ИМАНАШАР

АЛЛА КҮНӘҢДІ КЕШІРГЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?!

Біз қашан да Алла Тағаланың жәрдемінен, мейірімінен үміттіміз. Біз құлшылық жасағанда Алланың разылығы үшін жасаймыз. Оны қабыл алу, алмау – тек Алла Тағаланың құзырында. Сол сияқты жасаған күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұраймыз. Бұл да Оның қалауымен болатын нәрсе. Олбіздің күнәларымызды кешіруге Уәде беруші! Ал Алла сіздің күнәңізді кешіргенін қалай білуге болады? «Тәубе еткен адам – күнә жасамаған адаммен тең...» Жер бетінде жеті миллиард адам бар десек, әрқайсысының әртүрлі деңгейде (кішігірім, үлкен) жасаған күнәлары бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Егер сендер күнә істемесеңдер, Алла сендерді жоқ етіп, күнә істейтін әрі оған тәубе ететін қауымды жарататын еді» (Муслим, 2747) деген болатын. Иә, күнә жасаған жүректен Алладан кешірім сұрап, тәубеге келген жүрек жақсырақ. Аса Мейірімді Алла тәубе етушінің тәубесін әрқашан және әр уақытта қабылдайды. Сондықтан ешкім, күнәлары қандай үлк...
Толығырақ... Оқылды: 454 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.07.2019

ДАУДЫ ДАНАЛЫҚПЕН ШЕШКЕН ДАНЫШПАН

Ерлі-зайыптыларүнеміжанжалдасып қала береді екен. Күйеуі: - Біррет болса да сөзден тосылсаңызқайтеді? Күйеуім ғой деп, басыңызды иейін демейсіз,- депкейиді. Əйелі болса: - Неге бас иеді екем? Күні бойыбір рет те жылы сөз айтпайсыз. Көңіл аударып қарамайсыз, - деп ренжиді. - Өзіңіз үнемі уыңызды шашып отырсаңыз, қалай жақсы сөз айтайын?! Өзіңіз кінәлісіз! - дейді күйеуі. - Мен қашан уымды шашыппын? Үнемі қабағыңыздан қар жауып жүретін сіз шығарсыз, мүмкін?! – дейді әйелі. Не керек, ерлі-зайыптылардың арасындағы бұл дау осылайша жалғаса береді екен. Бір күні екеуінің айқай-шуынан әбден мезі болған көршісі келіп: - Пəлен жерде бір жақсы кісі бар. Соған барыңыздар. Сіздердің күрмеуі қиын мəселелеріңізді шешсе, сол шешіп береді, - дейді. Амалы таусылған ерлі-зайыпты сол данышпанның алдына барады. Қария əуелі күйеуінің, сосын əйелінің мұң-шағымын тыңдап, екеуіне де екі-екі парақ ақ қағаз береді де: - Мəселелеріңді шешіп беремін, тек осы қағазға бір-бірл...
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.07.2019

Құдайды қайдан іздеп жүрсің?

Имам Байһақи хадис еңбегінде, Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген Құдси хадисте былай делінген: «Ақиқатында, Алла Тағала қиямет күні: Ей, адам баласы! Мен ауырғанда жағдайымды неге сұрап келмедің?,-дейді. Пенде: Уа, Раббым! Сенің жағдайыңды қалай сұрамақпын, Сен әлемдер Раббысы емессің бе?,-дейді. Менің пәленше құлым ауырғанын білген жоқсың ба, оның жағдайын сұрап барған жоқсың. Қал-жағдайын сұрап барсаң, Мені сол жерден табар едің,-дейді. Мұнан соң: Ей, адам баласы! Сенен тамақ сұрадым, Маған берген жоқсың,-дейді. Пенде: Уа, Раббым! Саған қалайшы тамақ бермекпін. Сен әлемдер Раббысы емессің бе?,-дейді. Хақ Тағала: Менің пәлен құлым сенен тамақ сұрады, оған ас берген жоқсың. Егер берсең, сол жерден Мені табар едің,-дейді. Мұнан кейін: Ей, адам баласы! Сенен су сұраған едім, Маған бермедің,-дейді. Пенде: Уа, Раббым! Саған қалай су бермекпін, Сен күллі әлемдер Раббысы емессің бе?,-дейді. Алла Тағала: «Менің пәленше деген құлым сенен су сұраған еді. Соған су берсең, сонын жан...
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.07.2019

ОТБАСЫНЫҢ 7 ҚАҒИДАСЫ

Yйленетін кезімізде отбасының 7 қағидасын жасадық: Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді; 2. Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады; 3. Қандай сыйлы қонақ келсе де,үйімізге ішімдік кіргізбейміз; 4. Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз; 5...
Толығырақ... Оқылды: 484 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.07.2019

Ащы да болса..

*Менің көзім енді ашыла бастағандай. Басқаларды, қоршаған ортамды ұға бастадым. Неге екенін, кейде маған бүкіл адамзаттың баласы дос болып көрінеді,ал кейде туған шешем де қас сияқтанып кететін сəттер бар. Ол,сірə, менің адамдарға соншалық шектен тыс жаным ашып, есесіне олардан да өзіме сондай жанашырлық күткендіктен болар... Мұқағали Мақатаевтыңкүнделігінен *Қалайша бәрі бақытты жәнетепе-теңдікте болмақ, егер бәрі бір-бірінен асып түсуді қаласа. Максим Горький *Өмірімізде жолығатын адамның бәрі біздің айнамыз. Олар бізге қателіктерімізді түзесін деп жіберілген. Қателігіміз түзелген соң сол адамдар не өзгереді, не кетіп тынады. Борис Пастернак * Адам сөзімен де ісімен де сана-сезімінің, ақыл-парасатының, ой-өрісінің, түсінігінің қандай дəрежеде екенін көрсетеді. Өресінің жеткен жері сол болса қайтесіз. Түңіліп күрсінудің қажеті жоқ. Құдай Тағаланың өзі адастырған пендесін тура жолға сала алмаймыз. Құдай сана берсін деп дұға ете аламыз тек. * Болатын дүние түбі бола...
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.07.2019

Отыр қызым, сөзімді тыңда!

1.Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен тұрмыс құрмағын! Азандағы жалқаулық түс ауғанда шабыт әкелмес. 2. Қарынды жігітке назар аудармағын! Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас. 3. Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспағын! Бүгін ол зат лақтырса, ертең сені де лақтырады. 4.Ата-анасының бетінен алатын жігіттен аулақ жүргін! Оларды аямаған адам сені тіпті де оңдырмас. 5.Жайбасар ынжықтан аулақ болғын! Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер. 6.Құрбыларыңның көзінше зекитын жігітке жоламағын! Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кете беруі мүмкін. 7.Әркімге жарамсақтанған жағымпаздардан іргені аулақ салғын! Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің. 8.Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жоламағын! Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді. 9.Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпағын! Кейде онсыз тұра алмаймын деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді. 10. Бо...
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.07.2019

Күндеріңіз сәтті өтсін!

1.Жүзік тасы... Ақын Хасыржы-Заде Мехмет (1803-1887) әзіл-қалжыңға жүйрік кісі болған екен. Замандасы бас уәзір Фуат пашамен (1814-1868) жақсы қарым-қатынаста болады. Бір күні ақын пашамен бір мәжілісте кездеседі. Ақынның көзі пашаның қолындағы жүзікке түседі. Көз айырмай ұзақ қарап қалады. Мұны байқаған паша: - Тасына қарап тұрсыз ба? - Иә, пашам! - Алмас қой. - Қандай пайдасы бар? - Тастың қандай пайдасы болушы еді?! - Менің әкемнен қалған екі тасым бар. Жылына жүз алтын пайда әкеледі. - Солай ма?! Ол қандай тастар екен? - Диірмен тастары пашам!» деген екен. Түйін:Пайдасыз заттарды жинағаннан гөрі дүниеде яки ақіретте пайдасы тиетін заттарды жинай жүрейік. 2.Бір мыңбір алтын... Бір күні сұлтан Сүлеймен аң аулауға шығады. Табан астынан нөсер жауынға тап болып, малмандай су болады. Белшеден суға малынған сұлтан қатты тоңады. Сол маңайдағы шаруалар тұратын жұпыны үйлердің бірін паналауға мәжбүр болады. Үй ішіндегі ошаққа жақын отырып бойына жылу жүгіреді...
Толығырақ... Оқылды: 480 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.07.2019

АЙЫПТАУҒА АСЫҚПАЙЫҚ

Бір әйел алыс сапарға аттанбақ болып әуежайға келді. Ұшуға әлі ертелеу еді. Ол бір қорап печенье сатып алды. Сонсоң оңашалау бір орындыққа отырып кітап оқи бастады. Сәлден соң көрші орындыққа бір кісі келіп жайғасты да, ол да кітабын шығарып, оқуға кірісті. Әйел қасында тұрған қораптан бір түйір печеньені ала бергенде жаңа келіп отырған көршісінің де қорапқа қол созғанын байқап қалды. Бейтаныс кісінің әдепсіздігіне ашуланып, ұрсып тастағысы келді де, өзін әзер тежеді. Қорапқа қолын созған сайын ол кісі де бір түйірден алуын тоқтатпады. Үндемеген сайын басынған көршінің бейәдеп тірлігі ашуын шегіне жеткізді. Осылай іштей арпалыста отырғанда қорапта бір-ақ дана печенье қалды. Енді не істер екен деп отырғанда әлгі кісі еппен оны екіге бөлді де, жартысын қорапта қалдырып, әйелді одан сайын таңқалдырды. Арсыз әрекет әйелді әбден ашуға булықтырды. Ол орнынан тұрды да, кітабын қолтықтап ұшаққа беттеді. Әлгінде болған жайтты санасына әлі де сиғыза алмаған күйі ұшақтағы орнына жайғасты. Артынша...
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.06.2019

Күнә – иесін қорлайды

Халықтың болашағы кейінгі жастарына байланысты. Ақыл-есі дұрыс жұрт ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән береді. Ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің ұстыны, ұлттың тұғыры. Қазақта: «Ұяда не көрсең, ұшқан­­­да соны ілерсің» деген мақал бар. Демек, балаңызға қандай тәрбие бересіз, өскенде соның жемісін жейсіз. Ислам шари­ғатында, өзі жамандыққа үйір адам, баласына «жат қылық істеме» деп айтқанымен пайда жоқ. Себебі ол – жалғаншыл, өтірікші пенде санатында. Мысалы, өзі арақ ішеді, бірақ баласына «арақ ішпе» деп айтқан адамның сөзі қабыл емес. Ерте заманда халқымыздың мазхаб ата­сы Әбу Ханифаға бір әйел келіп: «Ұстаз, мына балам балды көп жейді, содан бет-аузы ісініп кетті. Дұға оқып, дем салып беріңізші» дейді. Ғұлама ұстаз: «Бұл қолдан келетін шаруа екен, 40 күннен кейін алып кел баланы» деп оны қайтарады. Арада 40 күн өткен соң әйел баласын алып келеді. Әбу Ханифа жарықтық баланың басынан сипап тұрып: &...
Толығырақ... Оқылды: 452 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 20.06.2019

Ер азаматтың 3 намысы бар

Кез келген мемлекеттің негізгі құраушы ұлты болады. Қазақстан елінің негізгі иесі – қазақ. Демек, отанның болашағы да сол ұлтқа тікелей байланысты. Ұрпақ ауысқан заманда, отанның мығымдылығын кім сақтап қалады деген ой мазалайды. Міне, бұл ой, бұл заманның келер заманның жастарының болашағына, оның тәрбиесіне мән беруден басталуы қажет деп ойлаймын. Данышпан Абай айтқан «толық адамды», жасампаз қазақ жасын қалай рухани құндылығын сақтай отырып, отанның иесі етіп қалай тәрбиелейміз деген ой бүгінгі заманның негізгі мәселесіне айналып отыр. ХХ ғасырдың ұлы ойшылы Алберт Энштейн былай депті: «Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, мақсатқа тәуелді болыңыз». Ойшылдың ешқашан үмітіңнен айырылма, үмітсіз шайтан ғана болады деген ойы шығар. Біз қазақ бұны осылай түсінеміз. Біздің түсінігімізде қараңғылық деген болмайды, «қараңғылық жарықтың түспеуінен» деп Алаш қайраткерлері айтып өтті. Жаңа кәсіп иелері, ғылымға бет бұрған қазақ жастары деген ұғымдар б...
Толығырақ... Оқылды: 431 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.