ИМАНАШАР

ОЙЛЫ ЖАСТАРҒА ОН КЕҢЕС

«Заманына қарай адамы» демекші, қазіргі уақыт – құндылықтар, мақсаттар және«приоритеттер»өзгерген уақыт. Өзгергені соншалықты, қазір «приоритет» деген сөзді қолдана бастадық. Осы сөзді маған біреу осыдан 10 жыл бұрын айтса, «бұл немене?» деп күлетін едім. Қазір олай емес, қазіргі жасөспірім ақылды, алғыр әрі зерек. Бұның бәрі – жаһанданудың белгісі. Ешкім де, ештеңе де оның әсерінен сырт қалған жоқ. Алайда, жаһанданудың өзі бәріне бірдей әсер етпейді. АҚШ, Еуропа елдері мен Азия, ТМД елдерінің жастары екі басқа. Кейбір елдер жас ұрпаққа айтарлықтай қаражат және көңіл бөлуге қабілетті болса, ал кейбірінің ондай қауқары да, ниеті де жоқ. Сондықтан әрбір елде осы аспектіні ескеретін өз жастар саясаты немесе соған ұқсас құрылымдар бар. Әл-Фараби бабамыз: «Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Олай болса, қазақстандық жастарды олардың өмірлік тала...
Толығырақ... Оқылды: 360 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 07.04.2020

Ер мінезді ұрпақ

Әрбір бала кіршіксіз мінез-құлықпен, күнә атаулыдан пәк қалпында дүниеге келеді. Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы тазалыққа барынша қамқорлық танытатын және өзгелерге де осыны бұйыратын. Сәбилерді қолға көтеріп жүру, сүю, иіскеу – оның сүйікті істерінен болды. «Бала тәрбиесі - таудан сырғанаған шана секілді. Бағыттап отырсаң болды. Жас баланың жүрегі таза болған соң, жақсы тәрбие берсең, соған қарай ұйып түседі». Осы орайда біз бүгін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен өнегелі мысалдар келтіріп, батыл, ер мінезді ұрпақ тәрбиелеуге қатысты қағидаларды топтастырып көрмекпіз. Кеңес – бізден, ал оны амалға шығару – сізден болмақ... 1.«Кішіге де – ізет». Бала өзінің отбасындағы маңызды орнын, жауапкершілігін сезіну және болашақ отағасы, әке, басшы рөліне дайын болу үшін ересектер тарапынан өзіне деген құрметті сезінуі керек. «Сен мынадайсың, сен анадайсың» деген сөздер...
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 21.02.2020

ҚЫЗДЫ НЕГЕ ТӨРГЕ ШЫҒАРАДЫ?

Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас деген үш ұлы және Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, оған мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі. Нұх дастархан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен жоғары отыруы керек. Әкеміз бізді алалайды-ау» деп ойлайды. Бір күні дастарханда отырғанда: – Әке, Уәсила кіші болса да, неге бізден жоғары отыруы керек? Ұлдың мәртебесі әрқашан биік емес пе? – дейді. Нұх: – Біздің ырзық-несібеміздің көп болуы Уәсилаға байланысты. Құт қызды жағалап жүреді. Оны босағаға отырғызсаң, шамданады. Төрге шығарсаң, қуанады. Орны жайлы болса, дастарханнан ас-тағамды үзбейді. Тұрмысыңды түзейді, – депті. Содан бастап Нұхтың үш ұлы қарындасын төрге шығарып, құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны...
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 25.11.2019

Темір қалай алтынға айналды?

Бірде бір патша ел арасында темірді алтынға айналдырудың құпиясын біледі деп танылған ғұламаға келеді де: * Маған бұл сырды аш. Өміріңнің соңына дейін ешбір таршылық көрмейтін боласың, - дейді. Қарт ғұлама: * Оны білуің үшін сен өзіңнің билігіңмен қош айтыса аласың ба? - деп сұрайды. * Сен не деп тұрсың? Мына маған, патшаға тақтан айырыл дейсің бе? - деп патша қатты ашуланады. – Осы сөзің үшін сені жазалауды бұйырамын. * Жоқ, олай істей алмайсың. Менің денем тән ауруынан қорықпайды. Ал жанымды...жанымды ауырта алмайсың. Оның қожайыны – Алла. Тәнімнің ауырғаны мен үшін түк те емес. Қарттың бұл сөздерін естіген патша: * Сен ақылды адамсың. Дұрыс айтасың. Осындай даналығың үшін саған сый жасаймын, - деп жұмсарып сала береді. Данышпан жымиып: * Рахмет саған. Міне, темірдің алтынға қалай айналатынын да біліп алдың. Сенің ашуың – жай ғана тот басқан темір. Бірақ сен оны мейірімділік пен жұмсақтық танытып алтынға айналдырдың, - дейді.
Толығырақ... Оқылды: 372 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.08.2019

Биыл Талдықорғанда Айт намазы «Иман» мешітінің ауласында ғана оқылады

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірлік өкіл имамы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын айтты. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман баласы айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді. Өйткені, Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атап өткен. Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап алуға тырысады. Осыған орай Талдықорған өңірлік өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы отандастарды айт күндері мал бағасын өсірмеуге шақырып, пайдаға емес, сауапқа бөлену маңызды екендігін еске салды. Енді құрбандыққа шалынатын мал турасында. Қой, ешкі, с...
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 09.08.2019

Балаңызды кеш батқанда сыртта ойнатпаңыз

Балалар сыртта, емін-еркін ойнағанды жақсы көреді. Кейде күнұзаққа ойнын қуып, кештің батқанын олар да, біз де байқамай қалып жатамыз. Тек қараңғы түскенін көріп, «үйге кір!» деп шақырып аламыз. Ал, баланы кеш батқан соң сыртта қалдырмау керектігін білесіз бе? Оның себебі неде? Жәбир (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мына хадисін риуаят етеді: «Түн қанат жайғанда (яғни, кеш батқан кезде ) жас балаларыңды үйде ұстаңдар (яғни, осы уақытта оларды сыртқа шығармаңдар), өйткені сол кезде шайтандар (жер бетіне) тарайды, ал түннің біраз уақыты өткен соң оларды жібере беріңдер...». (Сахих Муслим). Мұнда күн батқаннан түн қараңғылана бастаған кез туралы айтылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл уақытта шайтандар көп болатындықтан, олардың жас балаларға зиян тигізуінен қауіптенген. Ибн әл-Жәузи: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы уақытта балалар үшін қауіптену себебі, олар (балалар) көбінесе шайтаннан қорғану дұғаларын біле бермейді. Ал, шайтандар таралған кезінде...
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 31.07.2019

Қолда бардың қадірін біл

Адам баласы болғаннан кейін пендешілік қанымызды қоса жүреді. Тек оны жүре түзейміз, тәртіпке саламыз. Қанағатшылдық – пенденің ең жақсы қасиеті. Оның аясына сабыр мен жомарттық қоса кіреді. Ал бұл үшеуі біріксе, алынбас қамал болмас. Ақиқатында біз бардың қадірін біле бермейміз. Қай жағынан алсақ та аталған олқылықтың алдын алу қиынға түседі. Тірі екеніңді сезін, қадірін біл Әр күн сайын өмірге қанша адам келіп, қанша адам кетеді. Ал сен келуші және келіп қана қоймай өмірде тұрақтаушы адам ретінде өзіңнің қадіріңді біл. Жалғанның жалғандығын сезген күннің өзінде тірліктің мәнін білу керек. Өмірді сүру басқа және сүре білу мүлде басқа. Отбасың қасыңда ма, қуан Отбасы – әрбір адамның жылы ұясы. Бәрінен жалғызсырап қалған кезде сізді күтетін отбасыңыз. Достарыңыз, айналаңыздағы адамдарыңыз теріс айналған кезде жаныңызда болатын отбасыңыз. Қиын кезде сүйеу, жақсы күнде қолдау болатын да отбасыңыз. Махаббатың қадірі – тұрақтылық Сергелдең сезімнің қадірі &ndas...
Толығырақ... Оқылды: 360 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2019

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӘКЕНІҢ РӨЛІ

Жүздеген мамандық, кәсіп түрі бар. Бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Сөйте тұра, күзетшіден бастап министрге дейін барлық кәсіп иелерін алмастыруға болады. Орнын толтыруға болмайтын бір ғана мамандық бар. Ол – ұлға әке болу. «Әке көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер», «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деген нақылдар «әке» мамандығының қадір-қасиетін артық ауыз сөзсіз-ақ ұғындырып тұр. Айтпағымыз басқа арна. Мақаламыздың жүрегі – «Әкенің балаға беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» деген хадис мәтіні болмақ. Әу баста өзінің белінде су болып, ертең ұрпағын жалғастырушы, мұрагер атанатын ұл бала әрбір әке үшін қымбат. Және ол баласына бойындағы барын да, нәрін де бергісі келеді. Ендеше, «ең жақсы сыйымыз» қаншалықты мәнді әрі көркем болып жүр? ӘКЕ БЕРЕТІН ДӘРУМЕН! «Бірде баласының мазас...
Толығырақ... Оқылды: 522 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.07.2019

Қандай жағдайда өтірік айтуға болады?

Расында Алла Тағала адамзатқа көптеген ұлы нығметтерді сыйлады (берді). Бұл нығметтердің ішінде ислам нығметінен кейінгі ең ұлысы – тілмен сөйлеу нығметі. Тіл екі қырлы құрал. Егер оны Құран оқу, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтару және жәбірленген кісіге көмектесу сияқты т.б. Аллаға бағыну жолында қолданса, онда ол әрбір мұсылманның дұрыс құлшылық жасағаны, нығметке шүкіршілік еткен болады. Ал, мұсылмандар жамағатын бөлектеу (ажырату), өтірік, ғайбат, өсек, мұсылмандардың намысын таптау сияқты т.б. Алла және Оның елшісі харам еткен нәрселермен шайтанға бағынуда (шайтан жолында) қолданса, онда ол әрбір мұсылманға тыйым салынғанды жасап, нығметке шүкірсіздік еткен болады.Тілде екі үлкен апат бар: 1.Өтірікті сөйлеу апаты. 2.Шындықты сөйлемеу апаты. Шындықты сөйлемеген (айтпаған) адам – мылқау шайтан, Аллаға күнәһар. Ал, өтірікті сөйлеген адам – сөйлеуші шайтан, Аллаға күнәһар. Адамдардың көпшілігі сөйлеу мен сөйлемеуде осы екі түрде адасып жүр. Ал, нағы...
Толығырақ... Оқылды: 421 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 18.07.2019

Ешқашан айтуға болмайтын 9 сөз!

Кейбір кездері ойламаған жерден ұрыс шығаратын сөздерді айтып қаламыз, ғалымдар мұны конфликтоген деп атайды екен. Отбасында және жұмыста бейбітшілік орнатып, тыныш өмір сүру үшін мына сөздерді айтудан аулақ болған жөн екен. 1. «Бұл менің міндетіме кірмейді», «Маған бұл үшін ақша төлемейді». Жұмыс істемеудің ең танымал сылтауы. 99%-да бұл бастығыңыздың жынына тиіп, сіздің жұмысқа деген енжарлығыңызды білдіреді. Сондықтан оның орнына былай жауап беріңіз: «Бүгіндікке жұмыстарым көп. Қайсысын бірінші жасайын?». 2. «Сізбен сөйлесетін уақытым жоқ», «Бос емеспін». Мұндай жауап – тәрбиесіздіктің белгісі. Оның орнына «Кешіріңіз, қазір шұғыл жиналыс болайын деп жатыр, сондықтан асығыс болып тұрмын. Сіздің мәселеңізді кейінірек талқыласақ жөн болар еді» немесе «Бір сағаттан кейін хабарласайықшы: сол уақытта жұмыстарым да бітіп қалар» деп жауап берсеңіз, әдепті болар. 3. «Бәлкім, айтарым орынс...
Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 17.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.