
Сәуірдің 12-і күні аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалығымен ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, бірінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп нормаларын сақталу бағытындағы 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы» Көксу аудан әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибеков, екінші мәселе бойынша «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша денсаулық сақтау саласындағы 2021 жылғы атқарылған жұмыстары және 2022 жылғы І тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы» Көксу аудандық орталық аурухана директоры Асқар Садықов және үшінші мәселе бойынша «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы» Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Қуат Кузбаев баяндама жасап, атқарылған іс-шараларға кеңінен тоқталып өтті.
Меруерт РАХМИШОВА.