай орталанып, сәуір аяқталып, мамыр бастау алар кезде тойлайды. Бұл күні көптеген елдерде мыңдаған астрономиялық клубтар, ғылыми мұражайлар мен расытханалар, планетарийлер әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырып, көпшілікке дәрістер оқып, телеконференция, біріккен жобалар жасап, жұлдызды аспанды телескоптармен тамашалатады. |
Толығырақ... Оқылды: 628 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 24.04.2019 |
ОҢ КӨЗ ҚАРАС |
Бүгін "Нұр Отан" партиясының мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, президент сайлауына партия атынан қатысатын үміткер ретінде бекітті. Партия съезінде Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатып Назарбаев Тоқаевқа "толықтай сенетінін" айтып, қазақстандықтарды Тоқаевты қолдауға шақырды. Қазақстан халқына осы уақытқа дейін еңбегі сіңген Елбасының бұл шешімін өз басым қолдаймын. Себебі, көп жылдар бойы қол астында қызмет атқарған адамның қандай екенін әрі атқарып жатқан жұмыстарын Тұңғыш Президентіміз білгендіктен, сеніммен айтып отыр. Әлия ИМАНЖАНТЕГІ. |
Толығырақ... Оқылды: 369 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.04.2019 |
ЕЛІМІЗ ҮШІН ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІМ |
2019 жыл 9-шы маусым – еліміздің тағдырын шешетін күн. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президенті анықталмақ. Бұл біздер саяси маңызы зор оқиға болмақ. Ал, бүгін, 23 сәуір күні «Нұр Отан» партиясы атынан президенттік сайлауға түсетін үміткердің есімі белгілі болды. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты лайықты деп санап, шешім қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы – 20 наурыздан бастап Қазақстан перзиденті лауазымын иеленген болатын. Осы уақыт аралығында бірқатар келелі мәселелердің шешімін тауып, өзінің ел басқарар басшы бола алатындығын дәлелдеді. Президент ретіндегі алғашқы бұйрығы – Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертуі болды. Ресми сапарымен Ресейге барып, Владимир Путинмен келіссөздер жүргізді. Атап айтсақ, «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау және «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құруға қатысты құжаттарға қол қойды. Оған қоса, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен де кездесті. Еліміздің бірқатар... |
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 23.04.2019 |