ИМАНАШАР
Ихсан ілімі- рухани кемелдену жолы |
Ихсан сөзі араб тілінде «Ахсана» етістігінен туындайды, мағынасы амалды көркем түрде орындау, жақсылық жасау деген сөз. Яғни шариғат талаптарын көркем түрде орындауды айтамыз. Мұсылман өзін Алланың көріп те, естіп те тұрғанын біледі. Сондықтан Аллаға ұнамайтын нәрселерді істемейді. Егер момын Исламның тірегі болған 5 парызына, иманның 6 негізіне амал етуді тек қана бір Алланың разылығы үшін деп жасамаса, бәрі де бос әурешілік болып қалады. Сахаба хазреті Омар (р.а) осы ихсан ұғымына қатысты мынадай бір оқиғаны риуаят етеді:«Бірде Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жанында отырғанымызда күтпеген жерден қасымызға бойында жолаушының белгісі жоқ және біздің ешбіріміз танымайтын қара шашты, аппақ киімді кісі келді. Ол Пайғамбардың (с.ғ.с.) қарсы алдына тізесіне тізесін тигізіп отырды да, қолын санына қойып: «Уа, Мұхаммед, маған Ислам жайлы айтып берші», – деді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деді: «ИСЛАМ дегеніміз – Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешкімні... |
Толығырақ... Оқылды: 1612 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.03.2021 |
«Иманды жастар ұлт болашағы» |
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!-деп Мағжан Жұмабаев өзінің «Жастар» өленіңде айтып кеткендей, ұрпағына зор үмітпен қараған. Намысы биік, айбынды, рухты жастар бар кезде, елдің іргесі мықты болады. «Қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ». Жастар – ата-бабаларымыз салып кеткен дара жолдың мұрагері, кешегінің тұяғы, келешегіміздің тұтқалары. Тарихымыз сенім артқан иманды жастар – ұлт келбеті. Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады,» — деген еді. Иманды жастар ұлт болашағы екені сөзсіз. Осы тұста жастарға тағылымды тәрбие беріп, дұрыс жол сілт... |
Толығырақ... Оқылды: 502 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 01.10.2020 |
ДІН – БІРЛІКТІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ |
Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Адамзат тарихында бастан кешкен түрлі формациялар мен кезеңдерде діннің де формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап отырды. Адамзат баласы – ақыл-парасаттың, ғұлама ойдың және өзге де игіліктердің иесі. Ал, осы игіліктерге ие етіп тұрған – Жаратушы күштің барын адам ешқашан есінен шығарған емес. Осылайша, діннің қоғам өмірімен байланыстылығы өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына әсер ететін, наным-сенім қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды. Негізінен, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен руханият құндылықтарына жетелейді. Адамдардың бойына, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Бұл рет... |
Толығырақ... Оқылды: 309 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.09.2020 |
Ғұламалар өсиеті |
Істеймін деп уәде берген ісіңді істе! Сөз берсең, оны орында! Ескерту жасаудан қорықпа! Бірақ оны істегенде нені айтып, нені айтпау керектігін абайла! Кінәліге кінәсінен артық жаза берме! Жазаға лайық адамның жазасын кешіктірме! Әбу-Бәкір Сыдық Адамдар үш топтан тұрады: біріншісі – Раббани ғалымдар, екіншісі – құтқарылу жолына түскен ілім іздеуші, үшінші – әркімге еліктеп, жел қалай тұрса солай кетіп, ілім нұрымен өзін нұрландыра алмаған тобыр. Ілім – дүние-мүліктен қымбат. Іліммен амал етсең, мәртебең арта түседі. Дүние-мүлік қолданған сайын азаяды. *** Қорқыныштың қорқынышы – нәпсіге ие болмау. Нәпсінің жетегінде кету адамды ақиқаттан алыстатып, ақыретті ұмыттырады. Абайлаңдар! Уақыт өтіп барады, ақырет болса жақындап келеді. *** Жалған мақтау адамды өркөкіректікке жетелейді. Адамдардың жақсысы мен жаманын ажыратып, бағала. Бәрін тең көру, жақсыларды ізгіліктен суытып, жамандардың харам пиғылын өсіреді. *** Үш амал қарапайымдылықтың кілті –... |
Толығырақ... Оқылды: 244 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 27.08.2020 |
Үкім |
Адамның жаратылыс мақсаты - Алла Тағаланы тереңнен танып, Оған тағзым етіп, құлшылық қылу. Оны тани отырып өзгелерге де таныту, олардың жүрегінде Құдай Тағалаға деген сүйіспеншілікті ояту. Задында, мұсылман үлкен ынта-ықыласпен Ол жайында өзгелерге айтқанда ғана Оны жүрегімен терең сезіне алады. Яғни, бір мұсылман өзге жанға Хақ Тағаланың барлығы мен бірлігін, асқан құдіреттілігін айта келіп, Оған тағзым етіп, сәждеге бас қойса, оның сол сәждесі бұрынғыдан мүлдем басқаға айналып, бойын әлдебір тылсым сезім билеп, ерекше ғажайып күйге бөленгенін байқайды. Ендеше, мұсылман Оны танығысы келсе, өзін ғана емес өзгелердің де бақытын ойлап, Хақтан бейхабар жандардың Онымен табысуына көңіл бөлуі қажет. Бұл да - мұсылманның негізгі міндеті. Кейбір мұсылман жандар «Өзгені қайтесің, Алла Тағалаға құлшылығыңды атқар да өзіңнің Жәннатқа баруыңды ойла! Басқаларға араласудан аулақ бол, олардың жүрегін исе Құдай ғана иманға иеді» деген сықылды өзімшіл пікірлер айтады. Иә, адамның жүрегіне... |
Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.07.2020 |
Уақыт |
Кез-келген адам уақыт өте келе босқа өткізген уақыты үшін өз ұжданы алдында ұялары сөзсіз. Баға жетпес қымбат уақытымызды немқұрайлылықпен жасайтын түкке тұрғысыз дүниелер үшін жұмсап жатқанымызды жақсы түсінеміз. Бірақ, өкінішке орай, ұзақ сонар уақытты «өлтірудің» ақыры бізді бұл дүниеде болсын, мәңгі дүниеде болсын не нәрсеге әкеліп соғатыны жөнінде бас қатырып жатқанымыз шамалы. Уақытты қалай бағалаймыз? Оны үнемдеуді қалай үйренеміз? Уақыттың қадірін қайтсек біле аламыз? Уақыт қайтып келмейді Әрбір шыққан деміміз арқылы өміріміз қысқара түсуде. Бос өткізіп алған уақытымызды, қайтара алмаймыз. Уақыт – Алла Тағаланың бізге берген шексіз нығметі, оны өз игілігімізге жаратамыз не болмаса зая кетіріп, өзімізге масыл етеміз, сол үшін де Алла алдында жауапқа тартыламыз. Алланың жаратқан пендесінің ең құнды байлығы — оның осы дүниедегі өлшеулі ғұмыры. Алланың кімге қанша уақыт ғұмыр бергенін ешкім де білмейді, дей тұрғанмен, осы өмірдің өзі Алла Тағаланың бізге... |
Толығырақ... Оқылды: 262 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.07.2020 |
Иманашар бағаны |
Исламның иман негізі әуелі Аллаға сенумен болады. Құранда Аллаға, ақырет күніне сенуге шақыратын аяттар көп. Ақырет күніне сенімнің мәні - өлгеннен кейін қайта тірілудің хақ екендігіне сенумен байланысты. Ал сол қайта тірілу әһли сүннет сенімі бойынша, әрі тәнмен, әрі жанмен болады. Ақыретте қайта тірілудің хақ екендігі Құранда анық түрде баян етілсе де, осы мәселені жоққа шығарушылар да баршылық. Олардың пайымы бойынша, адам өлген соң іріп шіріп жоқ болады да өмір сонысымен бітіп, о дүние тіптен болмайды. Бұл әрине, тек ақырет мәселесіне емес, жалпы Жаратушының барлығы мен бірлігіне сенімсіздіктен шығатын күпірлік пікірлер. Себебі, сәл ойланып көрген кез келген парасатты сана ақырет күніне сенімсіздікпен қарай алмайды. Ғаламзаттағы сәт сайын мың өліп, қайта жанданып жатқан тіршілік тәрізді, бізді де Жаратушы Жаппар Иеміз қалай өлсек, солай тірілтіп алады. Аятта осы мәселеге қатысты Жаратқанның нақты байламы келтіріледі: «Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тоз... |
Толығырақ... Оқылды: 328 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.07.2020 |
Бақытты болуға жетелейтің кеңестер |
Адам баласы әртүрлі болғанмен бәрімізге ортақ бір нәрсе бар: бәріміздің де бақытты болғымыз келеді. Бірақ бақыт туралы түсінік әркімде әрқалай. Ал даналар бақытты болу адамның түсінік-пайымына байланысты дейді. Сөйтіп бақытты болуға жетелейтін мынадай кеңестер қалдырыпты: 1. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – ерік-жігерінің әлсіздігі мен тәуекелсіздік. Адам өзіне сенімді болуы, тәуекел ете білуі керек. 2. Қолға алған істі тоқтатпаңыз. Бүгін бітіруге болатын шаруаны ешқашан ертеңге қалдыруға болмайды. 3. Кез-келген істі сабырмен, өзіңе деген нық сеніммен істеуге тырысу керек. Жылдам қимылдауды асығыс-үсігіс, атүсті істеу деп түсінуге болмайды. Есіңізде болсын, өз ісіне шынайы берілген, шаруаға салқынқандылықпен қарайтын, әр істі нық сеніммен бастап, шыдамдылықпен аяғына дейін жеткізе алатын адам ғана бақытты бола алады. 4. Бойыңыздан жаманшылыққа орын бермеңіз. Жан мен тән тазалығын сақтаңыз. Өзің ешкімді қорлама, өзіңді ешкімге қорлатпа. Мақтаншақтық пен көпірме көпсөзділік адамн... |
Толығырақ... Оқылды: 258 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.06.2020 |
Салафилікті ұстанушылардың мемлекет,мәдениет және салт – дәстүрге қатысты ұстанымдары |
Салафилер зайырлы немесе кез – келген исламдық емес заңдар аясында өмір сүріп жатқан қоғамнан оқшаулануға үндейді. Яғни, ислам шариғатына қайшы келмесе де шариғат үкімдерін қайтарушы деп зайырлы мемлекет пен оның заңдарын жоққа шығарады. Осылайша, олар қоғамның этно – мәдени және конфессиялық үйлесімін бұза отырып, өздерін ғана шынайы ислам дінінің ұстанушылары деп жариялайды. Сол арқылы зайырлы үкіметке қарсы шығуға, мемлекетті құлатуға бағытталған көзқарастарды қалыптастырады. Салафилердің басты идеологы Мұхаммед ибн Абд әл – Уаһһаб исламға жатпайтын кез – келген заңдар мен құқықтық жүйелерге жүгінуді күпірлік деп, ондай заңдар арқылы үкім ететіндерді «кәпір» деп санаған. Салафилердің түсінігінше шариғат заңдарымен үкім шығармайтын басшылар да, олар басқарып отырған ел де кәпір болып саналады. Мұндай мемлекетті «тағұт» мемлекеті деп атап, оған қарсы жиһад (қарулы соғыс) жариялайды. «Тағут» туралы түсінік уаһабшылдық &ndash... |
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 29.05.2020 |
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай |
Рамазан - игілік, береке, кешірім, мейірім және қайырымдылық айы, осы айда шайтан шынжырланып, ел ішінде игі істер жасаушылар өзара жарысқа түсетін ай. Міне, бұл - жер жүзіндегі күллі мұсылман аңсап күткен үммет айы! Бұл айда исламның бес парызының бірі – ораза ұстап ауыз бекітеміз. Ораза араб тіліндегі «саум» сөзі «алыстау» деген мағына берсе, шариғаттағы мағынасы - мұсылман адамның шын ниетпен таң атқаннан, күн батқанға дейін ішіп-жеуден бас тартып, ауыз бекіту және құмарлық сезімдерден өзін тиюы. Қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендер-ге де парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят) – деп бұйырылған. Хадис-шарифте: «Ислам бес тірекке негізделген: Алладан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық және рамазанда ораза тұту», деп ораза ұстау исламның шартынан екендігі... |
Толығырақ... Оқылды: 311 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2020 |