ӘЛЕУМЕТ
Мекенжай анықтамасын алып тастау бойынша |
| Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасыталапетілмейдіжәнемемлекеттікқызметтерреестріненалыныптасталатынболады. Яғни, ешмемлекеттік орган, мектеп не медициналықмекемеазаматтарданмекенжайанықтамасын 1 қарашаданбастапсұратаалмайды. Оны «Азаматтарғаарналғанүкіметтің» филиалдарынан да, электрондыүкіметпорталынан да алумүмкіндігіболмайды. Қажетболғанжағдайдақазақстандықтартіркеугетұрғанмекенжайларын egov.kz электрондыүкімет порталы мен eGovmobileқосымшасындағыжекекабинетіарқылытексереалады. Мемлекеттікоргандарғакелетінболсақ, оларбұлмәліметтіішкіістерминистрлігініңдеректербазасыменинтеграцияланғанақпараттықжүйелеріарқылыалатынболады. Соныменбірге, азаматтардыңмекенжайтіркеуітуралыақпараттысұратуымүмкінбасқаұйымдар, соныңішіндежекекомпаниялар egov.kz электрондықүкіметпорталындағыүшіншітұлғаларғаанықтамаберугемүмкіндікберетінсервистіпайдаланаалады. Бұл тек азаматбірретақпараталуғарұқсатберетін SMS-кекелісімбергендеғанажүзегеасатын операция. Мұндай SMS алуүшіназамат &... |
| Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.10.2019 |
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алатын болады |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша ҚР Еңбекмині әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде (бұдан әрі – АӘК) көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Таяуда ҚР Еңбекмині тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізуді жоспарлап отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысын... |
| Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.10.2019 |
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА ТҮСКЕН ЖАРНАНЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 214 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ |
| Оның 205,5 млрд теңгесі (95,9%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, ал 8,9 млрд теңге (4,1%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. Алматы облысы бойынша жарна көлемі 10,2 млрд теңгені құрады. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Жеңілдік берілген азаматтар қатарына төмендегі 15 санат кіреді: 1) балалар; 2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 3) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар; 4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар; 5)«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; 6) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысыны... |
| Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.10.2019 |
Алматы облысында «Сапалы жол» және «Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» жобаларын іске асуда |
| Бұл туралы «Jetisy Media» коммуналдық мекемесінд өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы 26 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Парламентаризмді дамыту қорымен бірлесе жүзеге асырған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» бірегей жобасының таныстырылымы өткен болатын. Қазіргі таңда осы жоба Алматы облысында іске қосылды. Сыбайлас жемқорлықты тек азаматтық қоғам институттарын тарта отырып жеңуге болады, өйткені бұл жеңісте азаматтық қоғамның қызығушылығы аса жоғары. Басқарудың төменгі деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлық тек азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының күш-жігерімен ығыстырылуы мүмкін. Интерактивтік карта - қоғамның ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдету, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік билігіне сенім деңгейін арттыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді диалог платформасын құру үшін құрылған ЕурАзЭҚ және ТМД елдері арасынд... |
| Толығырақ... Оқылды: 351 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.10.2019 |
«100 жаңа есімге» кім лайық? |
| «100 жаңа есім» жобасына өтініштер қабылдау басталды. 2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен «Жастар жылы» болып белгіленгендіктен, биылғы жобаға 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту. Үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтында өтінім толтырып және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 1 қазанынан 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Осыған орай, ұйымдастырушылар елорданың мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, бизнес, спорт, қоғам саласында қызмет етіп, Қазақстанды көркейтуге үлес қосып жатқан азаматтарды жобаға қатысуға шақырады. Жобаға қатысу критерилері: 1. 39 жасқа толмаған азамат болуы керек; 2. Нақты бір саладағы жетістіктері болу... |
| Толығырақ... Оқылды: 357 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.10.2019 |
Алматы облысындағы қарттардың жағдайы қандай деңгейде? |
| Алматы облысының «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қыркүйек айында Алматы облысындағы қарт адамдардың жағдайын анықтау үшін онлайн, телефон сауалнама жүргізді. Мемлекетіміздің саясаты халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын: көпбалалы отбасылар, қарт адамдар, зейнеткерлер, әйелдер мен жастарға жағдай жасауға бағытталғаны белгілі. Соның ішінде, әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты етіп қамтамасыз ету, қарт адамдар өмірінің сапасы мен әлеуметтік стандарттарын үнемі жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Сауалнамаға нәтижесінде «Біздің қоғамымызда қарт кісілерге құрметпен қарай ма, әлде сыйламай ма? деген сауалға жауап берген респонденттердің 53% құрап, сенімділіктің жоқтығын білдіргендей «құрметпен шығар» деген жауапты таңдаған. Қазіргі кезде қоғамымызда қарт кісілерге жеткілікті көңіл бөленетіндегіне 44% респонденттер жеткілікті шығар деп күмәнмен жауап берсе, 31% же... |
| Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Күрішті өңір өркендеп келеді |
| Жетісудың ақ маржанын ору қызу жүріп жатыр. Бүгінде астықтың жартысынан жуыға қамбаға құйылған. Бұл туралы «Jetysu Media» коммуналдық мекемесінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Балқаш ауданының әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы мәлімдеді. Әкім жиын барысында ауданның ағымдағы жылдың 9 айы аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, атқарылған жұмыстар жайлы толық баяндады. Облысымыздың басты драйвері – ауылшаруашылығы. Халықтың 80 пайызы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылдарға жағдай жасау – басты міндетіміз болуы керек. - Бүгінде аудан ауыл шаруашылық саласы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, егін шаруашылығы бойынша барлығы 29809 га жерге егіс егіліп, оның ішінде күріш 8861 гектарының 7521 га шабылып, 6473 га бастырылды. 27963 тонна өнім алынған. Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту және сүт өндіру мақсатында 2018 жылы «Динара ранч» ЖШС-і жеке қаражат есебінен 1500 бас «Гол... |
| Толығырақ... Оқылды: 392 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Министр: Көпбалалы отбасыларға микрокредит беру мерзімі ұлғайтылмақ |
| ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Атырау қаласының тұрғындарын қабылдады. Сонымен қатар, Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтты. Қала тұрғындарымен кездесуден кейін Еңбек министрі Атырау қаласының жұмыспен қамту орталығында болды. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен әңгемелесу барысында Біржан Нұрымбетов Президенттің Жолдауында бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін белсенді түрде енгізу қажеттілігі айқын көрсетілгенін, бұл әлеуметтік аспектілерге – бірінші кезекте көпбалалы және табысы аз отбасылар үшін отбасылық бизнес құруға баса назар аударылатынын атап өтті. Сондықтан жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері осы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқ... |
| Толығырақ... Оқылды: 381 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Брифинг өткізілді |
| 2019 жылдың 8 қазан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі от жағу маусымы кезеңі бойынша брифинг өткізді. Аудан аумағында 2019 жылдың 9 айында 27 өрт жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 өрт жағдайы тұрғын секторда орын алған. Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлықты өткізіп тұрады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың меншігін, жеке мүліктерін және өмірін өрттен, улы газдан уланудың алдын алу болып табылады. Айлықты өткізу кезінде Балпық би ауылының №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан 1154 тұрғын үйді аралап, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында 2308 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Аудандық ТЖБ қызметкерлерімен Көксу ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері арқылы 400 дана жаднамалар таратылды. Қазіргі таңда тұрғын секторда адам өліміне әкелетін өрттер көбеюде. Олардың негізгі себептері: пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ереж... |
| Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Фракция отырысы өтті |
| Ағымдағы жылдың 3 қазан күні «Nur Otan» партиясының Көксу аудандық филиалында депутаттық фракция отырысы өтті. Отырысқа облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Ғалиасқар Сарыбаев, аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Алмас Әділ, Көксу аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Күн тәртібінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Жиын барысында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында аудан көлемінде атқарылған бірқатар жұмыстармен таныстырды, - «Ағымдағы жылдың 9 айында Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 57108 қызмет көрсетілді, оның ішінде 50835 немесе 89 пайыз қызмет электронды форматта көрсетілді. 2018 жылы аталған көрсеткіш 75 пайызды құраған болатын. Қазақстан Республикасының Президе... |
| Толығырақ... Оқылды: 421 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
