ИМАНАШАР
Бейбітшілікке бастайтын 10 хадис |
Әу баста-ақ мейірімі күшті Алла Тағала: «Расында осы сендердің үмбеттерің - бір ғана үмбет. Ал Мен - Раббыларыңмын, ендеше (Өзіме ғана) құлшылық қылыңдар» («Әнбия» сүресі, 92-аят), – деп, адамдарды біртұтас қауым ретінде сипаттаған. Иә, мейірімді Алла Тағаланың өзі толықтастырып әрі қоштап, ұнатқан кемел дініміз Ислам адамзат баласын алауыздықтан, ымырасыздықтан сақтандырып, тек бірлік пен ынтымаққа ғана шақырады. 1. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) бұл жөнінде: «Менен кейін (мен өлгеннен кейін) бір-біріңнің бастарыңды алатын дінсіздерге айналып кетпеңдер», – деп қатаң ескерту жасаған (Бұхари, Муслим).Сондай-ақ, Құранда да: «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар» («Әли Имран» сүресі, 105-аят), - деген қатаң ескерту бар. Алауыздық пен бөлінуге себеп болған адамға берілетін жаза Ислам адамдар арасындағы алауыздық пен бө... |
Толығырақ... Оқылды: 532 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.07.2019 |
Жәннат бағын бұйыртатын амалдар |
Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірқатар сауапты амалдарды орындаған кісіге Жәннатты уәде еткен. Ендеше мол сауаптан сіз де қапы қалмаңыз! Жәннат бағын бұйыртатын мына амалдарды жадыңызда жаттап, амал етіңіз: Ақыретте Алланың құзырына мына фәниде Оған еш ортақ серік қоспастан келген адам – Жәннаттық. (Бухари) Аллаға және және Оның Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шынайы иман келтіріп, намазын толық орындаған және Рамазанда отыз күн ораза тұтқан кісінің орны – Жәннат. (Бухари) Бір Алланың разылығын іздеп, мешіт тұрғызған жанға Алла Тағала Жәннаттан үлкендігі дәл сондай зәулім үй тұрғызады. (Бухари) Екі намазды толық және уақытында орындаған кісі (таң және асыр намаздары) сөзсіз Жәннатқа кіреді. (Бухари) Бұл екі намазды (таңғы және түстен кейінгі намаз (бесін) мешітте жамағатпен бірге оқыған мұсылманның барар жері – Жәннат. Екі жағының ортасындағы (тілі) мен екі аяғының арасындағысын (күнәдан) сақтауға кепіл кісіге... |
Толығырақ... Оқылды: 496 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.07.2019 |
ЖАСТАРҒА 5 КЕҢЕС |
Жастық шақ – адам өмірінің көктемі, қайрат пен жігерге толы жалындаған кезең. Ол мөлдір бұлақ, тұнық бастау секілді. Жас кезінде бейнеттенген адам қартайғанда зейнетін көреді. Қырықтың қырқасына шығып, өткеніне көз жүгірткен ақын Мұқағали Мақатаев бір өлеңінде:Қырық...Қырық...Қай жерге тоқтар екен?Жайлауында жастықтың жоқ па мекен?Жастық – өлең, жігіттер,Жастық – өмір,Қалғанының барлығы оттау екен! –депті. Ендеше, өзгелер секілді біздің де өкініп қалмауымыз үшін жастық шақта не істеу керек деген сауалдың төңірегінде төмендегі 5 кеңесті назарларыңызға ұсынып отырмыз: 1. Адам баласынан Қиямет күні ең бірінші сұралатыны – намаз. Ендеше, намазға көңіл бөліңіз, егер білмесеңіз, үйреніңіз. Үлгеріп қалыңыз. Намазды демалысқа, зейнетке шыққанда оқимын деу немесе сондай ойда жүру – лағнеті шайтанның қақпанына ілігу ғана. Жас кезінде алған білімнің ғұмыры ұзақ болады. Әрі ол білім сіз үшін өмір бойы қызмет етеді. Жас кезде сүре жаттау, Құран оқып үйрену де... |
Толығырақ... Оқылды: 393 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 12.07.2019 |
Ең әдемі махаббат үлгісі |
Тектілікпен тербелген некеАмр ибн әл-Ас (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Уа, Алланың Елшісі! Ең жақсы көретін адамың кім?» деп сұрайды. Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):– Айша, - деп жауап береді. Мұндай жауапты күтпеген Амр аздап қысылып:– Ал, ер кісілерден ше? - дегенде, ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):– Оның әкесі, - деген (Бұхари).Адамзаттың абзалы, Алланың сүйіктісі Мұхаммед пен күллі мұсылмандардың иманын таразыда басып озатын шыншыл Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) беліндегі бір тамшы судан жаралған, ислам нұрына бөленген отбасынан нәр алған салиқалы да текті Айшаның (оған Алла разы болсын) некесі мөлдір судай таза, Алланың алдында адал, ел-жұртқа әшкере әрі үлгі бола алды. Ғасырдан-ғасырға шертілетін аңыз махаббат. Ол екеуінің арасындағы ерекше байланысты барша халықтың білетіндігі сол, сый-сияпаттарын, тарту-таралғыларын Пайғамбарымыз (оған Алланың игі... |
Толығырақ... Оқылды: 467 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 12.07.2019 |
Бауырыңның кемшілігін түзеудің әдептері |
Адам баласының кемшіліксіз болуы мүмкін емес. Алайда, саналы адам өмірінің соңына дейін өзін-өзі қадағалап, ізгілерден өнеге,сын-ескертпелерден пайда, оқиғалардан ғибрат алып отыруы тиіс. «Мен ешқашан қателеспеймін» деп ойлайтын адам - ең үлкен қателесуші. Өйткені, «жаңылмайтынжақ,сүрінбейтін тұяқ жоқ». Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам баласының бәрі қателесуші. Қателесушілердің ең жақсысы ‒ тәубеге келгендері», ‒ деген. Ақылды адам өз нәпсісінің «жамандыққа бұйырушы» екенін біліп, оны тәрбиелеуі арқылы кемелдікке талпынады. Ал, сол жолда оған көмек беретін тек өзінің ақылы ғана емес. Кемелдікке жету үшін жанашырларың сыйға тартқан өз кемшілігіңді қабыл алуың да маңызды. Мұсылман адам өзіне қалағанды өзгеге де қаламайынша, шынайы иман келтірген болып саналмайды. Сондай-ақ, иманды адамның, әуелі өзін, кейін мұсылман бауырын ғапылдықта қалдыруына болмайды. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып отыру ‒ әрбір... |
Толығырақ... Оқылды: 395 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019 |
Бітімге шақырған билердің бәтуасы |
Төсекте басы қосылмаса да, төскейде малы қосылып, қатар жусап, бірге өрген қазақ жұртының әу бастан-ақ көздеген арманы мен діттеген мақсаты бір. Ол – ел бірлігі. Ел бірлігі, тұтастық, татулық туралы сөз етпеген ақын-жазушылар кемде-кем. Себебі, Балаларыма өсиет, Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет, - (Ақтамберді) деп кеткен бабаларымыз қашаннан ырысы мен бақытының кілтін тек ынтымақтан іздеген. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Уа, Алланың құлдары! Өзара тату, бауырмал болыңдар...»- деген (Муслим). Жыраулар поэзиясындағы«Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа», «Мұсылманның баласы,сірә, бір кеңес құрыңыз,бірауызды болыңыз!» дейтін жолдар, міне, осы хадистерге негізделсе керек. Бірде елге жөн сілтеп, жол көрсетер ауыл ақсақалы қатты ауырып, қадірлі қарияның халін білмекке ауыл адамдары ағыла бастайды. Араларында үстеріне қару-жарақ асынған,... |
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019 |
Баланы айқайсыз тәрбелеуге 6 қадам |
Алаштың аяулы Абайы айтқандай, «өмірдің бір қызығы бала деген». Бала – Алланың адамға берген үлкен нығметтерінің бірі. Ол - ата-ананың жүрегінің, көзінің қуанышы, қиындықтарын ұмыттырушы, ұрпағын жалғастырушы. Бала – ең үлкен капитал. Ол сенің соңыңнан дұға жасайды, үйреткен біліміңді амалына асырып, артыңнан сауабы барып тұруына себепкер болады. Сондықтан болар, қасиетті хадис мәтіндерінде «Әкенің балаға беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» делінген (Тирмизи). Ал бауыр еті баласын айқай-шусыз, қол жұмсаусыз, қорқытусыз тәрбиелеу – әрбір ата-ана үшін ең қалаулы да аңсаулы амал. Баласымен патшадай сөйлесетін аналар мен әкелерге қызығып жатуымыздың бір себебі де – осы. Ендеше, мамандар ұсынған әдістерге бір көз жүгіртейік: Дер кезінде өзіңе сауал қою. «Алысқанды алып ұрған мықты емес. Нағыз мықты ашуланғанда өзін ұстай білген адам» (Бұхари) деген даналық бала тәрбиесіне де тікелей қатысты екен. Бал... |
Толығырақ... Оқылды: 349 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019 |
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ОЛ БАҚЫТ |
Мейірім мен жанашырлық болмаса бұл дүниедегі не нәрсе де мәнсіз, әрі суық сезіліп тұратыны шындық. Мұндайды қазақ атамыздың «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда, мұңдық жоқ» немесе «Жайылым болмаса, мал азады, қайырымы болмаса, жан азады» деген нақыл сөздерінен де көруге болады. Қасиетті Құран Кәрімдегі барлық сүренің «Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим» деп басталуы бәрінен бұрын Алланың рақымды, мейірімді сипатынан хабар беріп қана қоймай рақымдылық пен мейірімділіктің жалпы жаратылыстың түп негізі екендігін паш етеді. Жалпы ғаламдағы барлық нәрсе терең мейірім мен ыстық рақымның негізінде бар болып, өсіп-өнетіні белгілі. Бір сөзбен айтқанда, мейірімділік, рақымдылық, қайырымдылық деген мағыналы сөздердің түп төркіні біреу ғана. Адамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі оның адамгершілігі мен иманының өлшемі болмақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдарға мейірімділік танытпағандарға Алла мейірімділік жасамайды&ra... |
Толығырақ... Оқылды: 462 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 10.07.2019 |
ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ 14 ҚҰПИЯСЫ |
Қазіргі нарық заманындабай-бақуаттыболғысы келмейтін адам жоқ шығар. Бірақ та, барша адамның арманы болған байлық адамдарды таңдап, талғап қонатын бақ құсы сияқты жүздің, тіпті мыңның біріне ғана бұйыратын игілік сияқты.Бай болам десеңіз, табысты адамдардың бірнеше дағдысын үйреніп алыңыз. Табыс пен байлықтың құпиясын жасырған дағдылармен танысайық. ►Барлық проблемаларыңызды барынша қысқа мерзімде шешу, кейінге қалдырмау, созбау, ушықтырмау.Әдетте, проблеманың салдарын жоюдан гөрі оны бастапқы кезінде реттеуге аз күш-жігер кетеді. Қателесетін болсаңыз да шешім қабылдаудан қорықпаңыз, бұл ешқандай шешім қабылдамағаннан жақсы. Көп ойланып-толғанудан арылыңыз. Бір ой келсе, ол жайдан-жай келген жоқ, сылтау іздемей, мүмкіншілік жасаңыз. Бай болу үшін басқалардан көп еңбек ету керек, сонда ғана табысқа жетесіз. ►Құндылық жасау.Әр түрлі тәсілдермен құндылық қалыптастырып, жинақтаңыз. Сізді қоршаған адамдар үшін өзіңіздің құндылығыңызды арттырыңыз. Айналадағылар үшін құнды тауар... |
Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.07.2019 |
ТУЫСЫҢМЕН ТАТУ БОЛУДЫҢ КІЛТІ |
Ағайын, туысы жоқ адам жер бетінде кемде-кем. Бәріміздің бірге туған аға-бауыр, әпкеміз, ізімізден ерген қарындас, сіңліміз бар. Жоқ болған күннің өзінде жеті атамыз түгілі, екі-үш атаның ұрпақтарын түгендесек, талай қандас, туыс тауып, ағайынға бір жарып қалатынымыз анық. Ағайын, не аңғардың, Аңғармасаң қарашы: Танымайтын жандардың Түбі – жиен-нағашы, - деп ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, негізінде, түбін тексере келсе, қазақтың бір-біріне бөтені жоқ. Тіпті, бәріміздің Адам ата мен Хауа анадан жаралғанымызды ескерсек, жер бетіндегі барлық адамзат баласы – бір-біріне туыс. Осыны ескерген біздің халқымыз әу бастан-ақ жеті атасын түгендеп, жеті жұрттың қамын жеген. Жеті атаны түгендеу – бөліну емес, керісінше түп-тұқияныңды, шыққан тегіңді танып, туыстарыңмен байланысты нығайту. Қазақ халқы бір-бірін өкпеге қиса да, өлімге қимаған. Қыс қыстау, жаз жайлауға көшсе де, туыс-туғанынан жырақтап, іргесін алыстатып көрмеген. Керісінше, бір-біріне қарайласып, жапсарласа орн... |
Толығырақ... Оқылды: 513 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.07.2019 |