ИМАНАШАР

БАУЫР-ТУЫСТЫҢ АҚЫСЫ

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! Туыстық қарым-қатынасты сақтаудың мұсылман адам үшін мән￾мағынасы өте үлкен. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Нахыл» сүресінің 90-аятында: «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан тыяды», – деп айтқан. Туыстар – бір түбірден өскен ағаштың бұталары тәрізді. Осы себепті де олардың арасында береке мен бірліктің болуы, өзара татулық пен мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасауы аса маңызды іс. Туыстарына ізгілік етпеген адамның өзгелерге мейірбан болуы екі талай.Қазақ халқы туысқанды өзін ойлағандай ойлау, оның арын өз арын қорғағандай қорғау, қуанышы мен қайғысына ортақтасу, тарыққанда сұратпай қол ұшын беру сияқты істерге аса мән берген. Кезінде Сары би деген ақылгөй ақсақал бала Сырымға: «Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ең алдымен беде...
Толығырақ... Оқылды: 910 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021

Мешіт Алланың үйі

«Аса ұлы, ерекше жомарт, шексіз билік иесі Алланың атымен бастаймын. Пайғамбарымызға Алланың салауаты мен сәлемі болсын. Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Шын мәнінде мұсылман баласы мешітке күллі әлемді жоқтан бар еткен Алла тағаланы іздеп келеді. Сондықтан мешіттен табылғаны – Алланы тапқаны. Мешітке келген адам Алланың мейманы. Саңлақ сахабалардан Әбу Һурайра (р.а.) риуаятында хазреті Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйінен тазаланып (үсті-басы, киім-кешегі таза боп, дәретін алып) Алланың үйлерінен біріне Алла парыз еткен намаздардың бірін орындауға жүріп барса, оның екі қадамының бірімен қате￾кемшілігі өшеді, екіншісімен дәрежесі өседі», – деген. Осы хадис жақсы ниетпен мешітке қарай басып келінген әрбір қадам сауапсыз қалмайтынын ұқтырады.Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Сонымен қатар мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірлі...
Толығырақ... Оқылды: 1177 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021

Исламдағы ұлық мереке

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті Көксу ауданының тұрғындары! Баршаңызды күллі иісі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Биыл Құрбан айт 20, 21, 22 шілде күні тойланады. Құрбан айт ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады. Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді. Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. «Құрбан» с...
Толығырақ... Оқылды: 910 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021

АДАЛ ЕҢБЕК

Ислам – дүние мен ақырет тізгінін тең ұстаған дін. Адам баласы күн көрісін, ризық-несібесін табу үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Адам түгіл табиғаттағы жан-жануарлар да таңнан кешке дейін жейтін азығын табумен әуре. Құран Кәрімдегі иман келтірумен еңбек ету, ізгі іс істеу қатар айтылған аятта: «Намазды оқып болғаннан соң жер бетіне тарап, Алланың нығметінен өздеріңе ризық-несібе іздеңдер. Алланы көп еске алыңдар, табысқа жетерсіңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят) деп құлшылықпен қатар еңбек етуге, адал табыс табуға шақырған. Дінімізде ғибадат етумен қатар адал кәсіп, отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілік секілді дүние істері бірге жүреді. Ислам адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, сол иманның аясында ізгі іс істеуге шақырады. Адал еңбекпен несібесін табу – пайғамбарлардың жолы. Адал еңбегімен мал тауып, өз күнін көру – айналамызға, туыстарға масыл болғаннан әлдеқайда қайырлы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің біреулерің қолына жіп алып, даладан...
Толығырақ... Оқылды: 1536 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.06.2021

Аса Рақымды Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қадірменді жамағат, қымбатты жерлестер! Баршаңызды келіп жеткен Ораза Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Айт мүбәрак болсын! Ораза Айт – рамазан айының аяқталу құрметіне орай аталып өтілетін мереке. 30 күн ораза ұстаған мұсылман үшін қуанышты сәт. Жаратушы Иеміз құдси хадисте: «Пенделерiм Мен парыз еткен оразаны атқарып, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…», – деген. Алла Тағала мұсылман қауымының ұлық мейрамында баршамызды рахымына бөлеп, барлық жамандық атаулыдан сақтасын. Қасиетті рамазан айында жасаған игі амалдарымыз бен құлшылықтарымызды қабыл етіп, мол сауаптардан жазғай! Раббымыздан әрбір игі істерімізде Жәрдемші болуын және қиындыққа душар болған бауырларымызға көмектесуін сұраймыз. Халқымызды әлем жұртшылығының басына төнген қауіпті індеттен сақтап, дертке шалдыққандарға шипасын бергей! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әмин! Ораза А...
Толығырақ... Оқылды: 1848 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 14.05.2021

Амалдарымыз бір Алла үшін болсын!

Кез-келген құлшылық қабыл болуы үшін ол Алла үшін жасалуы тиіс. Алла тағала Құранда: «Алайда шынымен тәубеге келіп, Аллаға бет бұрып, толық түзеліп, Алланың дінін шынайы ықласпен ұстағандардың жөні бөлек. Міне, солар мүміндермен бірге. Алла күндердің күнінде мүміндерді үлкен сый-сияпатқа бөлейді». Имам Ибн Кәсир жоғарыдағы аяттағы: «Аз болса да көзбояушылықтан сақтана отырып, бірақ шын ықыласпен Алланың дініне берілетін болса, жасаған ізгі амалдары пайда береді», – деп түсіндіреді. Демек, әрбір істеп жатқан іс-әрекетіміз, құлшылық-ғибадатымыз жалғыз Алланың разылығын қалап жасағанда ғана қабыл болады деген сөз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: Қиямет күнінде алғаш шақырылатындар: Құранды жаттаған қари, дін жолында өлген адам және көп дүние-мүлікке ие болған кісі. Алла тағала әуелі Құран жаттағаннан: - Мен саған пайғамбарыма түсірілген Құранды үйретпедім бе? - деп сұрайды. Ол: - Иә, Раббым, - деп жауап береді. Алл...
Толығырақ... Оқылды: 1665 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 20.04.2021

Ораза қабыл болсын, ұстаған жан!

Біз «ораза» сөзін қолданамыз. Ал оның мағынасы қандай? Араб тілінде ораза сөзін «соум» немесе «сыям» деп атайды. «Соум» сөзінің лингвистикалық мағынасы – тыйылу. Мәселен, «Мариям» сүресінің 26 аятында Мариям анамыздың мына сөзі келтірген: «Аса қамқор Алла үшін ораза ұстадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін». Бұл жерде Мариямның тіс жармауға уәде етуі жайында айтылған. Аятта да (соум) сөзі «әңгімелесуден ұстану» мағынасын білдіреді. Шариғи мағынасы: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтанудан тыйылу. Ал «ораза» сөзіне келсек, бұл парсы сөзі. Ұғымы: күн, несібе. Демек, «ораза» сөзінің ұғымы Рамазан айында тамақтанудан тыйылу мағынасына сәйкес келіп тұр. Себебі, біз таң атқаннан күн батқанға дейін астанудан тыйыламыз. Күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті рамазан айы да келіп жетті. Рамазан айы – жер бетіндегі Алланы бір деп м...
Толығырақ... Оқылды: 1894 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 15.04.2021

ОН ЕКІ АЙДЫҢ СҰЛТАНЫ

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкіршілік айтамыз. Иман, Исламмен нәрленген халқымыз мүбәрәк Рамазанда Алланың рақымына бөленуді үміт етіп, сауабы мол ізгі амалдарды атқаруға ниеттеніп отыр. Сіздерді бір ай бойы жалғасатын мұсылмандардың ұлық мерекесі - Рамазанның келуімен құттықтаймын! «Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде – кім ауру болып немесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді» Бақара сүресі, 185 аят. Алланың рахымынан үміт еткен әрбір мүмін адам бұл айда ораза ұстап, тәубеге келеді. Ораза ұстау – Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде нақты бекітілген бес парыздың бірі. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде Алла тағаланың былай деп бұйырғанын жеткізген:«Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Алайда оразаның жөні бөлек. Оның қарым...
Толығырақ... Оқылды: 1641 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Құрметті қауым! Баршаңызды он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазанның басталауымен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін! Жаратушы Жаббар Иеміз әрбір ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатын берекелі айда ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, оқыған намазымызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың берген садақаларын қабыл еткей! Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады. Іс-әрекетін мұсылманға тән әдеп аясында орындауға тырысады. Өйткені, Рамазан – кез келген ізгі амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай. Аштық пен шөлге төзіп, Алла разылығын алуды шынайы ниет еткен адамға берілетін сый мен құрмет ерекше болмақ. Алла Тағала Құдси-хадисте: «Аузы берік адам...
Толығырақ... Оқылды: 1648 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.04.2021

Зайырлы мемелекет және дін

Қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың үшіншісі – зайырлы қоғам мен жоғары руханият. (Н.Ә. Назарбаев) Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы, 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»-делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары....
Толығырақ... Оқылды: 1697 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 30.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.