ИМАНАШАР

АНА ӨСИЕТІ

Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мынадай өсиет айтқан екен: «Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің. Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған. Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды істейтін болады. Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен оларды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-қатынасыңда мін болмайды: Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен қабыл ал, қанағат иесі бол. Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне жолама. Үй ішін де, үсті-ба...
Толығырақ... Оқылды: 485 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019

СТАКАН ЕМЕС, БҰЛАҚ БОЛУҒА ТЫРЫС

Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды. “Дәмі қалай екен?” деп сұрайды қария. Шәкірті “Ащы” деп жауап береді ызаланып. Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. “Tәтті” дейді шәкірт. “Тұздың дәмін сездің ба?” сұрағына да, “жоқ” деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: “Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі проблемалардың да ащы болып болмауы тек сенің сезімдеріне...
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Жақсылық! Алланың құдіреті шығар, осы бір сөзді құлағымыз шалса болды, жанымыз жадырап сала береді. Біреуге жақсылық тілеу, қолдан келсе жақсылық жасау, Алла Тағаладан жақсылық сұрау адам өмірін мәнді де мазмұнды ететін қайырлы әрекет екені бесенеден белгілі. Сондай-ақ, жақсылық ұлт пен ұлысты, дін мен ділді талғап-таңдамайтыны тағы бар. Бұл ай – Рамазан айы. Сауаптар молынан жазылатын, күнәлар кешірілетін, нәпсінің нөкерлеріне тұсау салынатын, жақсылық жасауға асығатын ай. Осыған орай, ауданымыздың бірқатар азаматтары қайырымдылық жасап, мейлінше жақсылықтың жаршысымен бөлісуде. Дана халқымыз «Жақсылық жаса да суға ат, балық көрмесе халық көреді, халық көрмесе де Жаратушы көреді» дейді. Қайырымдылық жасау – адамгершіліктің биік қасиеттерінің бірі саналады. Қамшының сабындай қысқа өмірде қолдан келгенше аялы алақан мен жан жылуын қажет ететін жандарға қол ұшын бергенге не жетсін. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әрдайым риясыз жақсылық жасаушылар қатар...
Толығырақ... Оқылды: 833 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.05.2019

Ораза біз білмейтін тағы қандай ауруларға ем?

Оразаның денсаулыққа тигізер пайдасы көп екені белгілі. Бірақ, соның ішінде ораза адамның бойындағы 5 түрлі дертті жоюға көмектеседі екен. Оразада адам ағзасындағы ескі, яғни ауру жасушалардың барлығы жоғалып, жаңа жасушалар пайда болады. Бұл тұжырымдаманы 2016 жылы жапон ғалымы Юсунори Асуми оразаның пайдасын дәлелдеп берген зерттеуінде айтқан. Ол бұл еңбегі үшін тіпті Нобель сыйлығын алған. Сонда ол өз зерттеулерінде, адам ашыққан кезде ағзадағы ауру, өлі жасушалардытірі жазушалардың жей бастайтыны жөнінде айтады. Сөйтіп, ол бұл тұжырымдамасын ғылыми түрде дәлелдеп шықты. Ғылымда бұл «аутофагия» деп аталады. Яғни, грек тілінде «өзін-өзі» жеу деген мағына береді. Міне, сол секілді біз күні бойы ашыққан кезде ағзадағы ауру жасушалардың барлығын сау жазушаларымыз жеп қояды да, өзін-өзі тазартып шығады екен. Екіншіден, ораза ұстаған адам өзін қант ауруынан сақтайды. Сонымен, ораза қант ауруын емдей алады. Қазіргі таңдаәлем бойынша қант ауруын емдеуді...
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.05.2019

Шынайы тәубеге келудің 6 амалы

«Үнемі күнә жасап жүретін пендесін Алла Тағала кешіре ме?» Сіздер қалай ойлайсыздар? Бұл дүниедегі ешбір жан күнә жасамадым не болмаса күнә жасамаймын деп сенімді түрде айта алмайды. Тіпті тақуа жандардың өздері де өмірінде бір рет болсын шалыс басып қателесуі, күнә жасап қоюы, біреуді ренжітуі немесе әділетіздік жасауы әбден мүмкін. Ешкім де күнә жасаудан сақтандырылмаған. Біреу жасаған ісіне өкінер болса, енді біреу рұқсат етілген шектен шығып кеткені жөнінде тіпті де ойланбайтын болады. Біреу Алладан кешірім сұрап, тәубесіне келер болса, енді біреу бұл күнәдан енді арыла алмаспын деп Алланың мейірімінен үмітін үзіп алады. Тәубеге келу, Жаратушының мейірімінен үміт күту – адам баласын Алла Тағалаға бір қадам болсын жақындатады әрі хақ жолға түсіп, күнәдан арылуға мүмкіндік береді. Төменде сіздермен шынайы тәубеге келудің 6 амалын қарастырып өтеміз, өйткені тек шынайы тәубеге келу мен өз қателіктерін түсіну ғана толықтай рухани тазалануға септігін тигізеді:...
Толығырақ... Оқылды: 420 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.05.2019

Амал дәптерін жазатын періштелер үнемі адамның қасында бола ма?

Алла Тағала адам баласына төрт періште бекітіп қойған. Олардың екеуі адамның оң және сол жақтарында отырса, қалған екеуі оның алдында және артында қорып жүреді. Амал дәптерін жазатын періштелер Алланың әміріне сәйкес үнемі адаммен бірге жүріп, оның істеген әрбір амалын, айтқан сөздерін жазып отырады. Алла Тағала былай деген: «Негізінен сендерді әлбетте бақылаушылар бар. Ардақты жазушылар.Олар не істегендеріңді біледі»(Инфитар: 10-12). Оң иықтағы періште адамның барлық жақсы амалдарын жазуға, ал сол иықтағы періште жаман амалдарды жазып отыруға міндеттелген. Алла Тағала – Білуші, сондықтан да бұл періштелер біздің амалдарымызды Аллаға көрсету үшін емес, ақыретте өзімізге айғақ ретінде көрсету үшін жазады. Ал енді жазушы періштелердің үнемі адамның қасында болып, болмауы мәселесіне келсек, ғалымдар екі түрлі пікірді ұстанады. Біріншісі, періштелер адамның жанынан бір елі де ажырамайды деп санайды. Екіншісі, адам бой дәрет алған уақытта, жыныстық қатынасқа түске...
Толығырақ... Оқылды: 556 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.05.2019

СТРЕСШІЛ БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Стресс туралы ілімнің негізін салушы канадалық физиолог Ганс Сельенің айтуынша, ол барлық адам бойынан көрініс табатын табиғи ахуал. Стресс - депрессияның алдында болатын қиындықтың алғашқы соққысына дененің реакция танытуы. Ол белең алған кезде адам әлсіреп, жүйкесі жұқарады және ол өрши келе депрессия деп аталатын қатерлі деңгейге көтеріледі. Ондай сәтте өмірден түңілген пенде өзіне қол жұмсауға дейін баруы ықтимал. Бұған еш себепсіз жас өмірін қыршыннан қиып жатқан бүгінгі жасөспірімдердің өлімі дәлел. Тіпті үлкен кісілерді сеңдей соқтыратын бұл стресстен бүгінде сәбилеріміз де жапа шегеді. Өз мінезі мен сезімін басқара алмайтын 1 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіннің тез ашулануы, өз дегенін орындату үшін орынсыз жылауы, қалағанын тез бермесең шыдамсыздық танытуы, кейде тілі келмесе де өзіңе сөз қайтаруға тырысуы соның кіші белгілерінен. Оған әсер етуші факторлармен дер кезінде жұмыс жасамаса бала мінезіне кері әсер етіп, шыдамсыздық, күйгелектік, қорқақтық, тілазарлық сынды т.б тері...
Толығырақ... Оқылды: 459 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.05.2019

Күн сайын өмірдің көптеген жағдайлары мен тосын сыйларына жолығып жатамыз. Бір үйдің әкесі не анасы, басқа үйдің перзенті ретінде, жұмыста қызметкер ретінде көңіл-күйімізді сан құбылтатын эмоцияларға жолығамыз. Өміріміз түрлі ақпараттарға толы болғандықтан, эмоциялар әлемінде өмір сүрудеміз деуге де болады. Мұң, ашу мен ыза, қорқыныш секілді эмоцияларды шығару үшін бір ауыз сөздің өзі жеткілікті болмақ. Бізді эмоцияларымыз бен сезімдеріміз басқарады, кей кездері тіпті олардың тұтқыны болып та қаламыз. Рух пен нәпсі арасындағы арпалыс, яғни эмоцияға берілмеу мұсылман баласына берілген бір сынақ деп қарау жөн болмақ. Эмоцияңды қатаң бақылауда ұстамай-ақ жан дүниенің тыныштығын қорғап, айналадағы адамдармен жылы қарым-қатынасты сақтап, орынсыз уайымнан қалай арылуға болады? Эмоцияның билеп бара жатқанын ұғыну Кез келген мәселені шешу оны ұғып, қабылдаудан басталады. Ішіміздегі астаң-кестең болып жатқан эмоциялар үшін өзегелерді кінәлауға болмайды. Айналадағының бәрі &n...
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019

Көңіл-күйіміз күніне неше мың мәрте құбылады. Оған тіпті таңқалмайтын болдық. Зерттеулер көңіл-күйді түсіретін факторлардың бар екенін анықтаған. Ал, ендеше, бұл мәселе жайлы шариғатымызда не айтылған екен? Жаратушы Хақ Тағала мына бір аятта: «Міне, бұл Құран адамдардың көбірек көзін ақиқатқа ашатын нұр және өзіне қалтқысыз сенетін қауым үшін тура жолға бастайтын жолбасшы һәм рақым болып табылады». («Жәсия» сүресі, 20- аят) Олай болса, біздің көңіл- күйімізге әсер ететін амалдарды қарастырамыз әрі шариғатымыздан қажетті кеңестермен бөлісеміз. Өзіңді өзгелермен салыстыру Қай жерде болсын айналамызда адамдардың суреттері қоршап алған (БАҚ, әлеуметтік желілер). Қанша мән бермеуге тырыссақ та, өзгелердің суреттері біздің көңіл-күйімізге әсер етеді. Бұл суреттердің барлығының жасанды екенін біле тұра, өзімізге ұнамайтын жерлеріміз бен қолымыздағы жоқ дүниелерді ойлай бастаймыз. Кеңес: Ардақты пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі бол...
Толығырақ... Оқылды: 377 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019

РАҚЫМҒА ТОЛЫ 10 КҮН

Алланың рақымы шексіз! Күні кеше ғана күллі әлем мұсылмандары Рамазан айымен қимай қош айтысып еді, Раббымыздың рақымы толған тағы бір қасиетті аймен қауышуда. Зул-хиджа айының алғашқы он күнінде Алланың рақымы мен кешіріміне қол жеткізуге үлкен мүмкіншілік туады. Алла Тағала осы он күннің қадір-қасиетін арттырып Құранда былай дейді: «Таң шапағына серт! Және (мүбәрак) он түнге серт!»(«Фәжр» сүресі, 1-2-аяттар) Ибн Аббас, ибн әз-Зубәйр секілді өзге де сахабалар бұл аятта Зул-хиджа айының алғашқы он күні айтылып тұр деседі. (Бұхари) Мұсылман күнтізбесінде бүкіл әлемінің мұсылмандары жиналып құлшылық жасайтын айырықша уақыт бар. Ал, Зул-хиджа айы мұсылмандар күнтізбесінің соңғы айы болып табылады. Бұл айда қажылық құлшылығын жасауға ниет еткен барша мұсылмандар Мекке қаласына қажылық сапарға аттанады. Қажылық парызы өз алдына атқарылуы тиіс рәсімдерден тұрады. Парыз болған бұл құлшылық қажылыққа аттана алмаған жандардың да құрбан шалып, мұқтаждарға б...
Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.