ЛАЙФСТАЙЛ
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 шілде |
Бүгін кәсіби мереке – Бүкіләлемдік азаматтық авиация бортсерігі күні аталып өтеді. Стюард немесе стюардесса мамандығының пайда болғанына сексен жылдан асты. Кейбір деректерге сүйенсек, 1928 жылы Германияда алғаш рет ұшақ бортында жолаушылардың қауіпсіздігі мен сервиске жауапты адам бекітілген. Бастапқыда бортсеріктің міндетін ер адамдар – қымбат мейрамханалардың даяшылары атқарған екен. Ал 1930 жылы АҚШ әуедегі жұмысқа сүйкімді қыздарды да тартуды ұйғарыпты. Оның үстіне қыздардың салмағы да жеңіл, бұл сол кездегі ұшақтар үшін өте маңызды еді. Сондай-ақ, бүгін – Бүкіләлемдік фотографтар күні. Бұл дата француз суретшісі Луи Дагердің есімімен байланысты. Ол 1839 жылы Париждегі суретшілер академиясында суретке түсірудің жаңа әдісін көрсеткен болатын. Сондықтан осы күн фотографтардың төл мерекесі ретінде аталып жүр. "Фотография" термині де 1839 жылы пайда болған, оны екі астроном – ағылшын Джон Гершель мен неміс Иоганн фон Медлер біруақытта қолданыпты. Т... |
Толығырақ... Оқылды: 478 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 12.07.2019 |
Аптап ыстықта не жеу керек – маманның кеңесі |
Сарапшы шілденің шіліңгірінде қандай жеміс пайдалы екенін айтты Аптап ыстық кезінде калийге бай жеміс-жидекті көп мөлшерде жеу керек, деп хабарлайды РИА Новости ауыл шаруашылығы өнімдерінің сарапшысы Нина Зайцеваның кеңесіне сүйеніп. "Жазда аптап ыстықта адам қатты терлегендіктен, ағзада калий жетіспеушілігі болуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін калийге бай жеміс-жидектер жеу керек", - дейді Зайцева. Сарапшының айтуынша, шабдалы, өрік, қарақат, банан және ананас сияқты жемістер калийге өте бай. Осы жемістерден денсаулыққа пайдасы мол дәрумендер мен микроэлементтер алуға болады, дейді маман. |
Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 12.07.2019 |
Қаласаңыз, бойды өсіре аласыз |
Ұзын бойлы, сымбатты болуды әркім-ақ қалайды. Дегенмен жас кезде болмаса, ересек адамдарда бойдың өсуі белгілі бір шамаға жеткесін тоқтайтыны белгілі. Одан кейін қандай амал қолданса да бой өспейді. Дегенмен оны түрлі тәсілдермен 2-3 сантиметрге дейін ұзартуға болады екен. Төменде сол жайлы айтылады. Жас ұлғая келе омыртқааралық дискілер нығыздалып, бойды 5 сантиметрге дейін аласарта алады. Ал қалаған адам осыған жол бермей, тіпті бойды аздап өсіре де алады. Оған дене жаттығулары, дұрыс тамақтану, толыққанды ұйқы, арнайы тренажерлер көмектеседі. Бастысы – жаттығуларды кешенді әрі тұрақты түрде жүргізіп отыру. Мынадай жаттығулар жасау керек: Керіліп-созылу. Күнде жасап тұрса ол дененің созылғыштығын дамытады, сіңірлер мен бұлшық еттерді созады, соның нәтижесінде омыртқа түзеледі.Жаттығу кезінде еңкейгенде саусақтар еденге еркін жетуі тиіс. Алақанды еденге тигізсе, тіпті жақсы. Осыған ұқсас басқа да жаттығуларды жасауға болады. Соның бірі – «Аспанды көтеру... |
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 шілде |
Бүгін – Бүкіләлемдік шоколад күні. "Тәтті" мерекені алғаш рет 1995 жылы француздар ойлап тапқан. Шоколадты алғаш болып ацтектер жасап үйренді деген болжам бар. Олар оған "құдайлар асы" деген атау берген. Шоколадты Еуропаға алғаш жеткізген испаниялық басқыншылар оны "қара алтын" деп атап, дене күшін нығайту үшін пайдаланған. Кейінірек бұл тәттіні Еуропада тек ақсүйектер жей бастады. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қара шоколад адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, көзі нашар көретін жандарға да септігін тигізеді екен. Сондай-ақ, бүгін Халықтардың бүкілдүниежүзілік күні аталып өтеді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында адамзат әлем халқының қарқынды өсіп келе жатқанын байқады. Бұл мәселе Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдердің алаңдаушылығын туғызды. БҰҰ мәліметінше, 1987 жылы 11 шілдеде Жер шары халқының саны 5 миллиард адамға жуықтаған. Осылайша бұл күн шартты түрде Бес миллиард күні деген атау алды. 1989 жылы БҰҰ халықаралық мереке &n... |
Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 шілде |
Америка Құрама Штаттары мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Америкалықтар бұл мейрамды "Fourth of July" – "4 шілде" деп атайды. 1776 жылы 4 шілде күні АҚШ конгресі Тәуелсіздік декларациясын мақұлдаған болатын. Құжатқа конгресс президенті Джон Хэнкок пен хатшы Чарльз Томсон қол қойды. Сондай-ақ, бүгін – II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлерге қатысты геноцидті еске алу күні. 1941 жылы 4 шілде күні фашистік Германия әскері Латвия астанасы Ригада мыңдаған еврейді сегіз синагога қамап, тірідей өртеп жіберді. Бұл күн тарихқа "хрусталь түні" ретінде енді. |
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.07.2019 |
Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? Тест |
Алдымен туған күніңізге байланысты жеке кодыңызды анықтаңыз. Түрлі мамандықтобы белгілі бір санмен байланысты. Мәселен, туған күніңіз: 25.12.1983 Күні: 25=2+5=7 Айы: 12=1+2=3 Жылы: 1983=1+9+8+3=21=2+1=3 25.12.1983=(2+5)+(1+2)+(1+9+8+3)=7+3+3=13=1+3=4 4 саны – сіздің жеке кодыңыз Егер сізде екі таңбалы сан шықса, онда оларды өзара қосып, бір сан алу керек. Мәселен: 23=2+3=5 Нәтижені жеке код бойынша қараңыз 1. Қызмет саласы: Түрлі дәрежедегі бастықтар. Шығармашыл жандар. Ұйымдастырушылар. Жауапкершілік танытып, нәтижеге қол жеткізе алатын белсенді, қызу жұмыстар. Мамандықтар: Банк қызметкері, менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші. Мақсат: Өзіне сай келетін істі табу. 2. Қызмет саласы: Өзгелерге қамқорлық көрсетіп, көмек беруге байланысты мамандықтар. Қоғамдық қызмет көрсету саласы. Мамандықтар: Дәрігер, қоғамдық қызметші, өнер қайраткері, саяхатшы, ойшыл, үй ханымы, фермер, актер. Мақсат: Сезім мен қиялды дамыту. Сүйі... |
Толығырақ... Оқылды: 376 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 шілде |
Беларусьте мемлекеттік мейрам - Тәуелсіздік күні. 1996 жылы осы елдің президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік күнін елді фашистік Германиядан азат еткендердің құрметіне орай шілденің 3-інде атап өтуге жарлық шығарды. Жыл сайын бұл күні әскери парад ұйымдастырылады. Хакасия Республикасы ұлттық күні - "Хакас Чирі" мерекесін атап өтеді. Бұл мейрам республиканың 1992 жылдың 20 қазанындағы "Хакасия Республикасы күні туралы" заңымен бекітілген. Алжирде Тәуелсіздік күнін тойлайды. 1936 жылдан бері Ресейде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекция күні аталып келеді. Сол жылы 3 шілде күні КСРО Халық комиссарлары кеңесі автомобиль инспекциясын құру туралы ережені қабылдады. Бастапқыда құрылымның құзіретіне шопырларды даярлау мен тәрбиелеу, сондай-ақ жол-көлік апаттарымен күресу міндеттері жатқан. Алғашқы жылы МАИ-дың штатында 57 адам болыпты. Сондай-ақ, бүгін - Алтай Республикасының құрылған күні. 1991 жылы Ресей Федерациясының құрамындағы Таулы... |
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 шілде |
Бүгін - Дипломатиялық қызмет күні. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы 1 шілде күні қол қойылған "1998 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан президенті жарлығына толықтырулар енгізу туралы" жарлығына сәйкес аталып өтеді. Сонымен бірге бүгін Халықаралық спорт журналистерінің күні тойланады. Бұл күн Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының бастамасымен 1995 жылдан бастап аталып өтіп келеді. Және де бүгін - Дүниежүзілік уфологтар күні. 2 шілдеде бүкіл әлемде беймәлім ұшатын нысан күні немесе уфологтар күні тойланады. Сонымен қатар бүгін Халықаралық иттер күні тойланады. Ит – жеті қазынаның бірі, адамның досы. Ақылды жануар ыммен және сөзбей айтылған 250 бұйрықты орындай алады екен. Иттердің ойлау қабілеті 2 жастағы баланыкімен бірдей. |
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 02.07.2019 |
Өтірікті қалай анықтауға болады? |
«Өтірік – өрге баспас», -дейді атам қазақ. Сөйте тұра, ешнәрсені аңдамастан, күнделікті өмірде өтірік сөздің құрбаны болып жататынымыз рас. Адамдар өтірікті әртүрлі жағдайға байланысты айтуы мүмкін. Жақын жаныңның игілігі үшін де айтылатын зиянсыз өтіріктер де бар. Мәселен, ауырған адамға «сенің денсаулығың күн сайын жақсарып келеді, еміңді осы бетіңнен таймай жалғастыр!» десек, бұл сөз оған күш беріп, қиындықты жеңуіне көмектеседі. Ал бізге зиян келтіру үшін айтылатын қасақана өтіріктерден, алаяқтардың арбауынан сақтану үшін не істеуіміз керек? Баламыз бір нәрсені бізден айқын жасырып тұр деп уайымдасақ ше? Олай болса, психолгтар кеңесі бізге артық етпейді. Сонымен, өтірік айтуы мүмкін деп ойлайтын адамның іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына мұқият назар аударыңыз… 1.Өтірік айтқан адам сіз қойған сұраққа жалпылама жауап қайтаруға тырысады. Мәселен, «мына киімнің өңі шықпай ма?» деген сұраққа сатушы «бұрын сатып алған адамдардың еш... |
Толығырақ... Оқылды: 420 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 01.07.2019 |
Жетістікке жету жолдары |
Өмір теңізі телегей толқындарымен, бұрқанған дауылдарымен көрікті.Ал мұнда тек өлі балықтар ғана ағыспен бірге ілесе бермек.Әр адамның санасында жетістікке жету жайлы ең үлкен үміттер мен алуан қорқыныштар шоғыры ұя салған. Кез-келген жетістіктік шыңын бағындырушының тарихына үңілсек, олардың асқақ арманды табанды мақсатпен ұштастыра отырып тер төккенін байқаймыз.Бұл тұрғыда Билл Гейтстің оқудан қуылса да жасымай еңбекке араласуы, Армериканың қара нәсілді президентіНелсон Манделаныңкөптеген жыл темір торға тоғытылса да рухы сынбай,жігері жасымай, өз мақсатына деген беріктігі мысал бола алады.Сонымен, жетістікке жетудің бағдарлары қандай? Әлемдегі кез келген табысқа жетушінің ең бірінші бойындағы қасиеті күн сайын өзін-өзі дамытып отыруы. «Ең жақсы инвестиция – ақшаны яхтаға немес көлікке жұмсау емес,өзіңді дамытуға құю». Екінші, «ақша керек пе, бар болғаны сатуды үйреніңіз». Белгілі ғалым Әбу Ханифа түске дейін саудамен айналысса,түстен кеін шәкіртте... |
Толығырақ... Оқылды: 833 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 01.07.2019 |