Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпір – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жоба. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, өңір тұрғындарының көпжылдық көлік қатынасы мәселесін түбегейлі шешті.
Көпірдің ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да үлкен серпін берді. Бұрынғыдай ұзақ айналма жол жүріп, уақыт пен қаражат жоғалтудың қажеттілігі жоқ. Енді көлік қатынасы үздіксіз әрі қауіпсіз болып, тауар айналымы мен кәсіпкерлік қызмет жандана түсті. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам.
Жобаның жоғары инженерлік стандарттарға сай жүзеге асырылуы – еліміздің инфрақұрылымдық дамудағы жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Бұқтырма көпірі – жай ғана көлік дәлізі емес, ол – қауіпсіздіктің, тиімділіктің және өңірлік дамудың символы.
Осындай ауқымды жобалардың жүзеге асырылуы – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салиқалы саясаттың нәтижесі. Бұл көпір – тек Шығыс Қазақстанның ғана емес, бүкіл еліміздің игілігі үшін салынған маңызды нысан. Көксу аудандық маслихат депутаты Г.А.Асылбекова