ӘЛЕУМЕТ

2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасында халыққа медициналық реабилитация мен қалпына келтіру көмегі қалай көрсетіледі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап туберкулезден айыққан адамдар ТМККК шеңберінде, ал МӘМС шеңберінде арнайы мамандандырылған реабилитациялық орталықтарда ересектер мен балаларға медициналық оңалту (2 кезең - аурухана, 3 кезең - амбулатория), амбулаториялық-емханалық мекемелер мен шипажайларда балалар мен мүгедектерге медициналық оңалту көмегі көрсетілетін болады . Төмендегі Заңнамалар негізінде жүзеге асырылады: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. «Қазақстан Республикасы халқына медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 759 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 98 бұйрығы «Оңалту және емдеу, оның ішінде балаларды медициналық оңалту ережелері» (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі Денсаулық сақтау және әлеуметтік...
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019

Алматы облысының жедел жәрдем қызметі GPS жүйесімен қамтылған

Алматы облысының 2005246 тұрғындарына жедел жәрдем станциясының балансында 121 жедел жәрдем тобы күн-түн демей көмек көрсетуде. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап меншігінде 1 ұшақ пен тік ұшағы бар медициналық аваиация жұмыс жасауын бастаған. Бүгінде жедел жәрдем қызметінде 54 дәрігер, 728 фельдшер, 684 жүргізуші жұмыс істейді. « 2018 жылдық 11 қыркүйегінен бастап бірыңғай диспетчерлік қызмет көрсету жобасы қолға алынған. Онда облыстың түкпір-түпірінен келіп түсетін барша қоңыраулар Талдықорған қаласындағы №1 емханада орналасқан диспетчерлік қызметте сақталынып, жазылады. Тәулігіне 1800-2200 түрлі санаттағы хабарламалар келіп түседі», - дейді Алматы облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Қанат Қалдыбаев. Көмек-103 бағдарламасының жүзеге асуына орай көрсеткіштер біршама жақсарған. Атап айтсақ, көрсетілген мекен-жайға бару ұзақтығы 18,9 минуттан 12,5 минутқа қысқарса, ауруханаға жеткізгенше көз жұму жағдайы 2145-тен, 1985-ке төмендеген. Ал, сәтті ранемациялау ке...
Толығырақ... Оқылды: 273 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019

Алматы облысындағы заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы талқыланды

«Jetisu Media» алаңында 2019 жылдың 10 ай қортындысы бойынша Алматы облысындағы заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайы туралы баспасөз-мәслихаты өтті. Жиын барысында құқық қорғау саласының мамандары соңғы 10 айдағы көрсеткіштерге тоқталып, тарқатып айтты. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының статистикалық деректеріне сәйкес құқық бұзушылық фактісі 15,8% төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық Сарқан ауданында 1,2%, Текелі қаласында 2,5% - ға өскен. «Қасақана кісі өлтіру - 30,1% (79 былтырғы жылы 113 қарсы), бұзақылық - 12,2% (490 - 558 қарсы), алаяқтық - 10% (1455 - 1617 қарсы), тонау - 15,5% (355 - 420 қарсы), қорқытып мүлкін алу - 26,5% (24 - 34 қарсы)»,- төмендеген дейді қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Нұрділда Әсімхан. Облыс бойынша ауыр және аса ауыр санаттағы құқық бұзушылықтардың ашылуы 80,5% құраған (был...
Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019

ДАУДЫҢ БАСЫ, ДАЙРАБАЙДЫҢ КӨК СИЫРЫ – ЖОЛДА...

Ауданымыздың кейінгі жылдары экономикасы көтеріліп, халықтың жағдайы жақсарып келеді. Жыл сайын бірнеше жаңа ғимараттар бой көтеріп жатса, бұрынғы ескілері күрделі жөндеуден өтуде. Барлық елді мекендердегі ауызсу мәселесінің шешілетін күні де алыс емес. Газ құбыры да тартылып, қарапайым халықты қуантуда. Ең бастысы жолдарды жөндеуге де қыруар қаржы бөлініп отыр. Аллаға шүкір дейміз! Айтар лажымыз жоқ, бірақ шағымымыз бар... Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе – ол кейбір көшелердегіжол белгілері туралы болмақ. Қоғамның басты байлығы адам. Сондықтан да, әрбір адамның қауіпсіздігіне барынша ден қою ләзім. Бұл жерде біздің айтпағымыз ауылдарды айтпай-ақ, аудан орталығының өзінде осы жол белгілерін ретке келтіре алмауымыз болып отыр. Бұл мәселе тиісті жауапты мамандарға айтылды, бірақ, нәтиже жоқ... Әлемде көліктердің саны жылдан-жылға артып келеді. Көшеде ағылып жатқан темір тұлпарлар өз бетінше бағыт алып кете берсе не болатынын елестетіп көріңізші?! Жол еркелікті және қателікті кеш...
Толығырақ... Оқылды: 784 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019

Іскер әйел-білікті кәсіпкер

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – бұл коммерциялық емес ұйым, оның қызметі елде бизнес жүргізу шарттарын дамытуға бағытталған. Палатаның басты міндеті – шағын орта бизнес құқықтары мен мүдделерін қорғау. Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкер әйелдердің үлесі 50% -дан асады, сонымен қатар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 60% - дан астамын әйелдер басқарады екен. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 28 қараша күні «Атамекен» Іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Алтын Сарай» мейрамханасында аудандық іскер әйелдер форумы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, сондай – ақ әйелдердің экономикалық әлеуетін дамыту. Форумға облыстық Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің хатшысы, кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаева, аудан әкімінің орынбасары Нұрдаулет Кененбаев пен әкімшілік қызметкерлері, сондай-ақ, бизнес ұйымдар мен мемлек...
Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.11.2019

Алматы облысында тұңғыш рет «Жетісу шеберлері» фестивалі өтті

Жетісудың бас шаһарының көгінде әсем әуен әуеледі. Еліміздің түкпір–түкпірінен келген және де көршілес Өзбекстан мемлекетінің жас өнерпаздарының басын қосқан өнер додасы алғаш рет шымылдығын түрді. Облыс орталығында «Жетісу шеберлері» деген атаумен I Республикалық дарынды жасөспірімдер мен балалар арасындағы жеке аспаптарда шебер ойнайтын орындаушылардың фестивалі өтті. Аталған шара Алматы облысы мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Фестиваль жас таланттардың жаңа есімін анықтауды, қазақтың ұлттық өнерін дамытуды, аспаптарда шебер ойнайтын өнер иелерінің ізбасарларын табуды нысанаға алған. Озық елдің қатарына ену үшін өркениет пен экономика деңгейінің жоғары болуымен қатар, мәдениетіміздің озық үлгілерін өзгеге паш етуіміз қажет. Осы орайда, жетісулық өнер иелері өз тарапынан өнердің алтын кенішінің бір парасын елге ұсынбақ ниетте жастарды киелі сахнаның төрінен көрінуге шақырған-ды. Фестивальге ұзын саны 19 өрен қатысты. Өнерлілер...
Толығырақ... Оқылды: 328 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.11.2019

Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Талдықорғанда комикстер фестивалі өтті. Қай заманның балалары болмасын, оларға иллюстрациялық кітаптар қызықты. Сол себепті жоба авторлары ата-бабаларымыздың тарихы туралы жас оқырмандарға жеткізуді көздеп отыр. Бұл іс-шара бірегей және баламасы жоқ. Өйткені, ел бойынша комикстердің жалғыз көрмесі. Фестивальді "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыс басшылығы ұйымдастырып отыр. Мұнда атақты шетелдік иллюстраторлар - Эмре Ердур, Игорь Бараньколар келді. Фестиваль аясында компьютерлік ойындардан жарыс өтіп, оқушылар түрлі-түсті текше жинаудан өзара сайысты. Ал комикс шығарушылар өздерінің туындыларын балаларға тегін ұсынды. Сондай-ақ қонақтар түрлі кейіпкерлермен суретке түсіп, өздері де ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп келді. Шараға тәжірбиесімен бөлісуге шетелдік мамандар келіп, 13 компания өз өнімдерін ұсынды. Енді алдағы уақытта шараны республикалық деңге...
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.11.2019

"Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі көмір отынмен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көмір кен орындарының қоры бойынша АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Украина елдерімен қатар әлемдік көшбасшылардың 10 елінің қатарына кіреді, ал ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдері арасында 3-ші орынды алады. Алайда, осындай көрсеткіштерге қарамастан, жыл сайын Қазақстанда жылыту маусымы басталғанда еліміздің барлық өңірлерінде дүрлікпе мен көмір жетіспеушілігі мәселесі орын алуда. Тұтынушылар тек қара отынның жетіспеушілігімен ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тарапынан ұсынылатын көмірдің сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Осы бағытта, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселені зерделеп, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментімен, Алматы облысы бойынша арнайы мониторингтік тобының мүшелерімен Алматы облысында көмір отынымен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы м...
Толығырақ... Оқылды: 377 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.11.2019

Алматы облысында гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы жиын өтті

«Jetisy media» алаңында «Әйелдер мен қыздарға жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы» республика бойынша бірінші рет халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Біріккен ұлттар ұйымының Гендірлік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы Гендерлік негіздегі зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акция өткізуге білек сыбана кірісті. Іс-шараның алғашқы 3 күні Талдықорған қаласында өтеді. Яғни, облыс орталығында 25,26,27 қараша аралығында жаңа форматтағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізіледі деп жоспарлануда дейді ұйымдастырушылар. Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар қыз-келіншектердің құқығын қорғауды нысанаға алған. «Немолчи.кз» сайтының жетекшісі, Дина Смаилованың айтуынша, өткен жылғы статистикаға көз жүгіртсек 36 адам тұрмыстық зорлық – зомбылық көрсеткені үшін темір торға қамалған. Темірдей тәртіп орнатылып, құрбандарды құтқару жалғасын тапсада, балалардың құқықтарын бұзу жағдайы азайма...
Толығырақ... Оқылды: 321 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.11.2019

«Әлеуметтік желілердегі әкімдер»: Mатрица.kz порталы 2019 жылдың үздіктерін марапаттады

«Матрица.kz» ақпараттық интернет-порталы әрдайым Қазақстан аймақтарында болып жатқан оқиғаларды мұқият қадағалап отырады. Соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдардың және әкімдердің халықпен қарым-қатынасын, жұмысын түсіндіріп, көрсету үшін аймақтардың ақпараттық белсенділігін талдауды жүйелеу туралы шешім қабылдаған болатын. Бір жыл сараптама жүргізіп, үздік нәтиже көрсеткендерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласында марапаттады. Қорытындылай келе, 2019 жылдың «Үздік әкімі» болып Алматы облысының әкімі Амандық Баталов танылды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов болса, үшінші орыннан - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Уразалин көрінді. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Дағдарысқа қарсы әкім» номинациясымен марапатталса, «Белсенді әкім» - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа бұйырды, ал «Тұрақты әкім» номинациясын - Қараға...
Толығырақ... Оқылды: 303 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.11.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.