ӘЛЕУМЕТ

«Заңға құрмет» – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыратын алаң

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 13.08.2026
Оқылды: 4 Печать страницы

 

Көксу ауданы, Балпық би ауылдық округіндегі «Жанұя» орталығында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында жастар арасында «Заңға құрмет» атты дебат турнирі өтті.

Ауқымды интеллектуалдық іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық нигилизмнің алдын алу және қоғамда заң талаптарын сақтауға негізделген жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар турнир вандализм, әлімжеттік, тұрмыстық құқық бұзушылықтар секілді келеңсіз әрекеттерге «нөлдік төзімділік» қағидатын орнықтыруға бағытталды.

Пікірсайыс барысында жастар заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіп және Әділетті Қазақстанды құрудағы жас буынның рөлі секілді өзекті мәселелерді талқылады. Қатысушылар өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың пікіріне сыни тұрғыдан баға берді.

Дебаттың ерекшелігі – жастардың тек шешендік қабілетін ғана емес, құқықтық мәселелерді жан-жақты саралау, өз ойын жүйелі жеткізу және қоғамдық құндылықтарға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуында.

Іс-шара барысында қатысушылар заңды білу – әр азаматтың міндеті ғана емес, құқықтық әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негізі екенін атап өтті. Заңға құрметпен қарау, өз құқығы мен міндетін білу, өзгенің құқықтарын сыйлау – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі.

«Заңға құрмет» дебат турнирі жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, олардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін күшейтуге өз үлесін қосты. Мұндай тағылымды кездесулер жас буынды заңды құрметтеуге, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстануға тәрбиелейтіні сөзсіз.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.