ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданында мал ұрлығының алдын алу бойынша профилактикалық рейд өтті

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.08.2026
Оқылды: 2 Печать страницы

Көксу ауданында мал ұрлығының алдын алу бойынша профилактикалық рейд өтті

Көксу ауданында мал ұрлығының алдын алу және төрт түліктің сақталуын қамтамасыз ету бағытында кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырылды.

Шараға Көксу аудандық полиция бөлімі, аудандық прокуратура және ветеринариялық инспекция қызметкерлері қатысып, аудан аумағындағы мал базарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында мамандар мал сатушылар мен азаматтарға төрт түлікті тасымалдау және сату кезінде тиісті ветеринариялық құжаттардың болуы міндетті екенін түсіндірді. Сонымен қатар малдың заңды жолмен алынғанын растайтын құжаттарды рәсімдеудің маңыздылығы айтылды.

Профилактикалық әңгімелесу кезінде мал иелеріне төрт түлікті бірдейлендіру, оның ішінде сырғалау және чиптау талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берілді. Сондай-ақ мал қораларын нығайту, жайылым кезінде малды қараусыз қалдырмау және кешкі уақытта қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігі ескертілді.

Құқық қорғау және тиісті мемлекеттік органдар өкілдері мал ұрлығының алдын алуда тұрғындардың қырағылығы мен жауапкершілігінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мал иелері күдікті жағдайларға бейжай қарамай, құқық бұзушылық белгілері байқалған жағдайда полицияға дер кезінде хабарлауға шақырылды.

Мұндай профилактикалық рейдтер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мал ұрлығының алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Көксу ауданында мал ұрлығының алдын алу және тұрғындарға түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.